Алтаева Раушан

Раушан Шу қаласында дүниеге келгенмен, алайда өмірінің көп бөлігін Алматыда өткізген, жастығына қарамастан, жас ана ретінде кәсіпкерлікпен де айналыса білді. Ол өз тарихымен қуана бөлісуді жөн көріп, тағдырдың белгілерін қалай байқау керектігін және өз мүмкіндігін жіберіп алмауды - өзінің өмірінің 36 жылын арнаған істі тапқаны жөнінде әңгімелеп берді.

О себе 

Менің есімім Раушан Сайлауқызы, мен Қазақстанның оңтүстігіндегі Шу қаласының тумасымын. Бұл өмір сүру қарқыны бірқалыпты, салыстырмалы түрде кішкентай қала. Мен 1986 жылы мектепті бітіріп, өзімнің сыныптасыма тұрмысқа шықтым, үлкен қалада сәттіліктерімізді сынап көруді жөн көріп, біз Алматыға көштік. Күйеуім бірден жұмысқа тұрды, ал мен үй шаруасындағы әйелдің рөлін меңгердім, ең бастысы, кішкентай қызыма ана болуды үйренген шығармын бәлкім.

Бірінші жылы Алматыда біздің жолымыз болды, өйткені бізге жас мамандар ретінде шағын ғана пәтер берілді, онда біз алғашқы жылдары тұрдық, ол ескі үйде болса да, біз оны өзіміздің кең сарайдай үй ретінде сезіндік.

Біз өмір сүрген аймақ бізге өте ұнады, айналасында көптеген базарлар мен әртүрлі дүкендер болды, онда әртүрлі заттардың саудасы да қызып жатты. Мен үйде қызыммен бірге отырғандықтан, әр күні таңертең үйдің айналасында серуендеп, көрші дүңгіршектердегі гүлдерге таң қалатынмын. Өте қарт орыс әжей гүл сатты, ол кезде гүлдердің алуан түрлілігі болған жоқ, дәл қазір, атап айтқанда, тек раушан, қалампыр, кейде маусымдық пиондар болды. Бірақ менен гүл бизнесіне қалай келгенімді сұрағанда, мен осы дүкеннің айналасындағы жайбарақат серуендеп жүрген кездерді еске түсіремін.

Бір күні таңертең мен қызымды балабақшаға апарғанымда, сол гүл сататын дүкеннің иесі менен алыста немесе жақында тұратынымды және ақша табуды қалайтынымды сұрады. Әрине, мен таңқалдым, бірақ ол біздің көрші үйде тұратынымызды білгенде, менің пәтерімде шелектер мен гүл ыдыстарын сақтауды өтініп, күніне 2 рубль төлеуге уәде берді. Бұл тағдырдың күтпеген сыйы болды, алғашқы жылдары бізде әрдайым сол жылдардағы сияқты қиындықтар да болмай қалған жоқ, сондықтан менің қалай қуанғанымды елестетіп көрсеңіз. Сол күндері бір нан 24 тиын тұрды, демек мен де ақша жинай аламын. 

Мен қуана келістім, кейінірек оған су тасуға, гүлдерді түсіруге көмектесе бастадым, маған қиын болмады, өйткені оның орнына мен кейде шоколад немесе үйде дайындалған дәмді кондитерлік өнімдер алып, оның өте жылы қамқорлығын сезіндім.

Белгілі болғаны, ол жалғыз тұрып, қала маңынан гүл сатуға келген. Мен оның немересіндей болдым, ол маған «гүл өнерін» үйрете бастады.

Бірде ол менен әдемі гүл сатушы қыз шығатынын айтты, ал мен күлкі ретінде қарадым. Өйткені, ол кезде гүл сататын қазақтар мүлдем болған жоқ. Бірте-бірте мен оған гүлдерді маусымдық уақытта сатуға көмектесе бастадым, сөйтіп біз 4 жыл бірге жұмыс істедік. Қыста денсаулығына байланысты ол базарға шықпады және маған өз орнын берді, содан кейін мен бұл бизнесті іштей біле бастадым. Мен гүл сатып алдым, ассортиментті әртараптандырдым, уақыт өте келе жабық дүңгіршек салдым. Мен оны қолда бар көбікпластпен, картонмен бүркеп жылытып алдым..., Қиын уақыт болды, бірақ қазір бұл туралы жылылықпен еске аласың.

Мен саудамның оңай жүріп жатқанын түсіндім, шығыстарым мен кірістерімді жақсы білдім, ең бастысы - мен мұны күннің кез келген уақытында жасай алатынымды түсіндім, сондықтан мен өз орнымды тапқандай сезіндім.

Мен Алматыда шетелден гүл әкелген алғашқы қазақ қыздарының бірі болдым, оларды тіпті бәсекелестерге де шебер сата алдым. Алдымен біз бір нүктені аштық, содан кейін өзімізге жылыжай салдық, осылайша біртіндеп дамып, тұрақты клиенттерді сенімді және батыл жинай алдық. 

Мен аймақта гүл бизнесін сәтті дамытып келемін


Бизнесті Шу қаласына көшіру       

Біздің бизнестегі ең маңызды және бетбұрыс сәт туған өлкеге көшумен байланысты, көп жылдан кейін бизнестің жақсы дамуына қарамастан, отбасылық жағдайлар бойынша біз Алматыдағы бизнесімізді сатып, қайтадан Шу қаласына көштік. Сол кезде мен әрі қарай не істеу керектігі туралы сұрақ қойдым. Мұндай кішкентай қалада кімге гүл керек. Сол кезде мен қателесіппін! Бұл менің мысалым дәлелдегендей, тек қорқыныш болды, егер әркім өз ісіне сеніп, қажымай жұмыс істесе, өз клиенттерін таба алады. Көшкеннен кейін мен ойланбастан станциядан орын алып, алғашқы гүл шоқтарын сата бастадым. 

Мен Алматыдан гүлдерге арнайы тапсырыс бердім, басында қызықты болды, өйткені клиенттік база әлі шикі болатын, қала бойынша бәсекелестер жеткілікті болды. Алайда қорқынышқа қарамастан, біз бір жыл ішінде жақсы айналымға қол жеткіздік, біз «Gulder» брендингімізді құрдық және 2017 жылы алғашқы гүл дүкенімізді аштық. Маған сәттіліктің сыры неде деп сұрағанда, мен айтамын: барлық мәселе қызмет көрсетуде. Жастар көбінесе бұл оңай бизнес деп санайды, көшіруге тырысады және дүкенін тез ашады, мен оларға тез ақша іздемеуге, көре алмауға және салыстыруға кеңес бергім келеді. Әркімнің өз жолы бар, табанды және қайсар болыңыз, сонда бәрі ойдағыдай болады.


Бизнесті дамыту       

Бірнеше жылдан кейін клиенттер базасын жасап, штаттық қызметкерлеріміз болғандықтан, біз маусымаралық гүлдер өсіруді ұйғардық және газбен жылытылатын 2 жылыжай салдық. Мен жылыжайлардың барлығын өзім күтемін, ботаниканы зерттеймін, ондағы жаңалықтар мені әр кезде қызықтырады. Біз қызғалдақтардың әртүрлі түрін, нарғызгүлдер, гладиолустар, хризантеманың 12 түрін және т.б. өсіреміз. Бірақ бұл мәселеде тәжірибе көп көмектеседі, өйткені мен бұл бизнесте қанша айтқанмен, 35 жыл жүрмін ғой. 

Қазір менің екі дүкенім бар, біз онда тек гүлдер ғана емес, сонымен қатар гүл өсіретін құмыралар, үй өсімдіктерін, жұмсақ ойыншықтар сатамыз, кейде жас мамандармен жұмыс жасаймыз, шоколад пен печенье аламыз, қызықты композициялар жасаймыз. Біздің басты міндетіміз – клиенттің іздеп келген нәрсесін табуы. Біздің сөреде мен өзім сатып алмайтын түстер жоқ. Біз түс комбинациясын, дизайнын және қызметін мұқият қадағалаймыз. 

Клиенттер туралы

Біз өз клиенттерімізді өте жақсы көреміз және бағалаймыз, өйткені қала кішкентай, біз бір отбасы сияқтымыз. Біз барлық оқиғалардан хабардармыз, өйткені олар бізге әртүрлі себептермен келеді. Мысалы, бір жігіт бірнеше жылдар бойы біздің клиентіміз болды, қызына гүл сатып алды және жақында 101 раушан сатып алуға келді, сөйтіп қызына ұсыныс жасады. 

Бұл қызықты оқиғалармен астасып жатқан қуаныш емес пе! Екіншіден, біз әрқашан сапа үшін жұмыс жасаймыз, мен өз тәжірибемнің арқасында гүлдің жаңа, жайнап тұруы үшін, оны қашан және қанша данаға тапсырыс беру керектігін білемін. Біз әр клиентпен доспыз және әрқашан олар үшін пайдалы болуға тырысамыз. Бұл біздің ісіміздегі жетістіктің негізі. 

Өтінім сәтті жіберілді
Сіздің сұрағыңыз сарапшыға жіберілді
Сіздің бизнес карточкаңыз модерацияға жіберілді. Тексеруден кейін поштаңызға хабарлама келеді.
Түсінікті
Ваша карточка бизнеса отправлена на модерацию. После проверки Вы получите уведомление на почту.
Түсінікті
Сіздің өтініміңіз модерацияға жіберілді және модератор тексергеннен кейін белсенді болады. Ол туралы поштаңызға хабарлама келеді
Сіздің өтініміңіз модерацияға жіберілді, модератор тексергеннен кейін деректер жаңартылады. Ол туралы поштаңызға хабарлама келеді
Captcha қателігі. Парақшаны қайта жүктеп, әрекетті қайталап көріңіз