Динара Айбасова - Петропавлдан келген кәсіпкер және журналист, Адель есімді керемет қыздың анасы және Adelkino Loto балалар дамыту ойынының негізін қалаушы. Төрт жыл бұрын, ана болғанда, баласына церебральды сал ауруы диагнозы қойылғанда, Динара өзін толығымен балаға арнады. Ол хош иісті лото ашқанша барлық жаттығулар мен бағдарламаларды қолданып көрді. Қазір Динараның өзі қолдан жасалған аромалото шығарады - бұл ерекше және әдемі ғана емес, сонымен қатар балалардың, соның ішінде ерекше қажеттілігі бар балалардың да, жан-жақты дамуын керемет ынталандырады.
Динара, өзіңіз туралы біраз айтып берсеңіз: Адель дүниеге келгенге дейін не істедіңіз? Қызыңыз дүниеге келгеннен кейін сіздің өміріңіз қалай өзгерді?
Адель дүниеге келгенге дейін мен журналист болып жұмыс істедім, бұл менің негізгі қызметім болды. Бірақ даму ерекшеліктері бар бала туылғаннан кейін өмір түбегейлі өзгерді. Мен бұрын қол жетімді барлық нәрселерден бас тарттым, өйткені біз барлық күш пен назарды қызымызға аудардық – бұл аурудың не екенін, онымен қалай күресуге, қалай өмір сүруге болатындығын түсіну керек еді. Бұл менің өмірімнің негізгі ісі болды және қазіргі күнге дейін осылай. Маған не істеп жатқанымды сұрағанда, мен баламен айналысамын деп айтамын. Қалғанының бәрі артта қалды.
Сіз қызыңыдың күтімі және оның дамуына көмектесу ерекше лото жасау идеясын тудырғанын айтқан едіңіз.
Ия, бұл идея шын мәнінде қызымның арқасында пайда болды. Мамандар бізге Адельді, оның дағдыларын барынша дамытуға, оның қандай мүмкіндіктері бар екенін түсінуге кеңес берді. Әр түрлі сезім мүшелерін дамыту қажет болды: көру, жанасу, есту, ұсақ моторика. Көру қабілетін дамыту үшін біз қара және ақ суреттерді қолдандық - оларды барлық жерде іліп, балаға көрсету ұсынылды. Жанасу үшін – оңай табуға болатын әртүрлі құрылымдарды пайдаландық. Есту қабілетімен жұмыс істеу үшін бізге құлаққаптарда белгілі бір классикалық композицияларды тыңдауға кеңес берілді. Иіс сезімін дамыту үшін мен ұзақ уақыт бойы даму бағдарламалары мен ойындарын іздедім. Интернетте көптеген нұсқалар болды, бірақ мұның бәрі шетелде болды, біздің елде мұндай нәрселерді таба алмайсыз.
Осылайша мен хош иісті лото идеясын таптым. Оны бұрыннан бері Еуропада, тіпті Ресейде де негізінен мен сияқты жас аналар жасайды. Маған бұл ойын ұнады - оны өзіңде ұстаған өте қызықты болды. Оқиғалар барысында осы кезеңде мен ерекше аналарға арналған қорда кәсіпкерлік бойынша курстан өттім. Бұл қор ерекше балалардың аналарына өз таланттары мен қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Тренинг барысында спикерлердің бірі: өз мәселелерін шешу бизнес үшін жақсы идея болуы мүмкін – деген қызықты ой айтты. Содан маған: Қазақстанда хош иісті лото болмау мәселесін бизнес-шешім ретінде неге пайдаланбасқа?- деген ой келді. Сонымен, шын мәнінде, лото жасау идеясы пайда болды.
Сіз неден бастадыңыз? Лото жасау процесі қалай жүреді?
Бастау үшін мен алғаш он дана жасадым. Менің ойымда ойынның қалай болатыны туралы елес пайда болды. Ол үшін мен дизайнермен жұмыс жасадым, онымен бірге жалпы стильдік дизайн жасадық, суреттерді өзіміз салдық, сондықтан бұл Интернеттен жүктелген вижуальдар ғана емес.
Толтыру мен өндіріс процесіне келетін болсақ, менде ешқандай нұсқаулар болған жоқ, интернетте аз ғана ақпарат болғандықтан, мен негізінен өзім тәуекелмен жұмыс жасадым. Бірнеше эксперименттерден кейін, қазір сатып жүрген нысан пайда болды. Мен ең қауіпсіз өнімдерді пайдалану керек деп шештім, сондықтан хош иісті аромобанктарда өсімдік балауызы бар, оған тағамдық хош иістер немесе гипоаллергенді хош иістері қосылады. Басқа ингредиенттер жоқ. Балауыз қыздырылады, хош иістер қосылады, мұның бәрі белгілі бір көлемдегі құмыраға құйылады және салқындатылады.
Мен пилоттық нұсқаға өте байсалды келдім және ойынның барлық он данасын достарыма тараттым. Бұл ойын балалар мен олардың ата-аналарына қаншалықты қызықты, лото өзін қалай көрсететінін маған түсіну керек болды.
Бастапқы капитал туралы айтыңызшы, бірінші партияны іске қосу үшін не қажет болды?
Бастапқы капитал тым үлкен болған жоқ, шамамен 120-150 мың теңге. Оған дизайнердің жұмысына төлем, шикізатты сатып алу шығындары кірді: балауыз, хош иістер, хош иісті лотоға арналған контейнерлер, баспаханада баспа өнімдеріне тапсырыс беру және орамалар. Мен өзім толтырғыштар жасаймын, қалғандарына тапсырыс беремін.
Сізге біреу көмектесе ме? Команда бар ма, әлде сіз өзіңізді басқара аласыз ба?
Өндіріспен өз бетімше айналысамын, менің көмекшілерім жоқ. Кейде лото жинауға немесе банкаларға жапсырмаларды жабыстыруға, егер олар бос болса, ата-әжелерімнен көмектесуін сұрай аламын. Кейде бәрін өзіңіз жасау өте қиын, әсіресе бала ояу болған кезде. Адельдің ұйықтап кетуін түнге дейін күтуіміз керек, содан кейін мен хош иісті банкалар жасап, жиынтықта ойын жинай бастаймын.
Сіз лото жасай бастаған кезде, сіздің балаңызға арналған ойын-сауық бизнеске айналады деп ойладыңыз ба?
Мен лото жасай бастағанда, оның соншалықты ақша төлейтіндей қызықты болатынын білмедім. Бұл мен үшін эксперимент болды. Мен неге ондай шешім қабылдадым? Балам үшін даму ойынын жасауға деген үлкен ықыласым және бизнес – жоба осыдан шығады ма деген қызығушылығым болды. Оны толыққанды бизнес деп атауға, шынымды айтсам, тіл бармайды. Мен оны ақша табатын хобби деп атаған болар едім, өйткені бизнес үшін мендегі ауқым үлкен емес. Бұл тапсырыс бойынша жасалатын бөлшек өнім.
Адамдар сіздің лото туралы қалай біледі?
Мен Instagram арқылы Лото сатамын, бұл негізінен жалғыз сату арнасы. Қайталап айтамын, менде жаппай өндіріс жоқ, сатуға жүздеген дайын жиынтықтар жоқ. Менде ойынды дүкендерде көрсету туралы ой болды, бірақ менің ойымша, бұл қажет емес, өйткені менің өнімімнің жарамдылық мерзімі мен сақтау шарттары бар. Хош иісті банкалар жоғары температурадан ериді, суықта қатып қалады, хош иістердің жарамдылық мерзімі бар. Сондықтан, егер лото дүкендегі тұтынушылар үшін қызықсыз болса, ол жай ғана сөреде артық жүктеме болады. Ал Instagram-да маған шынымен қызығушылық танытатын және қажет адамдар, яғни тікелей мақсатты аудитория жазады.
Өнімнің ассортиментіне оралайық. Сізде лотоның хош иісті, дыбыстық және тактильді бірнеше түрі бар…
Бастапқыда мен бұл жобаны хош иісті лото ретінде бастадым. Қай бағытта кеңейе аламын? - деп биыл ойлана бастадым. Тағы да қолдан жасалған ойындар шығарумен айналысатын шеберлер көп Ресейде және ТМД-да аналогтарды зерттедім. Әр түрлі нұсқаларды қарап, тағы екі түрді жасауға шешім қабылдадым – дыбыстық және тактильді. Олар сыртқы түрімен ғана емес, сонымен қатар әртүрлі сезім мүшелерін дамытуға бағытталған. Бірақ, кез-келген жағдайда, бұл ойындар кешенді күрделі, яғни сіз ұсақ моторикамен де, логикамен де, жадпен де және сөйлеу қабылетімен де жұмыс жасай аласыз.
Адела қай лотоны жақсы көреді?
Аделямен мен хош иісті лотомен көбірек айналысамын. Ол қолында кейбір заттарды жақсы ұстамайды, сондықтан сенсорлық және дыбыстық лото біздің даму деңгейімізге сәйкес келмейді. Адель иістерге жақсы жауап береді, оның мұрнымен «еститініне» жауап ретінде эмоция беру қабілеті бар. Оның бойында жақсы эмоция тудыру мүмкіндігі - мен үшін жалғастыруға күшті ынталандыру. Мен бұл эмоцияны оның мұрнына бір немесе басқа құмыраны әкелген кезде оның бет-әлпетінен көремін. Кейде ол күлімсірей алады, бұл мен үшін керемет.
Жиынтықтар қанша тұрады және оларды кім жиі сатып алады?
Жиынтықтар бағасы 8900-ден 13 900 теңгеге дейін. Бағасы жиынтықтағы хош иістендіргіштердің санына байланысты – онда 12-ден 28-ге дейін хош иістер бар. Кейінгі уақытта лотоны мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары жиі сатып алады, бұл жиынтықтар ойын-сауық қана емес, сонымен қатар білім беру, дамыту ойындары ретінде де қажет. Содан кейін менің клиенттерімнің ішінде ерекшеліктері бар балалармен айналысатын даму немесе оңалту орталықтары бар. Сондай-ақ, қайырымдылық тапсырыстарын жасайтын адамдар санаты бар. Олар маған стартапер-ана ретінде, даму ерекшеліктері бар балаларға да көмектесуді мақсат етеді. Мұндай клиенттер тек Қазақстаннан ғана емес, басқа елдерден де бар.
Лото жасау немесе сату кезінде сізде қандай да бір қиындықтар болды ма?
Мен басынан бастап кездескен негізгі қиындық – Қазақстандағы шикізаттың қолжетімсіздігі. Көбінесе Ресейден тапсырыс беру керек. Сондай-ақ, ағаштан жасалған бұйымдар мен баспа өнімдерін саналы түрде жасаушыларды табу проблемасы әрқашан бар. Менің жеке қиындықтарым - уақыттың жетіспеуі. Сондықтан кейде тыныштық кезеңдері болады. Ақшаның бір бөлігін үнемі инвестициялау керек, өйткені сізге айналым қаражаты қажет - әдетте, бұл өз бюджетім, содан кейін ол тапсырыстармен қайтарылады.
Динара, бастапқы капиталы жоқ немесе күмәні бар бастаушы кәсіпкерлерге қандай кеңес бере аласыз?
Менің тәжірибем өте аз, бірақ мен бір нәрсемен бөлісе аламын. Adelkino Loto-ның бизнес-жоба ретіндегі артықшылығы - оның жақсы өміршең идеясы бар және мұндай өнімді жасау үшін үлкен инвестиция қажет емес. Меніңше, нарықта, әсіресе Қазақстанда жаппай ұсынылмаған кез келген салада осыған ұқсас нәрсені табуға болады. Ал табыстың құрамдас бөліктеріне келетін болсақ, менің ойымша, оларды бір формулаға біріктіруге болады: идея, жобаны қалай іске асыратындығыңды түсіну және оны жасауға деген үлкен ықылас.
Қорқыныш болса, әрине, әркімде және әрқашан болады. Менің Adelkino Loto-да өткен курстарда ең құнды және негізгі идеясы - әркімнің қателесуге құқығы болатындығы. Қателік жасау апат емес, бұл қалыпты жағдай, оны тәжірибе ретінде қарау керек. Жүзеге асса – өте жақсы, аспаса – жарайды, ештеңе де етпейді, кейін бұл тәжірибеге сүйенетін боламыз. Қорқынышты қабылдап білу керек. Қорқыныштың артында жетістік тұрғанын ұғып, қателікке жол беруден қорықпау керек.