Аделия Сыздыкова: «Біздің шәркелеріміз – тарихтан сыр шертетін нәрсе»

Өзін жасаушылар жайында олардың өздеріне қарағанда көбірек мағлұмат беретін өнімді жасап шығару - оңай дүние емес. Әсіресе, бұл бар болғаны шәрке болса. Алайда «бар болғаны» дегеніміз дұрыс болар ма? Жас кәсіпкер, әрі Tanri брендінің негізін қалаушы Аделия Сыздыкова өз тәжірибесі арқылы: қарапайым болса да, жан сала отырып жасалған дүниенің бүгінде әлемде барынша жоғары бағаланып жатқанын дәлелдеп отыр. Киізден жасалған қарапайым ғана шәркенің американдық және еуропалық нарықтарға шығуы – мұның тікелей дәлелі.


Аделия, сұхбаттарыңыздың бірінде сіз Tanri брендінің негізін Алена Ткаченкомен (Nommi стартапының негізін бірігіп қалаушы – ред. ескерт.) бірге қалағаныңызды айттыңыз. Сіз Орта-азиялық мәдениетті дамытуға деген көзқарастарыңыз ұқсас екенін атап өттіңіз. Әңгіме не жайында?


Алена екеуміз Орталық Азия мәдениетін біріктіру ниетіне тоқталдық. Адамдарға бәріміз бір болсақ, әлемге өз ерекшелігімізді көрсете алатынымызды түсінуге көмектесуді қалаймыз. Орталық Азияның әрбір жеке-дара еліне басымдылық жасамай, біздің көптеген дарынды адамдардың басын қосқан өңір ретінде қызығушылық тудыратынымызды көрсеткіміз келеді. Біздің әлемге өз қолөнершілеріміз жайында көбірек айтып бергіміз келеді, сондықтан біз бірлесіп жұмыс істеу үшін үнемі шеберлерді іздеу үстінде жүреміз.


Шеберлер, әсіресе қолөнер кәсібі өте көп. Неліктен дәл сол киізден жасалған шәрке?


Бізге алыс елдерден адамдар келген кезде оларға бір сый жасағың келеді. Ойға оралар алғашқы идеялардың бірі – шәрке. Бұл өзі өндірілген жер жайында айта алатын негізгі және жергілікті өнім. Біздің жағдайымызда - Орталық Азия туралы. Осы жерде біздің шәркемізді Франция мен Швейцарияға сыйлық ретінде алып барған бір клиентіміздің: «Қазақстаннан туған-туыстарыма не алып келсем? Еліміздің эстетикалық сұлулығын бейнелеп, бұл жерде қолдарынан іс келетін керемет адамдар өмір сүретінін көрсететін не нәрсе апарсам?»-деп үнемі бас қатырамын дегенін айта кеткен орынды болады.


Біздің басты миссияларымыздың тағы бірі - адамдарды кеңседегі және қашықтықтан жасалатын жұмыстағы жайлылық мәдениетімен таныстыру болды. АҚШ-тың көптеген компанияларында no-shoe policy жүйесі енгізілген. Ол қызметкерлерге кеңседе шәрке киіп жүруге мүмкіндік береді. Сондықтан қазір біз B2B компанияларын іздеп жатырмыз, олармен бірге осындай тәжірибені елімізде енгізе бастайтын боламыз. Бұлай болған жағдайда шәрке тамаша корпоративті сыйлық та болады.


Сіз қазақстандық тұтынушы қол жұмысын, экологиялық тұрғыдан таза өнімді бағалауға дайын деп санайсыз ба?


Иә. Біз бірте-бірте қолмен жасалған заттар мен бұйымдардың құндылығын түсініп, саналы түрде тұтынуға бет алып келеміз. Әрине, біздің өнімнің ерекшелігі неде екенін егжей-тегжейлі түсіндіріп жататын кезіміз де болады. Мен жақын арада адамдар handmade және eco-friendly өнімдерін бұдан да қатты бағалайтындығына сенімдімін.


Шетелдік клиенттеріміздің біздің өнімді бағалауға дайын екендігін айта аламын. Олар бұл бұйымның ұзақ мерзімге жарамдылығын, дәл осы шәркелердің кем дегенде екі жыл кәдесіне жарайтынын түсінеді. Екі жыл - бұл 24 ай, демек, біздің шәркемізді сатып алған адам жайлылық, жылу, қол еңбегі мен нағыз меринос жүні үшін айына аз ғана сома төлейді. Бұл соған тұрарлық, келісесіз бе?


Меринос жүні жоғары бағаланады. Бірақ мұндай шикізатты сатып алу – оңай шаруа емес. Жеткізушілер көбіне-көп кішігірім партиямен жұмыс істеуді қаламайды. Процесті қалай жолға қойдыңыз?


Біз, бизнес ретінде, меринос жүнінен алуан түрлі бұйымдар дайындайтын түрлі Орталық Азия елдерінің өндірушілерімен және шеберлерімен жұмыс істейміз. Олар біздің шәркемізден бөлек, басқа да өнімдер жасайды, сондықтан меринос жүнінің партиясы айтарлықтай үлкен болып шығады. Осылайша шикізатты жеткізу мәселесін органикалық түрде шештік. Tanri - бұл жеке алынған шеберхана емес, бастары бір идеямен біріккен Орталық Азия шеберлері.


Өз идеяңыз жайында жеткізе отырып, сіз материалдардың, өндіру әдісінің, сіз өндірген шәркені пайдаланудың экологиялылығы туралы жиі айтасыз. Неліктен бұл сіз үшін маңызды?


Экологиялылық - бұл шын мәнінде, менің жобамның басты да, негізгі де мақсаты емес. Бірақ! Біздің мақсат жергілікті материалдарды пайдалану болғандықтан, іс жүзінде жергілікті өндіріс және табиғи түрде бояу өнімнің экологиялылығына алып келді. Өндірістің жергілікті болуы көбіне-көп дәл сол «экологиялылықты» білдіретінін атап өткім келеді. Сондықтан жергілікті өндіріске қолдау таныту қажет. Алыстан әкелінген, жасанды өнім түріндегі балама бұйымды сатып алғанға қарағанда, өз аймағыңда жасалған, ұзаққа жарамды бұйымды сатып алған әлдеқайда жақсы емес пе.


Сіздер американдық және еуропалық нарықтарға шыға бастадыңыздар. Ұсынар нелеріңіз бар?


Қазіргі уақытта біз халықаралық нарыққа тек шәркемізбен шығып жатырмыз. Болашаққа деген жоспарларымыз зор. Бұл кеңсе мен үйге арналған басқа бұйымдар болады, қазір бұл тек шәрке. Біз әлі бұл тұрғыдан толық ашыла алмадық. АҚШ мен Еуропа елдерінің тұрғындары ұзақ мерзімге жарамды бір нәрсе сатып алуды жөн көреді. Тарихтың бір бөлігі болатынын қалайды. Бұл біз шәрке арқылы көрініс табуын қалайтын идея. Біздің шәркемізді халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті ететін де дәл соның өзі.

Өтінім сәтті жіберілді
Сіздің сұрағыңыз сарапшыға жіберілді
Сіздің бизнес карточкаңыз модерацияға жіберілді. Тексеруден кейін поштаңызға хабарлама келеді.
Түсінікті
Ваша карточка бизнеса отправлена на модерацию. После проверки Вы получите уведомление на почту.
Түсінікті
Сіздің өтініміңіз модерацияға жіберілді және модератор тексергеннен кейін белсенді болады. Ол туралы поштаңызға хабарлама келеді
Сіздің өтініміңіз модерацияға жіберілді, модератор тексергеннен кейін деректер жаңартылады. Ол туралы поштаңызға хабарлама келеді
Captcha қателігі. Парақшаны қайта жүктеп, әрекетті қайталап көріңіз