Молдір Калыкова

Тұрақты сұраныстың болуы мен сатудың қайталанушылығы кез келген шағын бизнес табысының кепілі болады. Сондықтан да қазірде көптеген кәсіпкерлер жеке наубайхана ашу жағын ойланады. Мұндай қызығушылық бірден бірнеше фактордан: өндірілетін өнімге жоғары әрі тұрақты сұраныстан, жақсы табыстылықтан және де, әрине өндірілетін өнімнің табиғилығына сұраныстан туындайды.

Мақаламызда Қалықова Мөлдірдің Алматы қаласында табысқа жеткен «Moldir» наубайханасын қалай ашқаны жайлы, оның жетістігінің құпиясы неде екенін, клиенттермен қалай дұрыс қатынаста болуды, сауданың қандай форматына көбірек ден қою керектігін және көптеген мәселелер төңірегінде сөз қозғамақшымыз.

Өзім жайлы

Туған жерім Жаркент қаласы, 43 жастамын. 2 баламды жалғыз өсірдім және Алматыға олардың кішкене күнінде көшіп келдім. Ұлым қазір 23 жаста, менің оң қолым, қолғабысым, ал қызым тұрмыста, тәп-тәтті екі жиенім бар.

Отбасылық бизнесімізге бәрі, тіпті жиендерім де тартылған, олар печенье мен тоқашты ерекше жақсы көріп жейді. Сондықтан да бұл істі ұнатамыз.

Бес жыл бұрын сауда өкілі болып жалдамалы жұмыс істедім. Күндердің күнінде наубайхананың бұрынғы иесі және менің тікелей басшым цехты сатам деді, сол кезде осы істі неге өзім қолға алмасқа деген ой келді.

Мұның қыр-сырын іштен көріп жүрмін әрі көп клиентті танып та қалдым, себебі жұмыс барысында олармен қатынаста болдым, және де бәрінің қолымнан келеріне анық сендім.
Әрине, жинаған қорым жоқ еді, сонда ұлымның ескі көлігін сатпақшы болдық, кредит алдық та, осы жайды сатып алдық.

Бұл сонда Пасха кезіне сай келді, бірақ әлі қызметшілеріміз жоқ еді, туысқандар жан-жақтан көмекке келді, сөйтіп бәрін өзіміз істедік. Күндіз өнімді өзім саттым, ал кешке керек заттарды сатып алуға шығып отырдым.
Сол кезде бізге көмектескен сәттілік пе, әлде құлшынысымыз ба, білмеймін, бірақ сол жылы сауда жақсы жүрді.

Бірінші жылы, әрине, қиындықтар болып тұрды, жабдықтар аз еді, бірақ жұмыс барысында ақша жинадық және бар қажеттіні шетінен алып отырдық.  КМФ арқасында алғашқы қарызды алып, пештер, қоспалағыш, жаймалағыш сатып алғанымыз есімде, осыған қатты қуанып кедік. Содан соң наубайханамыздың атын қойдық, балалар менің атымды берейік деді, қораптардың дизайнын таңдадық және барлық қажет құжатты рәсімдедік.
Жақында бес жыл толады, өзіміз ризамыз әрі бұл істі жақсы көреміз.

Цех қалай жұмыс істейді

Печеньенің 15-тен астам түрін, тоқаштың 3 түрін және бәліштің бірнеше түрін пісіреміз, әр жолы жаңа рецепт ойлап табамыз. Өйткені өндіріс дегеніміз - зертхананың бір түрі.
Шығармашылықты, түрліше безендіруді ұнатамыз, тоқаштың пішінін ойластырып жатамыз. Сондай -ақ өндірісіміздің ең басты ерекшелігі табиғи өнімдерді пайдалану деп санаймыз, әрқашан таза әрі химиясыз өнімді, мысалы, пальма майы жоқ маргарин сатып аламыз, өйткені өнімнің сапасы аса маңызды.

Біз химия қоспаймыз, сондықтан өнімдерді 2 апта ғана сақтауға болады. Барлығы үйдегідей. Егер дәмі өзгерссе, клиенттерімізден айрыламыз, сондықтан бұл біз үшін өте маңызды. Әрине, сауда өкілдері мен дистрибьюторлар келеді, олар өнім ұзақ сақталуы үшін химия қосуды сұрайды, жаппай сатып алуға сөз береді. Бірақ біз ережелерімізді қатаң сақтаймыз. Тек сапалы және жақсы шикізат сатып алып, тиянақты ұмыс істейміз.

Біз үшін клиент әрқашан маңызды

Ішкі жүйе, өнім көлемі және оны өткізу

Өнімнің көлемі мен сатылымын өзім есептеймін. Бұрын сауда өкілі боп жұмыс істегендіктен, барлық клиенттерімді танимын, әр дүкен мен нарыққа қанша қорап қажет екенін алдын ала түсінемін. Сондықтан бәріне жеткізуге үлгеру үшін күніне қанша қоспа жасау керектігін алдын ала білеміз.

Асүйдегі жауапты адам көбіне қамырды өзі ашытады, өйткені командадағы барлық адамдар бірдей мұны істей алмайды, содан кейін әр шебер өзінің белгілі бір міндетімен айналысады. Ең бастысы, бәрі де көңілінен шығатын іспен айналысады.

Команда

Асүйде дипломы бар маман жоқ, барлығы дерлік өз тәжірибесімен үйренді. Бірақ уақыт өте келе олар өз саласының маманына айналды.

Өзімнің басшылық тәжірибемнен кондитер вакансиясына бірнеше рет хабарландыру бердім, бірақ көбіне университет немесе колледж бітіргендер жауап берді, яғни олардың қолынан ештеңе келе қоймайды, ал тәжірибесі бар адамдар көбіне бұрынғы жұмыс берушілерінен дайын рецепттермен келеді. Біздің өз қағидатымыз бар, басқадан көшіргіміз келмейді.

Өйткені біздің нарықтағы бәсекелестік өте үлкен, көбі сенің рецептіңді, формаңды көшіріп алып, клиенттеріңді алып кетуге тырысады. 

Кезінде бір әйел менімен бір жыл бойы жұмыс істеді, содан кейін денсаулығым жарамайды деп кетіп қалды. Бір айдан кейін оның цех ашып, тура мендегі сияқты өнімдерді жасай бастағанын естиміз. Тіпті менің клиенттеріме төмен бағамен ұсынды, бірақ құдайға шүкір, бәрі бізге адал боп қалды.

10-12 қызметкерден тұратын өндіріс ашқаннан гөрі жеке дүкен ашу, бір адамды жалдап алу әлдеқайда оңай. Олардің бәрі әртүрлі, әркімнің өз отбасы бар, денсаулығы да әртүрлі, бір әйел бар, қызымен бірге істейді,

анасы бізге жұмысқа тұрғанда онға кеп қалған еді, үнемі қасынан табылды, уақыт өте келе бәрін өзі үйреніп алды.
Қазір 9 сыныпта оқиды, мектептен кейін анасына толыққанды көмектеседі.

Қазір командамда 12 қыз бар, әрине, тек әйелдерден тұратын ұжымның өз қиыншылығы болады, бірақ біз ешқашан сөзге келген емеспіз, себебі бір отбасындай болып кеттік.
Мынадай бір шағын дәстүріміз бар: таңертең жұмысқа келгенде бірге шай ішеміз, әркімнің қал-жайын сұрасамыз. Бұл үшін ешқашан ұрыспаймын, себебі бұл ара қатынасымызды нығайта түсетіні сөзсіз.  Көпұлтты команда болсақ та, отбасы сияқты, бір бірімізге қамқормыз.
Сондықтан да кейде керек нәрсені қарызға алып жатсам да, еңбекақыны уақытында беруге тырысамын, себебі қазір қиын заман әрі көбі пәтер жалдап тұрады. Оның орнына алғыс аламын, ортақ іске деген адалдық пен жақындықты сезінемін.

Клиенттер

Көбіне адамдар өз ісін өндірісте бастаған оңай деп ойлайды, бірақ олар ең бастысы өнімді сату екенін ұмытып кетеді, бұл жерде клиенттермен жүйелі байланыс орнатқанымыз өте маңызды. Олар бір күнде пайда болмайды. Сондықтан клиенттерді бағалаймыз.   Әу бастан келе жатқан, досым боп кеткен клиенттерім бар және басқалардың кеңесімен келген жаңалары бар.

Олар өте адал және бізден жаңа нәрсе күтеді.
Тіпті мен көбінесе шикізаттың қымбаттауынан өнімнің бағасын 40-50 теңгеге көтерсем де, мен оларға алдын ала қоңырау шалып, есеп айырыса алуы үшін ескертемін.

Сонда олар біз үшін маңызды екенін түсінеді және, әрине, жауап ретінде олар да түсіністікпен қарайды.
Мен әрқашан алдымен солармен кеңесемін, өйткені біздің бүкіл бизнесіміз осы жандарға байланысты.  Карантин кезінде де біз бір-бірімізге түсіністікпен қарадық, өткен жылдың наурыз айында бәрімізді жауып тастағанда, барлық тауарлары дүкенде қалды, әрине, 2 айда бәрі бұзылып кетті. Содан кейін біз оларға бүлінген қораптарды жаңа өнімдерге тегін айырбастадық, және шығынға да ұшырадым, бірақ мәселе ақшада емес, мен көрсете алған қолдауда болды.

Біз үшін клиент әрқашан маңызды.

Болашақ жайлы

Карантин кезінде жағдай қиын болды, көптеген бәсекелестеріміз жабылып, барлық жабдықтарын сатты. Үйлену тойлары, банкеттер болған жоқ, біз тек халық үшін жұмыс істедік. Бірақ осыған төтеп бергенімізге қуаныштымыз және бәрі артта қалды деп үміттенеміз. Қазір басты мақсатымыз - рецепттерді жаңарту, жаңа нәрсе ойлап табу және басқа жақын қалалармен ынтымақтастық орнату.

Сондай-ақ глютенсіз кондитерлік өнімдерді дайындағымыз келеді, қазір бұл үлкен сұранысқа ие.
Мереке, Пасха, Ораза Айт жақындап қалғанына қуаныштымыз, бәрі жақсы болатынына үмітіміз зор!

Өтінім сәтті жіберілді
Сіздің сұрағыңыз сарапшыға жіберілді
Сіздің бизнес карточкаңыз модерацияға жіберілді. Тексеруден кейін поштаңызға хабарлама келеді.
Түсінікті
Ваша карточка бизнеса отправлена на модерацию. После проверки Вы получите уведомление на почту.
Түсінікті
Сіздің өтініміңіз модерацияға жіберілді және модератор тексергеннен кейін белсенді болады. Ол туралы поштаңызға хабарлама келеді
Сіздің өтініміңіз модерацияға жіберілді, модератор тексергеннен кейін деректер жаңартылады. Ол туралы поштаңызға хабарлама келеді
Captcha қателігі. Парақшаны қайта жүктеп, әрекетті қайталап көріңіз