Здоровье
Қандай негізгі дәрумендерді үнемі қабылдау керек?

Мен айналамдағы адамдардан:  «Ал менің әжем мен анам ешқашан ешқандай дәрумендер ішпеген, жап-жақсы өмір сүріп жатыр» деген сөзді жиі естимін…. Ал олар қалай өмір сүріп жатыр деп қарсы сұрақ қойғың келеді? Олар қаншалықты сау? Олардың өмір сапасы қандай? Олардың қаншама созылмалы аурулары бар екен?  


Әрине, біздің әжелеріміз аналарымызға және бізге қарағанда қоректік заттары мол өнімдерді тұтынды. Мұның себебі неде? 


Себебі – топырақтың құнарсыздануы. Жер шарындағы адам санының артуы, өнімдерді өнеркәсіптік ауқымда өсіру, топырақты пайдалану нормаларын бұзу топырақ эрозиясына, жер ресурстарының минералды құндылығының жоғалуына алып келді.   


Ұлыбритания Корольдік қауымдастығының химия саласындағы зерттеулеріне сәйкес өнімдердің минералды құрамының төмендеуі келесідей:


 Минерал   Көкөністер  Жемістер  Ет  Сүт
 Натрий  49%-ға кем  29%-ға кем   30%-ға кем          14%-ға кем        
 Калий  16%-ға кем  19%-ға кем  16%-ға кем  3%-ға кем
 Фосфор  9%-ға кем  2%-ға кем  28%-ға кем  2%-ға кем
 Магний  24%-ға кем  16%-ға кем  10%-ға кем  2%-ға кем
 Кальций  46%-ға кем  16%-ға кем  41%-ға кем  2%-ға кем
 Темір  27%-ға кем  24%-ға кем  54%-ға кем  62%-ға кем
 Мыс  76%-ға кем  20%-ға кем  24%-ға кем  100%-ға кем

Соңғы ғасырларда селекционерлер мол өнім беретін, ұзақ сақталатын, зиянкестерге және ауруларға төзімді, оңай тасымалданатын өсімдіктерді өсіруге бар күшін салып жатыр. Бұл ретте өнімдердің қоректілігі, минералды және дәруменді құрамы сияқты қасиеттеріне мүлдем назар аударылмады.    


Сіз өз бақшаңызда өсірілген өнімдер мен супермаркеттен сатып алынған өнімдердің дәміндегі айырмашылықты байқаған шығарсыз? Оның себебі мынада – өнеркәсіптік мақсатта қоректік құндылығы ең соңғы орында тұратын өсімдік сорттары таңдалады.        


Біздің ағзамыз – бұл биохимиялық фабрика, оны өңдеу үшін көптеген қоректік заттар қажет. Мысалы, ағзаның басты сүзгісі – бауыр В тобындағы дәрумендермен, С дәруменімен, күкіртпен, магниймен, мырышпен және басқа минералдармен қамтамасыз етілуі қажет. Ең дұрысы, біз осы компоненттердің барлығын тамақпен бірге алуымыз керек. Бірақ егер өнімде қажет нәрсенің бәрі болмаса, не істеу керек? Әрине, жетіспейтін компоненттерді биологиялық белсенді қоспаларды (ББҚ) қабылдау арқылы толықтыруымыз керек.


ББҚ – биологиялық белсенді қоспа, бұл дәрілік зат болып табылмайтын тағамға қосымша қоспа. ББҚ ағзадағы тапшылықты түзетуге, тамақтану рационын оңтайландыруға, денсаулықты және көңіл-күйді жақсартуға  көмектеседі. ББҚ дәрумендер, минералдар, амин қышқылдары, спорттық тамақтану, алмастырылмайтын майлы қышқылдар, пробиотиктер, табиғи қоспалар (шөптер, сығындылар, жемістер, тұнбалар және т.б.) жатады. Қосымша қоректік заттарды қабылдау әсіресе жоғары тамақтану қажеттіліктері бар адамдар тобына өте маңызды: барлық жастағы балалар, жүктілікті жоспарлап жүрген жұптар, жүкті және бала емізетін әйелдер, қарттар.


Өз тәжірибеме сүйеніп, мен 1-2 ай бойы жылына 3-4 рет тұрақты курспен қабылдауды қажет ететін бірнеше дәрумендерді, дәруменге ұқсас заттар мен минералдарды атап өткім келеді: Д3 дәрумені, магний, омега 3, мультидәруменді/мультиминералды кешен.


Күннің астында аз жүретіндіктен, біз Д3 дәруменін мүлдем алмаймыз. Д3 дәрумені күн сәулесінің әсерінен теріміздің астындағы май қабатында табиғи жолмен түзіледі. Бірақ Сіз күннің астында қаншалықты көп жүресіз? Терісі қара адамдар Д3 дәруменінің жетіспеушілік қауіпіне жиі ұшырайтынын біліп пе едіңіз?  Өйткені күн сәулесі олардың терісіне нашар енеді, сондықтан Д3 дәрумені аз түзіледі.  


Д3 дәрумені жетіспеушілігінің ең айқын белгісі – сынғыш тырнақтар, әлсіз иммунитет және буындардағы ауру. Д3 дәруменін (әсіресе Д3 холекалфиферол) ересектер 3000-4000 МЕ профилактикалық дозада 2 ай бойы жылына 3-4 рет қабылдауы керек. Әсіресе бұл қысы ұзақ аймақтарға қатысты.   


Магний – ағзадағы 400-ден астам биохимиялық реакцияға қатысатын эсенициальды (өмірлік маңызды) минерал. Ол күйзеліске ұшырағанда тез сарқылады. Ал қазір біздің өміріміз күйзеліске толы. Магнийді 200-400 мг профилактикалық дозада 2 ай бойы жылына 3-4 рет қабылдау керек. Магний жетіспеушілігінің белгілері — күйгелектік, ашуланшақтық, түнде нашар ұйықтау.   


Омега-3 алмастырылмайтын май қышқылдарына жатады, оны біздің ағзамыз түзе алмайды, сондықтан ол сырттан келіп түсуі керек.  Омега-3  біз майлы балықтан аламыз. Егер сіз аптасына 1-2 рет балық жемесеңіз, онда Омега-3 қосымша қабылдау керек.  Ересектер үшін Омега-3 тәуліктік профилактикалық дозасы 1-2 грамды құрайды. Оны жылына 2-3 рет 2 ай бойы қабылдау керек.  


Мультидәруменді және мультиминералды кешендерге келетін болсақ, олардың құрамында барлық ең маңызды дәрумендер мен минералдардың профилактикалық дозасы бар, бұл ағзаны барлық қажетті қоректік заттармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тұтас өнімдерден өндірілген кешендерді таңдаңыз (әдетте қаптамада whole food деп көрсетіледі). Мұндай кешендерді 1-2 ай бойы жылына 2-3 рет ішуге кеңес беремін.   


Жоғарыда келтірілген ұсыныстарды орындау сізге аурулардың алдын алуға және белсенді ұзақ өмір сүруге мүмкіндік береді. Аман-сау болыңыз!


Автор Гаухар Серікқали, нутрицитология магистрі, салауатты өмір салты жөніндегі маман

 



Өтінім сәтті жіберілді
Сіздің сұрағыңыз сарапшыға жіберілді
Сіздің бизнес карточкаңыз модерацияға жіберілді. Тексеруден кейін поштаңызға хабарлама келеді.
Түсінікті
Ваша карточка бизнеса отправлена на модерацию. После проверки Вы получите уведомление на почту.
Түсінікті
Сіздің өтініміңіз модерацияға жіберілді және модератор тексергеннен кейін белсенді болады. Ол туралы поштаңызға хабарлама келеді
Сіздің өтініміңіз модерацияға жіберілді, модератор тексергеннен кейін деректер жаңартылады. Ол туралы поштаңызға хабарлама келеді
Captcha қателігі. Парақшаны қайта жүктеп, әрекетті қайталап көріңіз