Айгерим Болатова: "Біз сапа мен жақсы энергияны сатамыз"

Айгерим Болатова 2.JPG

Өскемендік бойжеткен бар болғаны тоқуды бастап, астанадан адал клиенттерін таба білді. Оның көптеген жұмыстары – эксклюзивті тауар (СІЛТЕМЕ https://www.instagram.com/aika_bolatovva/). Айгерим Болатова бізге өзінің бизнестегі жүріп өткен жолы жайында ағынан жарылып айтып берді.


Айгерим, сіздің трикотаждан жасалған дүниелеріңіз керемет. Кардигандар, орамалдар,  бас киімдер және басқа да көптеген заттарыңыз бар. Айтыңызшы, үлгілердің барлығы - сіздің идеяларыңыз ба?


2015 жылы тоқуды бастаған кезімде мен интернеттегі дайын жұмысты көріп, оны қайталауды ұйғарым. Ол атақты грузин дизайнерінің қолынан шыққан кардиган болатын. Процесс мені бірден еліктіріп кетті: түнделетіп, жай болып кеткенше тоқитынмын. Өзімді-өзім тоқтата алмадым, өйткені көзіме түскен басқа жұмыстардың суреттеріне қарап, шабыт алдым. Әрине, бастапқыда біреудің идеяларын қайталап, тәжірибе жинадым. Аздаған уақыт өткеннен кейін өз клиенттерімнің идеясын дүние әкеліп, тапсырыспен тоқи бастадым. Бірақ 2018 жылдан бастап менің ойымда туындаған нәрсені тоқып жүрмін. Ол дүние өмірде жоқ деп айтпаймын. Шын мәнінде бәрі бұрыннан ойлап табылған, алайда бастысы – шабыт.


Бұл құлаққа дөрекілеу естілер, алайда менің тоқуға бейімділігім, дарыным бар деп ойлаймын. Өйткені мен өз бетіммен үйренген адаммын және дизайны жағынан өте күрделі кардиган болған алғашқы өнімімді өзім тоқып шықтым. Мен сол уақытқа дейін ешқашан қолыма біз ұстап көрген емеспін, сызбаүлгіні де дайындай алмайтынмын, алайда қай жерінде қосып, қай жерінде азайту керектігін интуитивті түрде сезінетінмін, YouTube-тен тоқыма тоқу жөніндегі бейне сабақтарды көрдім. Нәтижесінде жең ойындысын, жиектелген жеңді тоқып үйреніп алдым (жоғарғы бөлігі дөңгелектенген жең – автордың ескертпесі). Оқып-үйренбеген немесе тәжірибесіз адам үшін бұл оңай емес.


Қалайша хобби бизнеске айналды?


2017 жылы менің Өскеменнен астанаға көшуім жөнінде мәселе туындады. Мен сол кезде-ақ өзімнің әуестенген ісімнен қалай ақша табуға болатындығы туралы шындап ойландым. Өйткені Өскеменде ата-анамның үйінде тұрып келіп, Нұр-Сұлтанға өзім көшпек болатынмын. Ол кезде менде өзім жинақтаған азын-аулақ ақшам болды, ата-анам көмектесті, содан мен өзімнің алғашқы тоқу тоқитын машинамды сатып алдым. Оны үйіме қойып, машинамен тоқуды үйрендім.


Бір жылдан кейін еңбегімді бағалап, жігер берген Динара Сатжанмен танысу бақыты бұйырды. Осыдан кейін менің өнімдеріме деген сұраныс күрт артты. Ол мен жайында өзінің жазылушыларына айтып, олар да менің клиенттеріме айналды. Бұл уақытта мен күндіз-түні үйде жұмыс істедім, алайда өсіп-дамуым керектігін де түсіндім. Осылайша екінші және үшінші машиналарым, ілмелі тігіс машинам (трикотажды біріктіруге арналған жабдық- автордың ескертпесі) пайда болды. Мен жіптерді бастапқы кездегідей жергілікті дүкеннен емес,  өндіруші-зауыттан сатып ала бастадым. Менің тіпті Италиядағы агентім де пайда болды.


Нәтижесінде, мен 2019 жылы үлкен цехтар тоқыма тоқу үшін пайданатын, алғашқы өндірістік жабдығыма қол жеткіздім. Бұл үлкен машинаның салмағы 1200 келі. Осы кезеңде үйден өзімнің жеке цехыма көшіп, қыздар жалдадым. Бүгінгі таңда өзімнің командам бар: тоқушыларым, ілмекті тігістер тігетін адамдарым бар.

Работы Айгерим 3.jpg

Сіз өзіңіз тоқисыз ба, әлде өндірісті толығымен өз командаңызға табыстадыңыз ба?


Мен өзім тоқимын, тігемін, жуамын және сулап үтіктеймін, өйткені мен процесс ішінде болғанды ұнатамын және адам энергияға келеді деген пікірмен толықтай келісемін. Сондықтан әрбір бұйымға өз еңбегімді сіңіріп, жақсы эмоциялар салуға тырысамын. Өзімнің қыздарымды да осыған үйретемін. Біздің айнымас қағидамыз бар, жұмысқа қабырқаңқы көңіл-күймен кіріспейміз, клиенттің жолы жарқын болуы үшін киімге ең жақсы ниеттерімізді салуда позитивтілікке бейімделеміз.


Инстаграмда өз парақшамды жүргізу қандай затқа сұраныс бар екенін көруге, клиенттерімнің тілектері мен ескертулерін ескеріп отыруға мүмкіндік береді. Мен жасап шығарған өнімдердің мәні: өзім үшін емес, ықыласым мен клиентім үшін жасауда.


Сіз клиенттеріңізге нені жеткізбек ниеттесіз? Тек жақсы тілектер ғана ма?


Біз пайдаланылатын шикізаттың сапасына ден қоямыз. Кез-келген дүкеннен, массмаркеттен немесе сәнді брендтердің қатарынын сіз трикотаждан жасалған бұйымдарды сатып ала аласыз. Алайда құрамына қарайтын болсақ, онда өте танымал брендтердің заттары жартылай немесе одан да көп бөлігінде синтетикалық талшықтардан тұрады. Құны 200 мың теңге тұратын, құрамы 100% полиэстер болатын кофточкаларды жиі көріп қалып жатамын. Біздің міндетіміз - иірілген жіпті құрамы жағынан мұқият таңдау. Бұл табиғи меринос жүні, кашемир, мохир, альпака, жібек. Аралас иірілген жіптер де бар, олар: жібек қосылған кашемир немесе жібек қосылған мохер. Менің клиенттерім біздің осы мәселе тұрғысындағы көзқарасымызды біледі және оны бағалайды. Кашемирден жасалған бұйымдарды бір рет киіп көргеннен кейін синтетикаға қол тигізгің де келмей қалады.

Работы Айгерим 5.JPG

Айгерим, сіз өте белсенді бойжеткенсіз, бизнесіңізді дөңгелетіп отырсыз, бұл ретте жүріп-тұруыңыз шектеулі. Күш-қуатты қайдан аласыз?


Өмір осымен аяқталмайды ғой. Ия, өкінішке орай, осылай болды. Алайда мен адам кез келген жағдайда тығырықтан шығар жолды іздеуі керек деп санаймын. Сол кезде: "Мен қазір өз өмірімді жақсартып, өз-өзімді жақсы сезінуім үшін не істей аламын?"-деп ойладым. Содан ендігі мүгедектер арбасына таңылған күйде өз өмірімді қайтадан құра бастадым.


Бастапқыда өз-өзімді осындай күйде қабылдау оңай болған жоқ. Алайда бойымдағы күш-қуатым жоқ жерден пайда болмаған болар.  Туғанымнан жігерлі адам болсам керек деп ойлаймын, апаттан кейін осы бір күш бой көтеріп, басқаларды ынталандырсам деген ниет  пайда болды. Мен күш-қуатты адамдармен араласудан аламын. Табиғатты қатты жақсы көремін. Кей кездері жай ғана кілемшемді, көрпемді алып, саябаққа барамын да, шөптің үстіне жатамын. Мен көп оқимын, бұл да күш береді. Саяхаттағанға, музыкаға және спортқа жаным құмар. Шын мәнінде, спорт қатты сергітеді, тонуста ұстап тұрады, күш-қуат береді.


Мен, ең алдымен, жақын адамдары ойлаймын, олардың жанында өмірін улап, қыңқылдаған адам болғым келмейді. Ия, басымнан осындай жағдай өтті, алайда ата-анамның көңіл-күйін, тағдырын бұзуға менің құқығым жоқ. Егер мен үнемі шағымданып, жылап-сықтай беретін болсам, анам мен әкемнің өмірдің рахатын сезіне алатындығына күмәнім бар. Өзімнің де бақытты болғым келген, келеді де. Осылай болды, менің босаңсуға уақытым да, ниетім де жоқ.



Өтінім сәтті жіберілді
Сіздің сұрағыңыз сарапшыға жіберілді
Сіздің бизнес карточкаңыз модерацияға жіберілді. Тексеруден кейін поштаңызға хабарлама келеді.
Түсінікті
Ваша карточка бизнеса отправлена на модерацию. После проверки Вы получите уведомление на почту.
Түсінікті
Сіздің өтініміңіз модерацияға жіберілді және модератор тексергеннен кейін белсенді болады. Ол туралы поштаңызға хабарлама келеді
Сіздің өтініміңіз модерацияға жіберілді, модератор тексергеннен кейін деректер жаңартылады. Ол туралы поштаңызға хабарлама келеді
Captcha қателігі. Парақшаны қайта жүктеп, әрекетті қайталап көріңіз