Нурия Мамаджанова және Нуриля Байтукаева: «Біз 15 жастамыз және өз бизнесімізді аштық»

825ba000-2a8f-405a-8281-4740383ad03f.jpg

Осы күні адамдар өз жақындарын қуанту үшін бір ерекше сыйлықтарды таңдап алуға тырысып-бағады. 15 жасар жасөспірім  қыздар, апалы-сіңлілі Нурия мен Нурила да адамдарға өз махаббаттарын дәмді, әрі қайталанбастай көрсетуге мүмкіндік беруді ұйғарып, шоколадқа салынған құлпынайдан тұратын Dipsy.kz (https://www.instagram.com/dipsy.kz/). шоқтарын  жасайтын өз компаниясын ашты. Апалы-сіңлілі қыздарды ынталандырғаны шетелде оқу болды. Нурила Чехияда немесе Германияда білім алып, режиссер болып шығуды қалайды. Нурия болса АҚШ-қа психолог немесе журналист мамандығына оқуға түсуді армандайды. Біз жас кәсіпкерлерден өздеріне тиесілі бизнесті құру тарихы мен осындай қысқа уақыт ішінде жетістікке жетудің құпиясын сұрап, білдік.

 

Өздеріңіз жайында аздап айтып беріңіздерші.


Біздің атымыз - Нурия және Нурила. Біз шетелде білім алуға ақша табу үшін 15 жасында өз бизнесін ашқан апалы-сіңлілі қыздармыз. Бұған дейін ағылшын курстарына барып, әртүрлі спорт түрлерімен шұғылдандық, видео түсіріп, монтаждау жағын оқып-үйрендік. Біз өнерпазбыз және қолмен әдемі дүниелерді жасағанды ұнатамыз, сол себепті шоколадқа салынған құлпынайдан тұратын шоқтарды жасауды ұйғардық. Сондай-ақ, біз іс-шараларды керемет етіп безендіреміз және ерекше фотоаймақтар жасаймыз. Біз 2020 жылдың қыркүйек айынан бері жұмыс істеп жатырмыз және ендігі разылықтарын білдіріп, бақыттарымен бөліскен 500-ден астам клиентіміз бар.

 

Ортақ бизнесті құру идеясы қашан және қалай пайда болды?


Бұл идея өткен жылдың жазында карантин кезінде пайда болды. Біз шетелде білім алуды ылғи армандайтынбыз, алайда мүмкіндігіміз жоқ екенін білетінбіз. Міне дәл сондықтан біз бір орында отырмай, жұмыс істеуіміз керек деп шештік. Немен айналыссақ деп ойлап жүрдік, содан бірде шоколадтағы құлпынай - бізге сай келетін шығармашылық, әрі әдемі іс екенін түсіндік.

258263fb-df76-4387-bed1-d590fd722420.jpg

Бастапқыда қандай қиындықтар болды?


Басында өте көп қиындықтар болды, біз үнемі минусқа кіре беретін едік. Мысалы, біз бір мезетте өте әдемі және сапалы өнімді қалай жасауға болатындығын білмедік. Бизнесімізді іске қосқанға дейін, біз көп санды шоқтарды жасап, жарнама жасап беруі үшін  блогерлерге сыйладық. Сонымен қатар біз бизнесімізді қалай ілгерілету керектігін білмедік. Бұл жағынан бізге үлкен ағамыз көмектесті. Біздің бизнесімізге ол үлкен үлес қосты.

 

Қажетті тауарларды қайдан аласыздар? Бір тапсырысты дайындап шығу үшін қанша уақыт кетеді?


Жаз уақытында жергілікті, таңдап алынған, дәмі тіл үйіретін, тәтті және дәу-дәу құлпынайларды аламыз. Жылдың басқа мезгілдерінде оны Түркиядан тапсырыспен алдыртамыз. Біз бельгия, италья, кей кездері француз шоколадын аламыз. Ең балауса және әдемі гүлдерді сатып аламыз. Безендіру үшін ерекше атрибуттарды таңдаймыз. Бір шоқты дайындауға ең көбі бір сағат кетеді. Мұның бәрі тапсырыс түрі мен көлеміне байланысты болады. Осы сәтте екеуміз жұмыс істейміз. Бірақ қазір уақыт жетпей жатқандықтан көмекші іздеп жатырмыз.

4b9eff28-b935-470c-8498-9987b32e552c.jpg

Бизнесті жүргізу үшін алғашқы білімді қайдан алдыңыздар?


Біз бизнес, маркетинг, таргет және SMM жөніндегі көптеген курстардан өттік. Құлпынаймен, шоколадпен қалай жұмыс істеу керектігін білдік. Өз бизнесімізді жақсарту үшін күнделікті жаңа дүниелерді оқып, көріп, үйреніп отырамыз.

 

Өз өнімдеріңізді қайда және қалай жарнамалайсыздар?


Біз блогерлерге ауыз тигізіп, әлеуметтік желілерде таргеттелген жарнама жасаймыз. Ауыздан-ауызға таралу жағы да жақсы көмектеседі.

 

Ерекше табыс әкелген тапсырысыңыз естеріңізде бар ма?


Мұндай тапсырыстар 14 ақпан және 8 наурыз қарсаңында болды. Сол кезде күніне 40 тапсырыс жасадық, түнделетіп көз ілмедік. Біз бұл салаға алғаш рет қадам жасадық, сондықтан бұл аздап қиындау болды.

 

Жұмыста қандай қызықты немесе қиын сәттер болып жатады?


Біз, әрине, айтарлықтай тәжірибелі емеспіз. Нарықта бір жылға жуық жұмыс істеп жатырмыз. Сондықтан басқалар секілді бізде де өз кемшіліктеріміз бар. Алайда ешкімде күмән немесе наразылық болмауы үшін барлық мәселелерді шешіп алуға барынша тырысамыз. Кей-кейде клиенттермен түсініспеушіліктер болып жатады. Мысалы, егер тапсырысты уақытында жеткізуге үлгермей жатсақ. Мұндай жағдайда кешірім сұрау ретінде шағын сыйлықтар жасауға тырысамыз.

218680611_143646987875558_7075601840252511155_n.jpg

Жасөспірім жастағы бизнес өмірдің басқа салаларына кедергі келтірмейді ме?


Жоқ, мүлдем кедергі келтірмейді. Біз оқуға, серуендеуге және бизнеске кететін уақытты оп-оңай бөлеміз. Біз өзіміз үшін, өміріміз үшін және өз ісіміз үшін жауапкершілікті сезінеміз. Ата-аналарымыз бізді мақтан тұтады, ал бұл жанға жағымды. Олар бізге қатты қолдау көрсетеді. Егер бір нәрсе қолымыздан келмей жатса - олар үнемі жанымыздан табылады. Осындай жас кезімізде өз бетімізбен әрекет ете білгенімізге ата-аналарымыз қуанышты.

 

Өз бизнесін ашуды қалайтын құрдастарыңызға қандай кеңес бере аласыздар?


Егер алғашында қайтарым болмаса, қолды сермеп, ісіңізді тастап кетуге болмайды.  Біздің өзіміз үш ай минусқа жұмыс істедік. Жақында ғана плюске шыға бастадық. Көптеген адамдар мотивация болмаған жағдайда - ештеңе болмайды деп санайды. Олай емес. Егер өзіңіздің ештеңе жасағыңыз келмесе, онда ешқандай мотивация сізге көмектеспейді. Барлығы да сіздің қалауыңызға байланысты.


Сіздердің болашаққа деген жоспарларыңыз бен мақсаттарыңыз қандай?


Біздің жұмысымыз керемет, біз қаржыдан бастап маркетинг пен фуд-флористиканы қоса алғанда көп нәрсені үйрендік. Жеткен жетістіктерімізбен шектеліп қалмақ емеспіз. Өз жоспарларымызды іске асырғымыз келеді, ал ондай жоспарларымыз жетерлік. Осы жылға қойылған басты мақсат - өз нүктемізді ашу. Болашақта ТМД нарығына, одан әрі -халықаралық нарыққа шыққымыз келеді.

Өтінім сәтті жіберілді
Сіздің сұрағыңыз сарапшыға жіберілді
Сіздің бизнес карточкаңыз модерацияға жіберілді. Тексеруден кейін поштаңызға хабарлама келеді.
Түсінікті
Ваша карточка бизнеса отправлена на модерацию. После проверки Вы получите уведомление на почту.
Түсінікті
Сіздің өтініміңіз модерацияға жіберілді және модератор тексергеннен кейін белсенді болады. Ол туралы поштаңызға хабарлама келеді
Сіздің өтініміңіз модерацияға жіберілді, модератор тексергеннен кейін деректер жаңартылады. Ол туралы поштаңызға хабарлама келеді
Captcha қателігі. Парақшаны қайта жүктеп, әрекетті қайталап көріңіз