Салтанат Нуриева

Салтанат Нуриева
«Now» балаларға арналған ағылшын мектебінің негізін қалаушы
  • Мекен-жайы: Төңкеріc ауылы
  • Бизнес саласын таңдаңыз: оқыту

Қазіргі таңда шет тілін білу – таңсық дүние емес, өмірлік қажеттілік, бұл болашақта беделді оқу орындарында білім алғысы келетін балалар мен жасөспірімдерге баспалдақ іспетті.

Әрине, Қазақстанның үлкен қалаларында балаларға арналған тіл және дамыту орталықтарын табу қиынға соқпайды, қаланың баласы үшін мектептен тыс жақсы білім алу үшін барлық жағдайлар жасалған.

Дегенмен, еліміздің өңірлерінде жағдай қандай екен?

Осы мақалада балаларға ағылшын тілін оқытатын мектептің ашылу тарихымен бөліскіміз келеді. «Now» - жақын маңдағы сегіз ауылдың балалары қосымша сабақтарға қатысып, бос уақыттарын тиімді өткізе алатын жалғыз білім ордасы. Мектеп жергілікті тұрғын Салтанат Нуриеваның бастамасымен 2018 жылы бой көтерді.

Қазіргі уақытта мектепте сегіз көршілес ауылдың 90 баласы білім алып жатыр, олар ағылшын,

неміс және қытай тілдерін меңгеріп, математикадан қосымша дәріс алады. Мектепте небәрі 5 оқытушы бар, негізінен бұлар ағылшын тілік жетік меңгерген студенттер. Оқытушылық қызмет оларға тәрбие жинақтауға және аз да болса табыс табуға мүмкіндік беріп отыр.
Салтанат осы жобаны неге қолға алғанын, карантин кезінде қандай қиындықтарға тап болғанын және болашаққа деген жоспарларымен бөлісті.


«Әлемдік деңгейде ойла, жергілікті деңгейде әрекет ет!»


Өзім туралы

Мен Алматы маңынан 30 км жерде орналасқан Төңкеріc ауылында дүниеге келдім. Қазіргі сәтте Атырау облысындағы «Теңізшевройл» халықаралық компаниясында жұмыс істеймін.

Бұдан бөлек мен үшін аса маңызды әлеуметтік жоба – Төңкеріс ауылындағы тіл үйрету мектебін қатар алып жүрмін.
Мен өзім осы ауылда туып-өстім. Бала кезімде ағылшын тіліне қатты қызығатынмын, алайда мектеп бағдарламасы маған аздық етті. Қазақстанның ауылдық жерлерінде білім беру орталықтары өте аз, Төңкеріс ауылы да солардың қатарына кіреді.
Сондықтан ағылшын тілін 9 сыныптан бастап қосымша оқи бастадым, себебі сол кезде қалаға автобуспен өзім барып келе алатын болдым. Тәтем де Алматыдағы шағын тіл үйрету мектебіне баруға кеңес берді. Ең таңқаларлығы, сол мектепте дәріс беретін мұғалім өз ана тілінде сөйлейтін американдық Барт мырза болды, сол кезде ол айына 3000 теңге ғана алатын. Осылайша мен ағаммен және құрбыммен бірге ағылшын тілі курсына баратын болдым, бізге қатты ұнайтын. Осы уақытты баға жетпес деп айтуға болады және менің болашағымның негізін қалады.
Бірнеше жылдан кейін, студент кезімде Барт мырза өз мектебіне ерікті етіп шақырып, балаларға ағылшын тілін үйрет деді.

Сол кезде мен мол тәжірибе жинақтадым: оқушыларға материалды жеткізуді, оларды жігерлендіруді және ынталандыруды үйрендім. Әрбір сабақтан кейін Барт мырза менің оқытушы ретінде мықты және әлсіз тұстарымды айтып отырды. Ол менің дәл өзіндей ұстаз болып қалыптасуыма көп септігін тигізді. Менің Барт мырзаға деген алғысым шексіз, өйткені ол менімен тек білімімен ғана бөліскен жоқ, өзінің өмірлік философиясын үйретті.

Бір күні сабақта Барт мырза мен үшін өмірлік ұстанымыма айналған сөздерді айтты:

«Әлемдік деңгейде ойла, жергілікті деңгейде әрекет ет!»

Осы сөздерден кейін мен әр адам бір нәрсені жақсы жаққа өзгертуге қабілетті екенін түсіндім.
Сол кезде маған ауылдағы балалар үлкен қалалардағы балалар сияқты білім алуға мүмкіндіктері болса екен деген басты арманымды жүзеге асыру туралы ой келді. Мен өзім ауылда туып-өстім, ауыл баласы мен қала баласы арасындағы айырмашылықты жақсы түсінемін. Сол себепті туған Төңкеріс ауылында «Now» мектебін, білім беру орталығын ашуға бел будым.

Мектеп құрылысы туралы

Мектепті бір жылға жуық салдық, жұмысымда жас маман болғандықтан, жалақым аз болған еді. Бір айлығыма цемент, екінші айлығыма шатырға қажетті заттарды, үшінші айлығыма есік сатып алдым. Үлкеннің бәрі біртіндеп туындайтынын білеміз, осылайша кішкентай бөлшектерден бүтіндей мектеп пайда болды. Барлық қажетті заттарды сатып алғаннан кейін мен оқытушыларды жалдадым.

2018 жылдың мамыр айында біз ашылдық. Бұл менің өмірімдегі ең бақытты күндердің бірі болды, өйткені бұл арманымды орындау үшін мен саяхаттаудан, дүкен аралаудан, ойын-сауықтан бас тарттым, бірақ бұл оған тұрарлық еді. Балалардың сыныпқа кіргенін, олардың бал-бұл жайнаған жүздерін, ынта-жігерін көрген кезде – өзімді ең бақытты адам ретінде сезіндім.

Болашақ туралы

«Now» мектебінің танымалдылығын арттыру үшін мектепте еріктілер бағдарламасы бар. Шет елдерден қонақтар келеді, тәжірибелерімен бөліседі, шетелдегі өмірді баяндайды, ағылшын тілінің маңызын түсіндіреді. Бір сөзбен олар балалардың білімге деген ынта-жігерін арттырып, шабыттандырады.

Мен барлық балалардың білім алу мүмкіндігі бірдей, ауылдағы балалар да жақсы оқу орындарына түсіп, беделді гранттарды жеңіп алуға мүмкіндіктері болса деп армандаймын. Олар да қаланың балалары сияқты ағылшын тілін еркін меңгеріп, бәсекеге қабілетті болса екен, мектеп бітіріп, қалаға барғанда қала балаларынан айырмашылықты сезінбесе екен деймін.

Қала балаларына барлық мүмкіндіктер жасалған, барлық алғашқы жаңалықты олар бірінші болып алады, ал аймақ, ауыл балалары көп нәрседен қалыс қалып жатады. Барлық балалардың құқықтары мен мүмкіндіктері бірдей болуы қажет деп есептеймін. Сол себепті білім орталықтары Қазақстанның барлық аймағында болуы қажет.

Өтінім сәтті жіберілді
Сіздің сұрағыңыз сарапшыға жіберілді
Сіздің бизнес карточкаңыз модерацияға жіберілді. Тексеруден кейін поштаңызға хабарлама келеді.
Түсінікті
Ваша карточка бизнеса отправлена на модерацию. После проверки Вы получите уведомление на почту.
Түсінікті
Сіздің өтініміңіз модерацияға жіберілді және модератор тексергеннен кейін белсенді болады. Ол туралы поштаңызға хабарлама келеді
Сіздің өтініміңіз модерацияға жіберілді, модератор тексергеннен кейін деректер жаңартылады. Ол туралы поштаңызға хабарлама келеді
Captcha қателігі. Парақшаны қайта жүктеп, әрекетті қайталап көріңіз