Виртуалдық ассистент бойынша бизнес құру

Стефани бизнесін виртуалдық ассистент қызметтері бойынша іске қосты, себебі декреттік демалыста болған кезінде қосымша табыс тапқысы келді. Қазір «неліктен?» деген сұрақ қозғау болып отыр, бұл сұрақ оның өзі мен отбасына ғана емес, күллі әлемдегі кәсіпкер әйелдерге де әсер етуде. Стефани басқа әйелдердің гүлденген бизнес немесе бақытты отбасы арасында таңдау жасау қажет емес екенін сезінуге көмектескісі келеді. Стефани сияқты, олар екеуіне де қол жеткізе алады.


Бұған қалай қол жеткізгені туралы мына жерден оқыңыз.


БИЗНЕСТІ БАСТАУҒА ТҮРТКІ БОЛҒАН ЖӘНЕ ШАБЫТ БЕРГЕН НЕ?


Мен бизнесімді 5 жыл бұрын, екінші қызыма жүкті кезімде, декреттік демалыста болғанда кіріске зәру болғанда бастадым. Ол кезде бұл жұмыстан бос уақытта, қызыммен үйде қалғанда ала алмаған кірістің орнын өтеу үшін әуестік ретінде басталды.


БИЗНЕСІҢІЗ ЖАЙЛЫ АЙТЫП БЕРСЕҢІЗ


Жұмыс істеп жүрген және отбасына бағдарланған кәсіпкерлердің өкілеттікті табыстау және автоматтандыру процестерін олар үшін жеңілдете отырып, әкімшілік жүйелер орнатуға көмектесемін – осылайша оларда үздіксіз өсу үшін кеңістік пайда болады, сонымен бірге отбасына және өзіне қамқорлық жасауға уақыт қалады.


БИЗНЕСІҢІЗДІ БАПТАУ ҮШІН БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ ҚАНДАЙ ШАРАЛАР ҚОЛДАНДЫҢЫЗ?


Жоғарыда айтып кеткенімдей, жүкті едім және қандай да бір іспен айналысқым келді, сондықтан бастапқыда менің ісім клиенттер үшін қызмет көрсету ғана болды. Алғашқы қадамдар – бизнесті тіркеу және клиенттерге қызмет көрсету бойынша тренингтен өту. Әдеттегі жұмысыма оралған кезде ғана бизнесімнің іске қосылғанын қалайтынымды түсіндім. Осылайша нақты нені ұсына алатынымды (құзыреттерімді ескере отырып) және маған пайдалы және пайда әкелетін нәрсені іздей бастадым. «Виртуалды ассистент» термині туралы естігеннен кейін тиісті салада ақпарат табу үшін көптеген материалдарды зерттедім. Содан кейін виртуалды ассистент қызметтерін ұсына бастадым және бұл қызмет біртіндеп жеке консалтингтік фирмама айналды. Бұдан былай виртуалды көмекшінің қызметтерін ұсынбаймын, бірақ басқа кәсіпкерлерге өз бизнесіне сәйкес келетін виртуалды ассистенттер табуға көмектесемін.


ІСІҢІЗ ТУРАЛЫ ХАБАРДАРЛЫҚТЫ АРТТЫРУ МЕН ЖАҢА КЛИЕНТТЕРДІ ТАРТУДЫҢ ҚАНДАЙ ТӘСІЛІ ЕҢ ТИІМДІ БОЛДЫ?


Менің хабардарлықты арттырудағы ең тиімді әдісім – іс-шараларға қатысу. Өзім туралы айту үшін аптасына кемінде 2 арнайы таңдалған нетворкинг-ланчқа / семинарға қатысып отырдым. Әлі күнге дейін айына кемінде 3 іс-шараға қатысамын, бірақ қазір онлайн-маркетинг әлеміне көбірек енуге назар аударамын.


БИЗНЕСІҢІЗБЕН ЖҰМЫС КЕЗІНДЕ СІЗ ҮШІН ҚАНДАЙ МӘСЕЛЕЛЕР ЕҢ КӨЛЕМДІ БОЛДЫ?


Өзімді сату жөніндегі сарапшы деп есептемеймін, сондықтан да мен үшін басқалардың тауарымды сатып алуын сұрау ең үлкен қиындық болды. Жолым болды – мені басқаға ұсынғандар көп болды, бірақ әлі сатудағы қабілеттерімді жақсарту жағында жұмыс істеп жатырмын.


БҰЛ ҚИЫНДЫҚТАРДЫ ҚАЛАЙ ЖЕҢІП ШЫҚТЫҢЫЗ?


Бұған толықтай назар бұрғанда (тіпті қорқынышты болғанда да), және де тоқтай тұру керектігін айтып жатқан басымдағы дыбысты естіместен, адам жеке шешімін қабылдайды. Күніне кемінде бір рет қызметтерімді сатып алуды сұраймын және осының бәрі қиындықпен келсе де (күндердің күнінде мұны қиындықсыз істей бастаймын деп ойламаймын), күн өткен сайын оңайырақ істеледі.


ЖЕКЕ БИЗНЕСТІ ЖҮРГІЗУДЕ НЕ ҰНАЙДЫ?


Осы жағдайда жұмыс істеу үшін өз бойымда бар икемділік ұнайды. Кейде түнгі сағат 2-де күш келгенін сеземін – сонда тұрамын да, жұмыс істей бастаймын, бірақ күндіз сағат 2-де шаршап қалсам, тоқтауым мүмкін. Отбасым үшін кешкі ас әзірлегенді және қыздарым мектептен қайтқанда қасында болғанды да ұнатамын.


БАСҚА КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚАНДАЙ КЕҢЕСТЕР БЕРЕР ЕДІҢІЗ?


Менің айтарым – «Бизнесіңіз үшін берік іргетас қалаңыз. Маркетингте, клиенттерге қызмет көрсету кезінде және т.б. өзіңізді қалай көрсетесіз, жоспар жасаңыз. Автоматтандыруға болатынның бәрін автоматтандыру үшін жүйелер құрыңыз. Қажетті, бірақ ақша әкелмейтін тапсырмаларды тапсырыңыз және пайда әкелетін міндеттерге назар аударыңыз. Осылайша отбасыңызды құрбандыққа шалмай және/немесе аузыңыз күймей, пайдалы (және өсіп келе жатқан) бизнесті қолдай аласыз».


ҚИЫН УАҚЫТТА МОТИВАЦИЯНЫ ҚАЛАЙ САҚТАЙСЫЗ?


Қиын уақытта бір сәтке мұңаюға жол беремін. Мен адаммын, және де арасында жабығам немесе жеңілгендей сезімде болам – бұл қалыпты нәрсе. Бастысы – қайтадан бас көтеру және алға жүру. Мендегі «НЕЛІКТЕН?» мен және менің отбасым үшін ғана емес, басқа да кәсіпкер әйелдер үшін де маңызды екенін есіме саламын. Мендегі «неліктен?» - кәсіпкерлерге гүлденген бизнесті де, бақытты отбасын да алып жүруге болатыны еске салу. Мұның ақша не бақыт болуы міндетті емес, және де бұл түрткі алға жылжуға күш береді.


Мари Форлео: 

«Бәрінің де басын ашуға болады»


БИЗНЕСТЕ ӨЗ ПӘЛСАПАҢЫЗ БАР МА?


•   Үлкен мәселеге кезіккенде, үнемі батқан күннің қайта шығатынын есіме саламын.

•   Менің ең үлкен қорқынышым – отбасыммен бірге болмау және өмірімнің әрбір секундынан ләззат алмау.

•   Мен жасаған ең батыл қадам – бизнесті бастау және басқа біреуге жұмыс істеудің берген қауіпсіздіктен (қиялдан) бас тарту.

•   Егер 20 жастағы уақытыма қай орала алсам, өзіме - ештеңеден қорықпа дер едім.

•   Құдай дәл қазір бағыттап тұрғанына сенемін.

•   Өмірімде меңгерген ең үлкен сабағым – сәтсіздіктер оқытады, сәтсіздіктен қорқатын себеп жоқ.

•   Менің сүйікті бизнес-құралым немесе ресурсым? Олар жетіп артылады. Бірақ біреуін ғана таңдау қажет болса, Google Docs болсын.

•   Менің сүйікті цитатам: «Бәрінің де басын ашуға болады» (Мари Форлео)


Дереккөзге сілтеме:

https://femaleentrepreneurassociation.com/2014/05/building-a-virtual-assistant-business/

Өтінім сәтті жіберілді
Сіздің сұрағыңыз сарапшыға жіберілді
Сіздің бизнес карточкаңыз модерацияға жіберілді. Тексеруден кейін поштаңызға хабарлама келеді.
Түсінікті
Ваша карточка бизнеса отправлена на модерацию. После проверки Вы получите уведомление на почту.
Түсінікті
Сіздің өтініміңіз модерацияға жіберілді және модератор тексергеннен кейін белсенді болады. Ол туралы поштаңызға хабарлама келеді
Сіздің өтініміңіз модерацияға жіберілді, модератор тексергеннен кейін деректер жаңартылады. Ол туралы поштаңызға хабарлама келеді
Captcha қателігі. Парақшаны қайта жүктеп, әрекетті қайталап көріңіз