Бакыт Калиевна

  • Қала, мекен-жай: Алматы, Федоров к. 21
  • Бизнес саласын таңдаңыз: Сауда, өндіріс, сервис

Осы мақалада бірегей бас киімдердің қалай жасалатынын, қазақстандықтар қандай дизайнды ұнататынын және өндірістік цех қалай жұмыс істейтінін білетін боласыздар.

Elegant эксклюзивті бас киімдер салоны Қазақстан нарығында 1999 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Бұл бизнестің негізін қалаған Бакыт Калиевна Алимбекова және оның цех бойынша әріптестері еді.

Компания әлеуетті құрылымдарға бас киімдер тігуден бастады, жақын уақыттан бері дизайнерлік сыртқы киім тігуге кірісті.
Біз Elegant салонына қонаққа барып, тапсырысты бас киімдердің қалай тігілетінін, компания 2020 жылы қандай қиындықтарды бастан кешіргенін, жақын болашаққа не жоспарлағанын білдік.

Өзім және цехтың ашылуы туралы

Мен өндіріс саласындағы маманмын және бас киімдерді жасауға әрқашан бей-жай қарамайтынмын, өйткені Кеңес Одағы ыдырағанға дейін халыққа бас киімдер тігу және жасау фабрикасында бас инженер болып жұмыс істедім. Біз өз жұмысымды қатты жақсы көрдік, өндіріс жабылады дегенде, өз цехымды ашуға бел будым. Мен өзіме сенімді болғандықтан осындай батыл қадамға бардым. Әріптестерімнің біразы мені қолдады, өйткені олар да сүйікті ісімен айналысқысы келді. Осылайша мен 1999 жылы өзімнің алғашқы ЖШС аштым.

Біз бәрін өзіміз бастадық, 2-3 тігін машинасын сатып алдық, жертөлені жалға алдық, қызметкерлерді жұмысқа алдық, біртіндеп аяғымызға нық тұра бастадық. Егер сен өз ісіңді білсең және жасай алсаң, осы іспен айналысуды жалғастыру маңызды екенін түсіндік, біз тек осылай ғана бар білгенімізді жас ұрпаққа үйрете алар едік.

Цех қалай жұмыс істейді

Біз әртүрлі жастағы ерлер мен әйелдерге, сондай-ақ 6 жастан асқан балаларға тапсырыспен бас киімдер тігеміз. Ерекше дизайн ойлап табамыз және сәннен қалмауға тырысамыз, дегенмен еліміздің әлеуетті құрылымдарына арнап бас киімдер тігу өндірістің маңызды бөлігі болып қала бермек.
2007 жылы біз тендерлерден бас тартып, тек бас киім жасаумен айналысқымыз келді, бірақ сол кезде тапсырыс беру жүйесі қажет екенін түсіндік, себебі бұл бизнесте үнемі ақша табу және инвестициялау маңызды. Сонымен қатар біз бөлшек саудаға арналған өнімдерді тігумен айналысамыз, әрине, қазір бәрі оңай, бір жүйеге келтірілді, бастапқыда көп қиындықтарға тап болып, біраз қателіктер жіберген едік. Өткен 2020 жыл бізге көп нәрсені үйретті, біз команда ішінде жаңа процедураны қалыптастырдық, сату барысымен айналысатын сату бөлімін аштық.

Барлық қиындықтарға қарамастан біз өткен жылы Алматыда 20 бас киім сату нүктесін аштық, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтау қалаларына шықтық. Біздің мақсатымыз – өнімдерімізді Қазақстанның барлық қалаларында сату.
Бұған дейін біз бутиктер ашып, сол жерде өз өнімдерімізді саттық, алайда бұл экономикалық тұрғыдан тиімсіз болды, сол себепті біз сату нүктелерінің иелерімен шартқа отырып, оларға өз өнімдерімізді өткізетін болып шештік. «Fashion» парктерді насихаттау ісіміздің алға басуына көп септігін тигізді. Бұл отандық өндірушілер шығарған дизайнерлік киімдер мен аксессуарлардың көрмесі, ол жерде өз витринамыз бар. Сондай-ақ біз өз өнімдерімізді Ақтау, Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларында өткізіп жатырмыз.

Elegant салоны құрылғаннан бері біз мықты команданы біріктірдік

Команда туралы

Elegant салонының негізі қаланған күннен бастап біз мықты команда құра білдік. Сол кезде кәсіпті бірге бастаған дизайнер – Наталья Богданова, матистка – Людмила Ру, Нина Васильевна, және конструктор Любовь Ефемедьева – өз ісінің шеберлері, олар ішкі жүйені және мәдениетті қалыптастыруға көп үлес қосты. Қызметкерлердің кейбіреуі зейнетке шықса, кейбіреуі басқа қалаға көшіп кетті, ал қалғандары осы істің басы-қасында жүріп, жинақтаған тәжірибесін жас мамандарға үйретіп жүр. Менің ойымша, барлығымыз осы іске адал болғандықтан кәсібіміз отбасылық бизнеске айналды. Мысалы, Нина Васильевна зейнетке шыққанына біраз болса да, арасында цехқа келіп жұмыс істейді, әсіресе, талабы жоғары клиенттер хабарласып, ерекше бас киімге тапсырыс бергенде, біз Нина Васильевнаны шақырамыз, ол клиенттердің кез келген қалауын олардың көңілінен шығатындай етіп орындайды.

Сонымен қатар бізде жас мамандар да бар: модисттер, шебер тігіншілер, кесте тігу және кесу шеберханасының қыздары, сондай-ақ колледждің студенттері практикадан өтуге келеді, біз оларды үйретеміз, бітіргеннен кейін жұмысқа аламыз. Ең бастысы, біз өзіміз жинақтаған білімімізді олармен бөлісеміз, бұл өте маңызды. Әрбір қызметкер белгілі бір тәжірибемен келеді, дегенмен бас киім жасау өнерін біз өзіміз үйретеміз, бас киімді құрылымдау, модельдеу оңай іс емес. Олар өз жұмыстарының нәтижесін көргенде, ерекше шаттанады, себебі біз оларға өмір бойы өздерінде қалатын дағдыны үйретеміз!
Жастар тез ақша табуға ұмытылмай, тұрақтылық пен жасампаздықтың құндылығын түсінсе екен деймін.

Коллекция қалай жасалады?

Біздің өнімдеріміздің шығармашылық бөлігі бізге ерекше ыстық. Компаниямыз құрылған сәттен бастап бізбен ерекше дарынды дизайнер Наталья Богданова жұмыс істеді, қазір ол Ресейге көшіп кетті, дегенмен оның орнын өз ісінің шебері Асель Оразалинова басты. Бас киімдерді жасау кезінде стильді сезіну аса маңызды, біз шабыт алу үшін елімізде және шетелде өткізілетін түрлі көрмелерге қатысуға тырысамыз.
Біз екі рет Мәскеуде және бір рет Новосибирскте болдық. Новосибирск қаласында өнім сапасы мен дизайны үшін алтын медальмен марапаттады. Қуанышымызда шек болмады. Ресейде бұл өндіріс жақсы дамыған, көрмеде бүкіл бірінші қабатты Ресей өндірушілері алып отырды, бұл бас киім тігумен айналысатын 40 астам кәсіпорын, ауқымын байқаған боларсыздар.

Ал Қазақстанда бас киім тігумен тек 2 кәсіпорын айналысады, оның біреуі біздің компания. Бірақ екінші компания әлеуетті құрылымдарға басымдық берген. Сондықтан шығармашылық шабыт алу үшін халықаралық көрмелерге шығып тұруымыз керек, ол жерде маусымның жаңалығымен таныса аламыз, қандай маталар сәнде екенін көре аламыз. Оның тағы бір жағымды тұсы бар, көрмеге барған кезде өз жұмыстарыңа жаңаша, өзгелердің көзімен қарайсың. Мысалы, Мәскеуде көрменің екінші күнінде бір ер адам келіп, біздің бас киімдерге ұзақ қарап тұрды. Ол ерекше дизайнды мақтап, шеберлеріміздің жұмысына оң бағасын берді. Сол сәтте бағалаушының көзімен өнімдеріміздің ерекшелігін және әсемдігін байқап, ерекше сұлулық тудырып жатқанымызды түсіндік.

Болашақ туралы

2 жылдан бері кинокомпаниялармен жұмыс істейміз, басты кейіпкерлерге және қосалқы әртістерге бас киімдер тігеміз. Бізге жаңа нәрсе жасаған, ойлап тапқан ұнайды, әрине, тек стандартты тапсырыстарды тігумен айналысуымызға болар еді, дегенмен шынайы ләззатты тек шығармашылықтан аласың, бұл бізге ұнайды, сол себепті осы іспен қуана айналысамыз.

Сонымен қатар біз жаңа дизайндар жасап, бөлшек саудаға арналған өнімдердің түрін көбейтуді жоспарлап отырмыз.

Халыққа біздің бас киімдер ұнайды – бұл ең бастысы. Біздің дизайнер Әселдің және оның командасының тәжірибесін пайдаланып, әлі ұзақ жылдар бойы әдемі бас киімдер жасай аламыз деген ойдамыз. Болашақта жаңа мамандар тәрбиелеп, командамызды жасартқымыз келеді, олар да өз ісін жан-тәнімен сүйетін мықты маман болып қалыптасу үшін барымызды саламыз.

Қолыңыздан қандай да бір іс келсе – бұл керемет емес пе! Сондықтан өз кәсібін ашқысы келетіндерге айтарым: табандылық пен сенім таланттан гөрі маңыздырақ. Өзіңізге және өз ісіңізге сеніңіз, сонда бәрі ойдағыдай болады!

Өтінім сәтті жіберілді
Сіздің сұрағыңыз сарапшыға жіберілді
Сіздің бизнес карточкаңыз модерацияға жіберілді. Тексеруден кейін поштаңызға хабарлама келеді.
Түсінікті
Ваша карточка бизнеса отправлена на модерацию. После проверки Вы получите уведомление на почту.
Түсінікті
Сіздің өтініміңіз модерацияға жіберілді және модератор тексергеннен кейін белсенді болады. Ол туралы поштаңызға хабарлама келеді
Сіздің өтініміңіз модерацияға жіберілді, модератор тексергеннен кейін деректер жаңартылады. Ол туралы поштаңызға хабарлама келеді
Captcha қателігі. Парақшаны қайта жүктеп, әрекетті қайталап көріңіз