Пэчворк, квилтинг немесе көненің көзі - жақсы құрақ көрпе ме?

WhatsApp Image 2021-07-15 at 11.05.23.jpeg

Құрақ көрпе - ендігі ұмыт болған тігін техникасы емес, зумерлерге (Z ұрпағы - 1990-шы

жылдардың екінші жартысынан бастап 2010-шы жылдардың бірінші жартысына дейін туған адамдар) танымал дизайндағы сәнді бағыт. Қазір мұны «пэчворкинг» немесе «квилтинг» деп атайды. Қазіргі таңда тек «көрпелер» ғана емес, сонымен қатар жамылғылар, төсек жапқыш, жиһазға арналған төсеніштер және тіпті киімдер де таспалап тігу үлгісімен тігілуде. Мұның жас ұрпақ үшін трендтерге ұмтылу - ата-бабаларымыздың ежелгі және өзіндік бір мәдениетімен танысу екендігі қуантады.


Қазақтарда құрақ көрпе тек интерьердің сәнді заты болып қана қоймады. Таспалап тігудің терең мағынасы болды: бір-бірімен бекітілген таспалар біртұтастықтың, отбасы мен шыққан тектің бірігуінің, ал өрнектер - жанға жайлы, әрі ұзақ өмірдің, үйлесімділік пен саулықтың символы болды. Символдылықпен қатар, құрақ көрпе - екінші рет тұтыну көрсеткіші. Ол кезде бұл материалдарға қол жеткізе алмаудың салдары болды, ал қазір – экологияға танытылған қамқорлық пен саналылықтың көрсеткіші.


Құрақ көрпе бірнеше түрге бөлінеді және тағайындалуы мен бетіне салынған ою-өрнектің түріне қарай ерекшеленеді. Оларды бесік көрпе (орыстың «колыбель» сөзінен) және орауға арналған көрпе, еденге отыруға арналған матрастар және сыйлы қонақтарға арналған жабдықтар ретінде пайдаланады. Көрпені өсімдікті, зооморфты және геометриялық ою-өрнектермен безендіреді, ал ең ежелгі түрлерінің бірі тұмар құрақ болып табылады, сөзбе-сөз алғанда ол тұмарша деп аударылады. Мұндай ою-өрнек әдетте бұйымның ортасына орналастырылып, отбасын ауыртпалықтар мен бале-жаладан қорғау ниетімен тігіледі.


Ата-бабалар мұрасын жалғастырып, насихаттап жүрген қолөнершілер көп емес. Солардың бірі Рымбала Бексыргаева. Көп адамдар ол жайында әлеуметтік желілердің арқасында білді: суретші Айя Шалкар Instagram-да Рымбала туралы айтып берді. Тігін - өмірлік ісі. Рымбала 1971 жылдан бастап театр костюмдері фабрикасында істеді. Сондықтан қазір әдемі де, сапалы бұйымдар жасауда оған өзіндік тәжірибесі көмектеседі.


Ұлттық нақыштағы бұйымдар танымал болды. Рымбала Бексыргаева бұл жерде бастауға: ұлттық тағамға, киім-кешек мен тұрмыстық элементтерге оралу идеясын танымал етіп жүрген блогерлердің еңбегі зор деп ойлайды. Ол ұлттық бұйымдардың қаншалықты әдемі бола алатынын көрсету, ата-бабалар дәстүрлерін сақтап, олардың жаңа буын ұрпақ арасында танымал болуына қолдау таныту өзінің міндеті деп санайды.


Рымбала Бексыргаева құрақ көрпе - қазақтың әжелері мен аналары жасаған өнер туындысы деп есептейді. Құрау техникасындағы көрпе (орыстың «одеяло» сөзінен) көпшенділерде ішкі жиһаздың: орындықтардың, матрастар мен құс жастықтың орнына жүрді. Көпшелі өмір салты өткен күндер еншісінде қалғанына қарамастан, таспалы көрпелер оған деген қажеттілікті жоғалтқан жоқ. Рымбаланың еңбек жолында камзолдар, қазақтың ұлттық көйлектері мен сәукелелерді тігуіне тура келгенімен, таспалы бұйымдар тігу қолөнершінің жанына жақын болып шықты. Сондықтан зейнетке шыққан бойда, Рымбала көрпе мен қыз жасауын (орыстың «девичье приданое» сөзінен) тігуге құлшыныспен кірісті. Зейнеткердің шағын бизнесі клиенттердің ұсыныстарымен жасалған дәл осы тапсырыстардан басталды.


Бұрын таспалы көрпенің іші мұқият тазартылып, жуылған жүнмен толтырылатын болған. Қазір қолөнерші әлдеқайда қауіпсіз, гипоаллергенді материалдарға көшті. Рымбала көрпені өз қолымен және жан-тәнін сала отырып тігеді. Егер таспалары мен ою-өрнектері дайын болса, бір бұйымға бір күндік уақыт кетеді, алайда көрпенің кейбір түрлері қөп жұмысты қажет етеді. Оларға арналған таспалар ауаны жақсы өткізетіндігімен ерекшеленетін патшалық велюрден жасалады. Материал қыртыстанбайды, иесі мен қонақтардың көзін тартып, ұзақ уақыт бойы қуантады.


Адамдар Рымбалаға тек көрпеге тапсырыс беру үшін ғана емес, тігінді үйрену үшін де келіп жатады. Қолөнерші мұның оңай шаруа емес екенін алдын-ала ескертеді: өрнектер бір-бірімен қабысуы үшін таспаны дәл өлшеп, кесу және тігу керек; табандылық пен ұқыптылық аса маңызды. Қолөнерші білгенімен және өмірлік тәжірибесімен қуана-қуана бөліседі - оның отбасында қызы мен немересі кәсіби түрде тігеді.


Осы уақытқа дейін құрақ көрпе - қазақстандық үйдің айнымас атрибуты болып келеді. Оларды қалауына қарай сатып алып жатады, алайда оның рухани тағайындалымының мәні: отбасы дәнекерін нығайту, жанға жайлылық пен ұзақ өмір тілеу екенін ұмытпаған жөн. 

Өтінім сәтті жіберілді
Сіздің сұрағыңыз сарапшыға жіберілді
Сіздің бизнес карточкаңыз модерацияға жіберілді. Тексеруден кейін поштаңызға хабарлама келеді.
Түсінікті
Ваша карточка бизнеса отправлена на модерацию. После проверки Вы получите уведомление на почту.
Түсінікті
Сіздің өтініміңіз модерацияға жіберілді және модератор тексергеннен кейін белсенді болады. Ол туралы поштаңызға хабарлама келеді
Сіздің өтініміңіз модерацияға жіберілді, модератор тексергеннен кейін деректер жаңартылады. Ол туралы поштаңызға хабарлама келеді
Captcha қателігі. Парақшаны қайта жүктеп, әрекетті қайталап көріңіз