NIET.WOMAN әйел кәсіпкерлер қауымдастығы: «Бізге бәрібір емес»

2018 жылы Өскемен қаласының бірнеше кәсіпкері қалаға жаңа кейіпкер керек деп шешті. Осылайша, әйелдерге бизнесін дамытуға көмектесетін, ерекше балалары бар отбасылар үшін ақша жинаумен қайырымдылық іс-шараларын өткізетін, ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдайтын және көптеген басқа да іс-шаралар атқаратын NIET.WOMAN қауымдастығы пайда болды. Бұл қауымдастық туралы оның негізін қалаушы және төрағасы Әлия Жигитаева толығырақ айтып береді.


«Ниет» сөзі қазақ тілінде «ынта, ұмтылыс» деген синонимдерге ие. Қазақ халқында қиын жағдайға тап болған кез-келген адамға қолдау көрсету қалыпты жағыдай болды және ол таза, риясыз ниетпен жасалады. Осы мақсатта бірнеше жыл бұрын Өскеменде біздің NIET. WOMAN қоғамдық бірлестігі құрылды.


Ресми түрде біз NIET.WOMAN-ды.2018 жылы тіркедік, бірақ бәрі әлдеқайда ертерек басталды. Алдымен біз қаламызда Business Women ' s Day деп аталатын әйелдерге арналған бірінші Форумды ұйымдастырдық. Ол кезде оған 300-ден астам кәсіпкер әйелдер қатысты. Біздің әрқайсымыздың жеке бизнесіміз болды, кофе үстінде жиі кездестік, әртүрлі мәселелерді талқыладық, идеялар мен білім алмасып, ең бастысы бір-бірімізді қолдадық.


Біздің ойымызша, бұл бірінші форум біздің қаламыздың аймақтың дамуына үлес қосқысы келетін бастамашыл әйелдерінің жиналып, бірге жұмыс істеуіне серпін берді. Жалпы дауыс беру арқылы мен төраға болып сайландым, бұл мен үшін үлкен құрмет және сонымен бірге үлкен жауапкершілік болды.


Бүгін NIET.WOMAN-нің қаңқасын 13 әйел құрайды. Олардың барлығы бизнеспен айналысады. Өткен жылы біздің қоғамдастықтың үш қатысушысы халықаралық үлгідегі коуч сертификаттарын ала алды, енді олар қаланың барлық әйелдеріне бизнес саласында көмектеседі, кеңестер береді. Сонымен қатар, біз әйелдерге арналған Niet -пен Restart өзін-өзі дамыту курсын бастадық, онда ең өзекті тақырыптар бойынша сабақтар өткіземіз.



«Мен үшін, ең алдымен, NIET.WOMAN – пікірлес әйелдер қауымдастығы. Олар - сіз дос бола алатын, қайырымдылық жобаларын жасай алатын, өз бизнесіңіз үшін қолдау ала алатын әйелдер».

Әлмира Құрманғалиева, кәсіпкер, NIET.WOMAN басқарма мүшесі


Біздің қала шағын ғана, әлі «ұйықтап» жатқандай. Сондықтан біз Өскеменде қызықты және жағымды оқиғалар, іс-шаралар болғанын қалаймыз. Әйелдердің өзін-өзі дамытуына көмектескіміз келді, сондықтан спикерлерді шақыра бастадық, білімдерімен бөлісіп, нетворкинг-алаң құра бастадық. Бірте-бірте біз мақсаттар тізімін кеңейттік. Бұл - әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға, қоғамның дамуына қосқан үлесіміз, қолымыздан келген көптеген қоғамдық міндеттерді шешу, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылымыздың көрінісі. Біз әрқашанда қайырымдылықпен шұғылданамыз. 2-3 жылдың ішінде адамдардың сеніміне ие болдық. Мысалы, демеушілер бізге өздері хабарласып, өз көмектерін ұсынады. Сондай-ақ қолдауды қажет ететін ұйымдар жүгінеді: жабдық сатып алуға мүмкіндігі жоқ оңалту орталықтары немесе жабдықтауды қажет ететін мектептер, мысалы, ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған ресурстық сыныптары. Біз бұл балалардың қарапайым балалармен тең жағдайда білім алуын қалаймыз. Сондай-ақ біз аутизмі бар балаларды оңалтудың  «Ғажайыптар әлемі» орталығын ашуға көмектестік. Ол өз жұмысын бастау үшін қаражат жинадық. Егер ол сол кезде жәй  орталық болса, қазір, екі жылдан кейін, бұл аутизммен ауыратын көптеген балаларды қабылдайтын толыққанды балабақша. Биыл церебралды сал ауруы бар балаларды оңалту орталығына көмектесуді жоспарлап отырмыз.



«Мен үшін NIET. WOMAN  - өзіңді жақсы жаққа бұрру, бұл әлемді жақсарту, айналаңыздағылар мен сүйікті  қалаң үшін маңызды нәрсе жасау мүмкіндігі. Біз көмектесуге дайынбыз».

Альбина Субебаевна, сәнді киім желісінің жетекшісі, блогер,NET WOMAN басқарма мүшесі.


2019 жылдың көктемінде біздің қауымдастық  «Ізгі көктем» атты үлкен қайырымдылық балын ұйымдастырды. Оған жас жігіттер, бизнесмендер, Өскемен қаласының әкімдігі және қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысты.


Бұл қайырымдылық балдың басты мақсаты тек қаражат жинау ғана емес, қоғамға бізде ерекше қажеттіліктері бар адамдар бар екенін және олардың көп екенін білу болды. Біз оларға неғұрлым тезірек көмектессек, балаларымыз соғұрлым сау болады. Осы жылдың соңына дейін біз қайырымдылық жобасы аясында тағы бір ауқымды іс-шара өткіземіз.


Ірі жобалардан басқа, біз шағын акциялар ұйымдастырамыз: ардагерлердің үйлеріне ифтар тасымалдау, жақсы жағдайда сақталған заттар сатылатын  гараж-sales, ал түскен қаражат онкологиялық науқастарды емдеуге жіберіледі. Әдеби таңғы ас, бизнес таңғы ас, мастер-майндтар үнемі өткізіліп тұрады.



«Мен үшін NIET.WOMAN - бұл әлеуметтік кәсіпкер ретінде өз әлеуетімді іске асыратын үлкен жоба. Менің ойымша, өзін-өзі тану әйел үшін өте маңызды, сондықтан біз әйелдерге ғана емес, бизнеске де қолдау көрсетеміз».

Еркежан Тұрсынбаева, әлеуметтік кәсіпкер,

Семей қаласындағы NIET.WOMAN филиалының төрағасы


Пандемия және коронавирус кезінде NIET.WOMAN-ға қайта құрылу қиын болды, біздің қоғамдастықтың әр мүшесінің бизнесі зардап шекті. Осыған қарамастан, біз үш қалалық ауруханаға жеке қорғаныс құралдары мен оттегі ылғалдандырғыштарын алуға көмектесе алдық.


Бірнеше жыл ішінде бізді білетіндердің барлығының алдында бедел мен сенімге ие бола алдық және өз құндылықтарымыз бен мақсаттарымызға адал болдық. Біздің ең басты жетістігіміз – өзін-өзі дамытып, басқаларға көмектесу арқылы өзімізге көмектесетін белсенді, бастамашыл әйелдің бейнесін жасай алдық. Бұл бейне - ананы, әдемі жұбайды, іскер әйелді және қамқор адамды біріктіретін әйелдің бейнесі. Біз бұдан әрі де көп жұмыс істеуді жоспарлап отырмыз және мүмкін болса, қаламыздың тұрғындарының өмірін біршама жақсартамыз.

Өтінім сәтті жіберілді
Сіздің сұрағыңыз сарапшыға жіберілді
Сіздің бизнес карточкаңыз модерацияға жіберілді. Тексеруден кейін поштаңызға хабарлама келеді.
Түсінікті
Ваша карточка бизнеса отправлена на модерацию. После проверки Вы получите уведомление на почту.
Түсінікті
Сіздің өтініміңіз модерацияға жіберілді және модератор тексергеннен кейін белсенді болады. Ол туралы поштаңызға хабарлама келеді
Сіздің өтініміңіз модерацияға жіберілді, модератор тексергеннен кейін деректер жаңартылады. Ол туралы поштаңызға хабарлама келеді
Captcha қателігі. Парақшаны қайта жүктеп, әрекетті қайталап көріңіз