Асия Фарахутдинова

Фарахутдинова Асия 

Гүлдер дүкені мен үй жануарлары дүкенінің 

негізін қалаушы      

  • Қаласы: Тараз
  • Бизнес саласы: сауда және сервис

Бәрі қалай басталды 

Осыдан тура 16 жыл бұрын менің кәсіпкерлік жолым Тараз қаласындағы шағын сөреден басталды. Қазіргі уақытта біздің екі дүкеніміз бар. Біреуі - тұқым, гүлдер мен тыңайтқыштар сату, екіншісі - үй жануарларын сату.

Біз бүкіл отбасымызбен бизнеспен айналысамыз және оны мақтан тұтамыз, өйткені барлық қиындықтарға қарамастан, біз әлі де дамып, бастапқы тұрақтылықты сақтап келеміз. Қалай бастағанымызды қазір елестету қиын, өйткені біз Тараз қаласындағы Көк базардағы сөреден бастадық, ол қазір өкінішке қарай жоқ. Алдымен көшеде саттық, содан кейін бөлмені жалға алдық, осылайша өз жолымызды жалғастырдық. Бүгінгі таңда біз үшінші бағытты дамытудамыз - бұл ұйымдар үшін жасыл желектерді өңдеу, газон отырғызу, жобалар бойынша ландшафтық дизайн және т. б.

Егер бизнестің бірінші жылын еске түсірсек, онда біз әртүрлі тұқымдар саттық, бұл сол кезеңдегі танымал тауарлардың бірі еді. Бұдан әрі біз өнімдерімізді ұлғайта бастадық, саудаға гүлдерге арналған құмыраларды, шаруашылық тауарларын, тыңайтқыштар және т. б. қостық. Біздің кішкентай сөреге сиятындардың бәрін саттық.

Уақыт өте келе бізде тұрақты клиенттер пайда болды, бұл бізді қатты қуантты және ынталандырды. Біраз уақыттан кейін біз жыл сайын ұсынылған тауарларға сұраныстың артып келе жатқанын байқадық және гүлдер мен тұқымдар желісін кеңейте бастадық, қазір бізде қызанақтың көптеген түрлері бар, дәлірек айтсақ, 100-ден астам түрі бар. Сондай-ақ қияр, баялды және бұрыш тұқымдарының үлкен ассортименті бар. Қазір біздің азаматтар дәрілік және ащы шөптерді жақсы көреді, сондықтан біз халықты сапалы тауарлармен уақытында қамтамасыз етуге тырысамыз. Мен үшін, ең алдымен, сүйікті және пайдалы іспен айналысу үлкен рақаттанушылық, сондықтан сұрақ туындағанда, кеңейіп, жануарларға арналған тауарларды сатуды бастағанда, мен бұл істі құлшыныспен қабылдадым. Қазіргі уақытта бизнестің бұл түрі өте дамыған, нарықта жануарларға арналған көптеген өнімдер бар, өйткені қазір көптеген тұрғындар жануарларды пәтерінде ұстайды, олар отбасы мүшелері сияқты. Сондықтан бизнестің бұл бағыты өте сұранысқа ие, біз олар үшін пайдалы азықтан бастап, кереуеттерге дейін көптеген тауарларды сатамыз. 

Сіз өз орныңызды 18, 22, тіпті 44 жаста да таба аласыз. Ең бастысы - қорықпау!

Бәрі қалай басталды

Біз бірте-бірте кеңейе бастадық және жаңа жоспарлар құрдық. Бірақ біз үшін ең маңыздысы - бұл тек сапалы тауарлар мен өнімдерді сату принципін сақтадық. Біз үшін бұл шешімді тақырып - күмәнді тұқымдарды немесе сапасыз құмыраларды алмау, өйткені сатып алушы бізге сенеді. Бізде ұсынылғанның бәрін біз сенімді жерлерде жылдар бойы дәлелденген көздерден аламыз.

Барлық тұқымдар өте сапалы және біз оны мақтан тұтамыз. Өз ісін бастауды жоспарлап жүргендер үшін бір ғана нәрсені айтқым келеді – қорықпаңыз! Қорқыныш адамға кедергі келтіреді, иә, қиындықтар болады, бірақ егер сіз біртіндеп өсуге дайын болсаңыз, сіз жетістікке жетесіз!



Клиенттер

Біздің тұрақты клиенттеріміз - біздің қаланың тұрғындары. Көбінесе біз көп нәрсені жекелей білеміз және бір-бірімізге жақын қарым-қатынас жасаймыз, өйткені біздің бизнесіміздің негізі клиенттермен жақсы қарым-қатынас болып табылады. Сондықтан біз қызметке ерекше назар аударамыз. Клиентті жоғалту оңай, ал қайтару өте қиын. Біз клиент бірдеңеге наразы болған жағдайларды болдырмауға тырысамыз. Егер наразылық әлі де болса - оның негізделгені немесе болмағаны маңызды емес - мұндай сатып алушыға келесі тапсырыс үшін жеңілдік беріледі. Өйткені, бұл болашаққа салынған инвестиция. Сонымен қатар біз қаламыздың түрлі ұйымдарымен тығыз жұмыс істейміз, мысалы, біздің тұрақты сатып алушыларымыздың арасында қалаға танымал «Қазфосфат» ЖШС компаниясы бар. Біз олардың кеңсесін құмыралармен және гүлдермен жабдықтап бердік.         

Сондай-ақ біздің клиенттеріміздің арасында еліміздің түрлі банктері болды, мысалы ВТБ банк, Банк ЦентрКредит. Мен үлкен ұйымдармен жұмыс жасағандағы бір қызықты оқиғаны айтқым келеді. Бір күні бізге банктің ішкі офисінің дизайнына тапсырыс берген кезде, белгілі бір гүлдер мен түстердің безендіруге жарамсыз екенін білгенде таң қалдық, клиенттен көп алаңдамау үшін олардың басшылығымен бәрін: қандай гүлдердің, оның қандай сұрыптарының керектігін және құмыраларды келісуге тура келді. Бұл шағын бизнес иелері ретінде біз үшін үлкен тәжірибе болды. 

Болашағы

Жоғарыда айтып өткенімдей, қазір біз үшінші бағытты - ұйымдарда жасыл желектерді өңдеу, газон отырғызу, жобалар бойынша ландшафтық дизайн және т.б. дамыту үшін осы бағытта мұқият дайындалдық, топырақ пен аумақты, сондай-ақ зиянкестер мен ағаштардан жасыл желектерді өңдеу үшін арнайы құралдар мен тыңайтқыштарды сатып алдық.

Осы маусымда біз «Қазфосфат» компаниясының аумағын өңдеумен айналысамыз, олар бізге осы міндетте сенім білдіріп отыр, сондықтан біз бұдан кейін де біздің клиенттің тұрақты болып қалуы үшін барлық шарттарды жүз пайызға орындауға тырысамыз.

Сондай-ақ болашақта интернет дүкен ашу және жеткізу жүйесін ұйымдастыру жоспарда бар. Қазіргі уақытта біздің дүкендерден тауарларды жеткізу мүлдем тегін екенін атап өткім келеді. Біз 2020 жылы бизнесімізді үйлесімді түрде бейімдеп, сатып алушыларымызға қарай бет алдық. Бір жыл қиын болса да, біз бұл жағдайларға барынша жұмыла кірістік, өйткені, біріншіден, бұл біздің жеке отбасылық бизнесіміз болғандықтан, бей-жай отыра алмадық. 

Екіншіден, біздің тұқымдар мен тыңайтқыштар санаты алғашқы карантин кезеңінде сұранысқа ие болды, өйткені бұл көлемді дала және отырғызу жұмыстары басталған ақпан - наурыз айларында болды. Сондықтан біз жедел түрде жеткізу бойынша, сондай-ақ үй жануарлары дүкендерімен жұмыс істеуге рұқсат алдық. Үй иелері үнемі мал азығына мұқтаж болғандықтан, біз екі жақты байланысты сақтап, өтінім бойынша жұмыс істедік.

Әрине, құжаттамамен қиындықтар болды, біз рұқсатты және т.б. құжаттарды ұзақ ресімдедік. Бірақ нәтижесінде бәрі жақсы болды, біз өзімізді және клиенттерімізді сақтап қалдық, өйткені біздің клиенттеріміз негізінен агро-бизнеспен айналысады, олардың ағаш отырғызып, топырақ дайындағысы келді, өйткені олар қажет еткеннің барлығы үйде болды. Пандемия көптеген бизнес иелері үшін дамуға серпін берді деп санаймын, қажетті өзгерістер біз жоспарлағаннан тезірек пайда болды және біз бұған қуаныштымыз. Біз шағын отбасылық бизнесімізді одан әрі дамытып, кеңейтеміз деп үміттенеміз. 

Өтінім сәтті жіберілді
Сіздің сұрағыңыз сарапшыға жіберілді
Сіздің бизнес карточкаңыз модерацияға жіберілді. Тексеруден кейін поштаңызға хабарлама келеді.
Түсінікті
Ваша карточка бизнеса отправлена на модерацию. После проверки Вы получите уведомление на почту.
Түсінікті
Сіздің өтініміңіз модерацияға жіберілді және модератор тексергеннен кейін белсенді болады. Ол туралы поштаңызға хабарлама келеді
Сіздің өтініміңіз модерацияға жіберілді, модератор тексергеннен кейін деректер жаңартылады. Ол туралы поштаңызға хабарлама келеді
Captcha қателігі. Парақшаны қайта жүктеп, әрекетті қайталап көріңіз