Сүт өнімдері нарығы артығымен қамтылған деп ойлауға болады, Алматыда – жергіліктісі бар, сырттан келетіні бар, ірімшіктен көп өнім жоқ. Бірақ бірегейлік, экологиялылық және өнімге салған жаныңның бір бөлшегі деген аспектілер де бар. «Сыриус» отбасылық шағын ірімшік өндірісінің ортақ иеленушісі Марина Максимованың ірімшіктер ассортименті сатып алушыларды дәл осы құрамдасымен тартады. Сонымен қатар дәмнен алатын әсер қандай!
«Сыриус» отбасылық ірімшік өндірісінің тарихы неден бастау алды?
Ірімшік өндірісін қолға алғанымызға 5 жылдың жүзі болды. Үшінші қызымның туғанына үш апта ғана толғанда ірімшік өнлірісімен айналыса бастадым. Өндірісіміз бірден отбасылық болған жоқ және «Сыриус» атауы да кейін пайда болды. Басында бұл үйдегі шағын ірімшік өндірісі еді, оның үстіне бастағалы біраз уақыт болды. Екі жыл шамасында үйдегі асүйімде істедім, клиенттер қатарын жинадым және заңды түлғалардан салмақты ұсыныстар келмейінше дамуды мүлдем ойламаппын. Сол сәттен бастап жолдасым Вадим іске қосылды да, ірімшікке қатысты дүниенің бәрін заңдастыра бастадық. Жолдасым өндірістік істер жөнін қолға алды және қазір бәрі де соның арқасында жүріп жатыр.
Бренд жағын көп ойластырдық, қалай атарымызды білмедік. Содан бұл ең жарық жұлдыз болады – бірақ Сириус емес, Сыриус болсын деп шештік. Атауын ірімшік өндіретін компаниялар ішіндегі ең жарығы боласыңдар деп, инстаргамдағы оқырмандар ойлап тапты. Кемеге қандай ат қойсаң, жүзуі де солай болады демекші – «Сыриус» деген атқа ие болдық.
Неліктен ірімшік? Бала кездегі арман ба не экологиялық таза әрі дұрыс тамақтануға деген сәннен туындады ма?
Жоқ, экологиялық дұрыс тамақтану сәні пайда болған кездің өзінде трендте болдық деп айтуға да болады. Мен ешқашан ірімшікпен айналысамын деп ойлаған емеспін. Біздің жеке үйге, шағын ғана таза Қаскелең қалашығына көшуіміз, осы ауылдық атмосфера фермерлік іспен айналысуға ықпал еткен сияқты. Алдымен макарон немесе ет өнімдерін шығарғымыз келді, бірақ сүт өнімдеріне тоқтадық. Ал содан кейін, сатылым жүріп жатқан кезде, өнімнің сұранысқа ие екенін көрдік, әрине, бұл шабытымызға шабыт қосты.
Сіз Ресейде және Италияда білім алғансыз. Сол елдердегі білім берудің ерекшелігі бар ма?
Иә, ерекшеленетіні сөзсіз. Ресей дегеніміз – технологиялар болса, Италия – дәстүрлер. Бұл мүлдем басқа оқыту жүйелері, мүлдем басқа атмосфера. Менің ойымша, Италияға Ресейден кейін ғана бару керек. Италиялықтардан емес, ресейлік технологтардан үйренген дұрыс. Біріншіден, ресейлік технологтар біздің мысалымызбен, шикізатымызбен оқытады. Бізде бәрі бірдей десек те болады, атап айтқанда: тамақ, азық, мал ұстау жағдайлары. Италияда жағдай басқа, олардың бәрі дәстүрге, түпнұсқалыққа, отбасылық жағдайға қарай жөнге қойылған. Ресейде бұл нақты нұсқаулықтар, яғни қалай істеу қажет және қалай болуы мүмкін, бәрі граммен өлшеніп қойған. Италияда бәрі дәм сезу, иіс сезу және түйсінуге негізделген. Яғни ірімшік өндірісіне олардың қолы, көзі және иіс сезу мүшелері қатысады. Италияда осылай оқыдық және сол жерден алған білім аз болса да, көп әсер алдық. Ал Ресейден алған әсер аз, бірақ берген білімі көп болды. Бірақ біздің ісімізде екеуі де маңызды.
Бастау қиынға соқты ма?
Жоқ, қиын емес. Біздің жолымыз болды деп санаймын, керемет кезеңге тап болдық: агрессивті белсенді сатылымдар болған жоқ, бәрі таныстар мен достардан басталды, содан кейін ұзынқұлақпен тарап кетті. Әлі күнге дейін бұл қатты көмектеседі. Сонымен қатар, менің ойымша, жеке брендті дамыту өте маңызды, өйткені адам ғана өнімді жай сатып алмайды, ол сіздің өніміңізді сатып алады. Неліктен Васядан, Петядан немесе Катядан емес, дәл сізден алады? Себебі мұнда өнімді өндірумен айналысатын жанның тұлғасы, оны ұсыну жолы, сату жолы маңызды.
Егер сіздің өмірлік мүдделеріңіз, өмірлік ұстанымыңыз қандай да бір түрде сәйкес келсе, онда бұл 100% ұтыс және жақсы сатылым деп айтуға болады. Егер адамға менің өмірдегі ұстанымым, әзілім (тіпті кейбір мысқылдауым), ана екенім, спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтанып, экологиялық таза өнім өндірумен айналысатыным ұнаса – бір сөзбен айтқанда, егер менің мүдделерім мен мақсатты аудиторияның мүдделері сәйкес келсе, онда бәрі жақсы болады.
Отбасылық ірімшік өндірісінде қанша адам жұмыс істейді?
Біздің өндірісте үш адам жұмыс істейді: мен, жұбайым және барлық жерде көмекке келетін көмекшіміз. Негізі, бәріне үлгереміз. Сүт көбейіп кететін қарбалас сәтте (сәуір-мамыр айларынд), әрине, қиынырақ. Бірақ отбасылық өндіріс болғандықтан, біреуді сырттан тартқымыз келмейді. Дегенмен кейін көре жатармыз. «Ерінбеген еңбектің жемісін жейді» деген сөз бар ғой.
Өніміңіздің бірегейлігі неде? Басқа өндірушілермен бәсекелесуге мүмкіндік беретін не?
Бастапқыда біздің өндіріс тұжырымдамасы ірімшік өндірісінің табиғилығына негізделген. Бізде ешқандай үстеме, қоспалар және консерванттар пайдаланылмайды. Тұз оған жайтпайды. Тұз – табиғи консервант және біз қолданатын жалғыз консервант.
Біз ірімшіктер желісін дүкен өнімдеріне ұқсамайтындай етіп жасадық. Әдетте адам дүкенге келеді және ол үшін бұл сары ірімшіктердің бәрі бірдей дәмге ие. Біздің ірімшіктер желісі аса алуан түрлі және адамға дәмдік эмоциялар толқынысын сезінуге, оны жай ғана таңқалдыруға арналған. Негізінде, бұл қолдан келіп тұр – адамдар қайтып келеді, өздерінің «сүйікті» өнімдерін таңдайды.
Әртүрлі ірімшік әртүрлі адамдарға ұнайды. Ірімшікті темперамент бойынша таңдайтанын байқадым. Моцарелла немесе буррата сияқты жас ірімшікт сабырлы, жұмсақ және байсалды адамдарға ұнайды. Лабне, белпер кнолле, бабына келген, ашқылтым, көгергендер біртүрлі, жыбырлақ, жарқын, ширақ, желікпе жандарға сай.
Әрине, дүкендер стандартына сәйкес келетін желі де бар. Яғни бұл бейтарап ірімшіктер: кілегей, қаймақ, жарқын кілегей дәмі бар өнімдер. Әрине, олардың барлығы табиғи (тек сүт, ашытқы, тұз және шебердің қолы).
Шеберлік сабақтарын өткізесіз. Бәсекеден қорықпайсыз ба?
Қазір жұмысбастылығыма байланысты шеберлік сабақтарын өте сирек өткіземін. Соңғы мастер-класс бір жыл бұрын болды. Бірақ мен бәсекелестіктен қорықпаймын, өйткені әр өнімнің өз иесі табылады деп санаймын.