Татьяна Иванова

Татьяна Иванова

Автокөліктерге арналған мұқабалар мен лактар ​​тігудің негізін қалаушысы

  • Қаласы: Тараз
  • Бизнес саласы: сауда және өндіріс

Өзінің иесі үшін автомобиль - жай ғана қозғалыс құралы емес, ол иесіне тән әдеттер мен мінезді ескере отырып жасалған өзіндік бір шағын ғана жайлы әлем. Көбіне-көп ол жаныңа жақын және шаң жуытпастай болатын екінші үйіңе айналып жатады.


Әрбір көлік иесі өз автомобилінің жып-жинақы және мұнтаздай таза болып тұруын қалайтыны сөзсіз. Алайда ең бастысы – ол жайлылық! 

Автомобильдегі аксессуарлар - бұл кез келген машинаны қайталанбастай етіп, дараландырып тұратын үйреншікті және қолға түсе бермейтін заттар! 


Қазақстанда машиналарға арналған аксессуарлар ауқымы өте кең. Бірақ отандық кәсіпкерлер арасынан осы бір бизнестің бастауында кім бар? Жамбыл облысынан шыққан Татьяна Иванованың тарихы ең бастысы - өз ісіңе деген сүйіспеншілік, талпыныс және алға ұмтылуға құштарлық екенін көрсетеді. Сонау 1987 жылы Қазақстанның оңтүстігінде адамның тағы бір таңғажайып тарихы туындап, ол көптеген адам үшін үлгі болды.


Өзі жайында

Тігін училищесінде білім алып шыққаннан кейін, басқалар секілді мен де жеңіл көйлектер, халаттар, шалбар мен костюмдер тігетін боламын деп ойладым. Алайда тағдырдың өз жоспары бар екен, жағдай солай болды да, маған тігін өндірісінде жұмыс істеу ұсынылды.

90-шы жылдардың аяғына қарай Жамбыл облысында тысқаптар мен поликтер тігу бизнесі жайында алғаш рет сөз қозғалды. Бұл жаңа бизнес еді, мен ол туралы мүлдем ештеңе білген жоқпын, көбінесе бұл іспен ер адамдар айналысып жүретін, содан маған осы бағытта жұмыс істеп көру ұсынылды. Мен жас қыз едім, бұл жайында түсінігім де болған жоқ. Қатты қорықтым, бірақ маған бәрін көрсетіп, түсіндіріп берді.

Мен жаңадан бастап жатқан іскер әйел ретінде, осындай бизнесті бастаған алғашқы әйелдердің бірі болдым. Ол кезде, училищені күні кеше бітірген мен жұқа және жеңіл материал бетіне тік  сызықтар ғана жасай алатын едім. 

Ал тысқаптар мен поликтер тігуде мүлдем басқа білім қажет болды. Жаңаша тігуді байқап көріп едім, менің қолымнан келді. Әрине, әрбір кәсіпкер секілді, менің де, жас бойжеткен ретінде басымнан өзгерістерді, қиындықтарды өткеруіме тура келді. Мен бизнесті жаңа бастаған кезімде «шестеркалар», «девяткалар», «Волгалар» мен «Москвичтер» ғана болды. Қызықтың бәрі Қазақстанда алғашқы шетелдік көліктер пайда болған сәтте басталды. Басты сұрақ: «Біз енді не істейміз? Енді тысқаптарды кім тігеді?». Бәрі әлдеқайда оңай болып шықты да, онымен қиындықтар болмады.

Бизнесімді жүргізіп отырған отыз бес жылдың шамамен отыз жылы ішінде мен ісімді өз бетімше жүргізіп келемін. Мен бұл істің болашағы зор екендігін түсінгендіктен, аз ғана уақыт оқушы болдым. 90-жылдары қиындау болғаны рас. Ол кезде тысқаптарды ғимараттың үшінші қабатында отырып тігуімізге, сол үшін орындықтарды өзіміздің көтеріп шығаруымызға тура келді. Бізде міне осындай қиындықтар болды, алайда біз осының барлығын еңсере білдік. Қазір ісіміз өте жақсы жүріп жатыр. 

Біз ісімізге үнемі қаржы салып тұрамыз


КМF-пен ынтымақтастық

Сәл кейінірек, қолымда табысты бизнесім бар кезде, маған шағын бизнесті дамытуға көмектесетін «KMF» микроқаржы ұйымы жайында біліп қалу бақыты бұйырды. Мен тәуекелге бел буып, үш айға 100 $ алуды ұйғардым. 

Бір рет көрдім де, содан бері мен KMF-тің тұрақты клиентімін деп айтсам да болады. Осы ұйыммен көптеген жылдар бойы жұмыс жасай жүріп, менде бірде-бір рет проблема туындаған емес.

Біз ісімізге үнемі қаржы салып тұрамыз. Еш нәрсе бір орнында тұрмайтындықтан, біз жабдықты жаңартып отырамыз. Жыл сайын жаңа нәрсе пайда болады.



Болашақ туралы

Бастапқыда біздің кішкентай вагонымыз болды, біз үнемі соның ішінде жұмыс істедік. Басында бұл бизнес шағын үй-жайларды топшылап, бізге солар да жететін еді. Бірақ уақыт өте келе біз үлкейіп, үй-жайларды ауыстырып отыруымызға тура келді. Қазіргі уақытта үлкен аумағымыз бар, сондықтан көбірек жабдық қажет.

Ендігі үшінші ай болды, біз өз командамызбен бірге жаңа жобамен жұмыс істеудеміз. Бұл Ресейден келген 3D поликтер жөніндегі дайын бизнес-жоба. 

Аталмыш бизнесті мен KMF-тің көмек көрсетуімен Ресейде сатып алдым. Өткен жыл бүкіл ел үшін дағдарыс жылына айналғаны ешкімге құпия емес. Пандемияның арқасында көптеген бизнес зардап шегіп, тіпті жабылып та қалды. Алайда бізге оның ықпалы болмады. Біз үйде отырған бір ай уақытымызды керемет өткіздік, тіпті оны пайдаланып та қалдық. Біздің бизнесіміз зардап шеккен жоқ. Біз тапсырыстарымызды аяқтап жаттық, шынымен жабылғымыз келмеді. Алайда жабылуымызға тура келді. Адамдар күтті, біздің жазбамыз толып тұрды. Пандемиядан шыққан кезімізде бізде екі айға жететіндей тапсырыстар болды. Клиенттер біз көрсететін қызметтерді пайдалануын жалғастыруда. Біз жайында оң пікірде. 

Өтінім сәтті жіберілді
Сіздің сұрағыңыз сарапшыға жіберілді
Сіздің бизнес карточкаңыз модерацияға жіберілді. Тексеруден кейін поштаңызға хабарлама келеді.
Түсінікті
Ваша карточка бизнеса отправлена на модерацию. После проверки Вы получите уведомление на почту.
Түсінікті
Сіздің өтініміңіз модерацияға жіберілді және модератор тексергеннен кейін белсенді болады. Ол туралы поштаңызға хабарлама келеді
Сіздің өтініміңіз модерацияға жіберілді, модератор тексергеннен кейін деректер жаңартылады. Ол туралы поштаңызға хабарлама келеді
Captcha қателігі. Парақшаны қайта жүктеп, әрекетті қайталап көріңіз