Оксана Бель: «Мен жай ғана жүрекпен өмір сүремін»

gS6ak76kG0c.jpg

Жұмысқа мерекеге барғандай бару - бұл мүмкін бе? Егер сіздің жұмысыңыз – іс-шаралар мен мерекелерді ұйымдастыру және өткізу болатын болса, әбден мүмкін. Оксана Бель – «Жақсы адамдар» шығармашылық тобының негізін қалаушы, көп балалы ана және бар болғаны әдемі әйел - жиырма жылға жуық уақыттан бері ол өзіне ғана емес, жүздеген адамға да жарқын эмоциялар сыйлайтын іспен айналысуда.


Оксана, сіз неше жылдан бері event-индустрия саласында жұмыс істеп келесіз және неліктен сіздің шығармашылық тобыңыз «Жақсы адамдар» деп аталған?


Мен event-индустрия саласында 19 жылға жуық уақыт жұмыс істеп келемін. Ал «Жақсы адамдарға» келсек, біз өз ісін шын жүректен жақсы көретіндер, жыл өткен сайын  әр оқиғаға ең жақсысын салып жүргендер қатарынанбыз. Менімен бірге жұмыс істейтін жігіттер – ерекше жандар, әркім өз жұмысын ерекше жақсы атқарады. Біздің командамызда жұмысына ебедейсіз қарайтындар жоқ. Мұндай адамдар біздің қатарымыздан табыла алмайды.


Сіз тек корпоративті клиенттермен жұмыс істейсіз бе?


Жоқ, мен тек корпоративті клиенттермен жұмыс істемеймін, дегенмен соңғы жеті жыл ішінде бұл біздің жетекші бағыттарымыздың біріне айналды. Сөз арасында, талғамы жоғары компаниялар үшін сапалы, толыққанды мерекелерді жасау әрбір ұйымдастырушының қолынан келе бермейді. Мысалы, тек мереке жасап қана қоймай, сонымен қатар ұжымды біріктіру және ынталандыру бойынша корпоративтік міндеттерді шешу керек. Бұл біздің қолымыздан келеді.


Егер менің жеке өзімнің басымдылықтарым жайында айтатын болсақ – мен жеке іс-шараларды: мерейтойларды, үйлену тойларын ұйымдастырғанды өте жақсы көремін, өйткені оларда корпоративтік кештерде жасай алмайтын нәрселеріңді толық көлемде іске асыруыңа болады. Мысалы, ерекше бір, жанға жайлы, әсерлі және рухани атмосфераны қалыптастыру. Осыны шындап жасау! Келген әрбір қонақ оқиғаның маңыздылығын сезініп, оған өзінің қатысатындығын түсіне білетіндей етіп жасау. Дүниеге отбасының келуі - бұл сиқыр! Сәбидің туылуы - нағыз ғажайып! Күйбең тіршілікті бұл өмірде осы бір сәттің әсемділігі мен қайталанбайтындығын сезініп те үлгермейді адамдар.  Жүрегінің ашылуына мүмкіндік қалдырмайды.


Іс-шараның бюджетіне қарамастан, біз оны әрдайым ерекше, сәнді етуге тырысамыз. Өйткені бір үйлену тойының екіншісіне ұқсап қалуын,  корпоративті кештің дағдылы іс-шара болуын қаламаймын. Міне, дәл сондықтан біздің топ шығармашыл деп аталады. Біз әрдайым жаңа тақырыптар ойлап табамыз, костюмдер тігеміз, ауқымды декорациялар жасаймыз, барынша көп қонақты тартуға болатын жарқын нөмірлер дайындаймыз.


Жаңа клиенттерді қалай табасыз?


Мен ендігі көп жылдан бері жарнама бермеймін, менің жұмыс сайтым да, инстаграмды ілгерілетіп отырған арнайы адамдарым да жоқ. Міне, осындай заманға сай келмеушілігім бар. Бір жыл ішінде өткізілген іс-шаралар санын талдай келе, мен әр жолы клиенттерімнің негізінен ұсыныс бойынша келетінін түсінемін. Біздің компаниямыздың қызметіне бір рет жүгінген адам қайта қайтып келеді, біз клиенттерімізбен көп жылдан бері жұмыс істеп келеміз. Мысалы, «ТрансКом» көлік тобы, Coca-Cola, Danone компаниялары және басқалары жыл өткен сайын бізге презентациялар, гала-кешкі ас, компания күнін, кәсіби мерекелерін, тимбилдинг немесе Жаңа жылдық мерекелерін өткізу туралы ұсыныстарымен келіп жатады. Бұл адамдардың бізге сенім артатынын білдіреді. Көп жылдық ынтымақтастық - үлкен жауапкершілік екені сөзсіз. Өз кәсібилігіңді шыңдауыңа тура келеді – бұл дамуға деген беталысты ынталандырады.


Жеке іс-шараларға келетін болсақ, бұл отбасында өзіңнің алдымен үйлену тойын, содан кейін әкесінің мерейтойын, одан әрі баланың бір жасар тойын, содан соң тағы біреуінің бір жасын өткізгеніңді түсіну қызықты. Сөйтіп сен сол отбасының мүшесіне айналасың, өйткені оның барлық ұрпағын білесің, оларға туғаныңа келгендей келесің.  Мен қандай да бір іс-шараны өткізуге өзім шыққанымда, оны ерекше шырайлы етіп және жаныммен істеймін. Егер мен жайында жүргізуші ретінде айтатын болсақ, онда жанға жылы, рухани мерекелерді өткізу – бұл менің міндетім.


Бәсекелестікке қалай төтеп бересіз?


Бәсекелестік жайында ешқашан ойланған емеспін. Бұл ұғымды өз бойыма дарытып көрмеппін. Бар болғаны өз жұмысымды барынша жақсы істеуге тырысамын. Мен осы салада жұмыс істеп жүрген және мені танитын адамдармен жақсы серіктестіктемін. Менің істей алатынымды олар істей алмайды, олардың істей алатынын мен істей алмаймын, мен біреудікін көшіріп, өз жұмысымда пайдаланбаймын.  Олардың кез келгені маған өтініш жасап келе алады, мен әрқашан контактілермен бөлісемін, кеңес беремін, мен ақпарат сатып, содан ақша таппаймын, өйткені мен адамға шынымен қажет екенін түсінемін. Мен кез келген кәсіби мәселелерді шешуде парасатты және ашық адаммын.


Алайда маған ұнамайтын ұсыныстар да бар. Мысалы, маған балаларға арналған мерекелерді ұйымдастырған ұнамайды. Маған осындай өтінішпен келген кезде, мен тапсырысты өзімнің серіктестеріме – өз отбасымда өткізілетін балалар мерекелерін сеніп тапсыратын, олардың жұмысына өзім сенімді болатын адамдарға жіберемін. Ия, бұл адамдар қандай да бір дәрежеде менің бәсекелестерім, бірақ олар мұндай іс-шараны мен жанымды салмастан жасаған шарадан әлдеқайда жақсы етеді. Мен өзім үшін расымен де қызықты болатын және өзім кереметтей етіп жасай алатын нәрсені ғана жасаймын.

R-TT-ifmXqc.jpg

Жұмыстағы ең қызықты сәт қандай?


Жобаны бірнеше ай бойы дайындап, бүге-шүгесіне дейін ой елегінен өткізгеннен кейін іс-шараға санаулы минуттар қалған кезде ішіңде үміттену, күту, алаңдаушылық, аздаған мазасыздық күйлері араласып кеткен сондай бір әдеттен тыс сезім пайда болған кез. Осы бір сезім толқыны жетекші сахнаға шығып: «Қайырлы кеш, қымбатты достар!»-деген кезде аяқталады. Болды, іс-шара басталып, бәрі де сценарий бойынша кетті. Алайда бірнеше минуттық осы үміт – сезімдер тұрғысындағы ең бір ерекше сәт болса керек. Өз- өзіме: «Оксана, сен мұны жүздеген рет жасадың! Неге сонша қобалжисың? Сен барлығы да керемет болатынын білесің ғой!»- деймін. Бірақ әрбір іс-шара сайын эмоциялар басым болып тұрады. Демек, жүрегім қаталданып кетпеген! Демек, әлі де таң қалып, сезімтал бола аламын. Басқаша болғанын қаламаймын! Менің жұмысымда басқаша болуға болмайды!


Неден шабыт аласыз?


Келесі күні керемет ұйымдастырылып, өткізілген іс-шара үшін алғысын білдіріп жатқан, болашақта бізбен жұмыс істегісі келетін клиенттерден кері байланыс алған кез қатты шабыттандырады.


Жүргізуші үшін қандай күйде шығатының, қандай серпіліспен жұмыс жасайтының, сенен қандай энергия таралатыны маңызды деп санаймын. Егер мен ресурстың жоқ екенін түсінсем (бұл екі күн, екі апта, алты ай болуы мүмкін – өмірде осындай кезеңдер болады),  жай ғана «тоқта» деймін, өзіме тоқтауға мүмкіндік беремін, толықсып, жұмыс істеуге, адамдармен қарым-қатынасқа деген аштықты сезінемін.


Мен әріптестерімнің лентасынан шоуға арналған жаңа, қандай да қызықты дүниені әкелгенін көргенде қатты шабыттанамын. Мен олардың көрсететін, ұсынатын дүниесі болатындығына қуанамын. Негізінен шабытты адамдардан аламын. Келген кезде олардың жанарында тұнған: «Оксана, біз іс-шараны осы сенбіде өткізбекпіз, сіз жасай аласыз ғой? Қолымыздан келеді ғой?» –деген үмітті көресің. Әрине, қолымыздан келеді! Мұндай сенім деңгейі қатты шабыттандырады, сенің командаңды да, өзіңді де, ұжымды да ұятқа қалдыруға құқығың жоқ екенін түсінесің.


Event-индустрия үшін оңайға соқпайтын карантин кезеңі мен түрлі аймақтарда болу. Оны қалай еңсересіздер?


Карантин - бұл қайта жүктеу уақыты мен мүмкіндіктер уақыты. Біз карантинді қалай еңсердік? Біріншіден, мен мұны бір сәтке тоқтап, қайда бара жатқанымды, әрі қарай қалай өмір сүргім келетінін ойлау мүмкіндігі ретінде қабылдадым. Екіншіден, мен адамдардың әлеуметті болғандығы соншалықты шектеулер мен карантинге қарамастан, қарым-қатынасты, мерекені, көңіл-күйді қалап тұратындығын түсіндім, мен ойланып, ішкі ресурсты шығара бастадым.


Карантин кезінде біз онлайн режимге көштік, бұған дейін соңғы үш жылдан бері Мәскеу франшизасында жұмыс істедік, Brainboy зияткерлік ойындарын өткіздік. Командамыздың осы жобасы өте сәтті болып шықты да, карантин кезінде біз бұл ойынды онлайн-форматтағы тимбилдинг нұсқасы ретінде бейімдедік. Мұны жарқын, керемет, қызықты, дәмді жобаға айналдырдық, әрбір сұранысқа, әр компанияға келетін ойын жаздық. Осылайша, адамдарға қарым-қатынас орнатып, рахаттануға, дамуға мүмкіндік бердік. Онлайн іс-шаралар сол қиын уақытта үлкен көмек болды. Жалпы алғанда, ол уақытты пайдалана алғанымызша пайдаландық. Бізге мүлдем жұмыс істетпей қойған кезде, қыдырып, тауға және саңырауқұлақтар теруге бардық, көбірек уақытымызды балалармен өткіздік. Ешқайда асықпайтын, қалыпты өмірден рахат алдық.


Менің отбасым қаладан тыс жерде тұрады, содан қатаң карантин кезінде блок-бекеттің арғы жағында қалдық. Мен өзім жақсы көретін салада толыққанды жұмыс істей алмаған кезімде, біз үй фермасын ұйымдастырдық та, ынта-жігері мен қызығушылығы бар шығармашылық саласындағы адам ретінде, жеңіміз бен балақтарымызды түріп алып,  өзіміз үшін ерекше бағытқа кірдік.


Ферманың жайы өте қызықты оқиға. Оксананың қымбат көйлек киіп, сәнді күйде сахнада жүрген әдемі әйел екенін білетін адамдар: «Оксана, мен сені қызанақпен, сені жаныңда жүрген абердин-ангус бұқаларымен елестете алмаймын» немесе «Қалай? Сізде 70 қозы бар ма, сіз бройлерлер өсіресіз бе, сізде осындай үлкен бақ бар ма?»- деп шындап таң қалысып жатты. Адамдардың сені бір нәрсені екіншісімен:  кәсіби жүргізушілік пен бұқаларды үйлестіре алады деп ойламайтыны қызықты. Алайда, мен дарынды, шығармашыл, әлемге ашық адам көп нәрсені жасай алады және «Фу, бұл менікі емес, біз жақсы күндерді, қымбат банкеттерді күтеміз» - деп айтпайды деп санаймын. Жалпы алғанда, бұл отбасы үшін бас біріктіретін маңызды уақыт болды.


Сіздің төрт балаңыз бар, жұмыс пен олардың тәрбиесін қалай қатар алып жүресіз?


Ия, шынында да, төрт балам бар. Үлкені - 19, кішісі  2 жаста. Мен жұмыс пен балаларды бөліп-жарып қарамаймын. Мен үшін «менің өмірім» деген ұғым бар. Менің жұмысым - өмірімнің бір бөлшегі. Дәлірек айтсам, жұмыс, менің балаларым, менің отбасым – бұл менің өмір сүріп жатқан уақытымның бір бөлігі. Менің отбасым - менің кішкентай ғана армиям. Мен қандай да бір жобаны немесе іс-шараны дайындап жатқанда, бәрі топтасқан күйде, зер салып, бір-бірін іліп әкететіндей болады.  Мен телефонмен еркін сөйлесіп алуым, сол сәтте бала есіктен айқайлап тұрмас үшін жағдай жасайды. Бір сөзбен айтқанда, бәрі барлығын түсінеді. Менің балаларым - бұл менің жұмысым мен өмірімнің бір бөлігі, өйткені мен бәрінде де кесар отасынан кейін бірден жұмысқа шықтым. Анам немесе күйеуім менімен бірге жұмысқа келіп, мен іс-шараны жүргізіп жатқан кезімде, әкімшінің бөлмесінде немесе макияж бөлмесінде баланы қарап отыратын еді. Үзілістерде мен жүгіріп келіп, тамақтандырып, қайтадан сахнаға шығып кететінмін. Менің әріптестерім, отбасым, туыстарым менің баланы үзіліс кезінде туатынымды айтып күледі. Осындай құраммен жұмысқа келу мен үшін қалыпты жағдай.


Менің балаларым керемет, олар әр түрлі. Үлкен ұлым Қытайда білім алып жатыр, қазір екінші оқу жылын онлайн режимінде оқуда. Екінші ұлым IT-технологияға құмар, кодингпен айналысады, нақты ғылымдарға бейім. Қызым Маша сурет салады, билейді, сондай шығармашыл қыз, ол қазірдің өзінде аздап көмектесіп жатады. Ал, өзін шыр айналдыртып қоятын кенже ұлым Ғаламның ортасы болуға тырысып-бағады, мен жұмысқа кеткенімде қатты жабырқап қалады. Балаларым іс-шараларға менімен бірге жиі барады. Олар менің жұмысымды әлемдегі ең керемет жұмыс деп санайды.


Балалық шағыңызда мінсіз отбасы жайында армандадыңыз ба? Қиялдар шындыққа сай келді ме?


Мен мінсіз отбасына ұмтылған емеспін, оған ешқашан ұмтылмаймын да. Мен мінсіз отбасы бар дегенге сенбеймін, жанды, өмір сүретін, дамып-өсіп жатқан отбасына сенемін. Отбасы - бұл сізді түсінетін, қабылдайтын, жетістіктеріңіз бен проблемаларыңызды бөлісуге дайын, кібіртіктеп тұрып қалмай, баратын жеріңе сенімен бірге жүретін күш орны. Отбасы - бәрі бір-бірін шабыттандыратын, бір-бірін қолдайтын орын. Иә, кей-кейде ұрсысады, алайда менің отбасым – бұл әрбір адам дұрыс деп тапқанын айта алатын, сөйлесіп, бәрін шешіп алатын және одан әрі жүретін орын.


Мен бар болғаны жүрекпен өмір сүремін, қалаған жеріме барамын. Жасап жатқан дүнием маған ұнамай қалса, мен оны тоқтатамын. Мен өзімді жақсы сезінетін жерлерді іздеймін, жаныма жақын адамдарды іздеймін. Менің балаларым менің жанды екенімді және менің эмоцияларым мен күйлерім әртүрлі екенін көреді. Өмірдегі қиындықтардан қашып құтылу мүмкін емес, сондықтан олармен күрескен маңызды. Қиын-қыстау жағдайда ең бастысы - жату, мұңға батып алу, содан кейін орныңнан қайта тұрып, әрі қарай жүру. Жүрген адам ғана жолды еңсереді!

Өтінім сәтті жіберілді
Сіздің сұрағыңыз сарапшыға жіберілді
Сіздің бизнес карточкаңыз модерацияға жіберілді. Тексеруден кейін поштаңызға хабарлама келеді.
Түсінікті
Ваша карточка бизнеса отправлена на модерацию. После проверки Вы получите уведомление на почту.
Түсінікті
Сіздің өтініміңіз модерацияға жіберілді және модератор тексергеннен кейін белсенді болады. Ол туралы поштаңызға хабарлама келеді
Сіздің өтініміңіз модерацияға жіберілді, модератор тексергеннен кейін деректер жаңартылады. Ол туралы поштаңызға хабарлама келеді
Captcha қателігі. Парақшаны қайта жүктеп, әрекетті қайталап көріңіз