Здоровье
Неліктен аурулардың алдын-алумен айналысқан маңызды?

5 минутқа кідіре тұрыңыз ... және ойланыңыз ... Неліктен аурудың алдын-алумен айналысқан маңызды? Әрбір таң сайын тұрып, күнімізді өткізіп жатқанымызда біз биохимиялық процестер деңгейінде жасушаларымызда бір нәрсе өзгеріп жатқандығы,  кей-кейде өзгерістер қайтымсыз болып ... аурулар мен қартаюға әкеліп жататындығы жайында ойланбаймыз ... Өз ойымды жеткізу үшін мен екі мысалды көрсетемін…


Жас бойжеткен өмірін өз жоспарына қарай құрады. Тұрмысқа шығады, жүкті болады. Жүктілік еш қиындықсыз өтеді, бірақ артық салмақ жинай бастайды... «мен жүктімін ғой, тоқаштар мен десерттерді жеуіме болады». Содан кейін босану, тұңғыш бала. Ана болу бақыты! Қуаныш! Эйфория! Бала туылғаннан кейін қалыпқа келу салыстырмалы түрде тез жүреді ... бірақ салмақтан арылмайды. «Мен бала еміземін ғой, сондықтан көп жеймін», мүмкін сондықтан салмақ кетпей жатқан болар. Қамқорлық жасау, машақат. Бала дүниеге келгеннен бастап өмірі соның айналасында өрби бастайды: «жарайды, бала өседі, тәуелсіз болады, содан кейін мен өзіммен айналысамын». Ұйқысыз түндер, шаршау, әлі кешкі асты дайындап, үйді де жинап қою керек ... бір сөзбен айтқанда барлық ресурс «басқасына» сарп етіледі, «өзімен айналысып әлі-ақ үлгереді». Үлгеремін деп ойлайды.


Бірінші бала 1 жасқа толып, әйел бірден екінші баланы дүниеге әкеліп алайын деп ойлайды. Бірге өссін, бірге ойнап, бір-бірінің көңілін табады, достарға айналады, маған да оңайырақ болады деген ой түйеді. Қайтадан жүктілік, салмақ қосу, «енді, бір-екі килограмм» - бұл өткен жүктілікте болған 5 кг-ға қарағанда көп емес, алайда оның нәтижесінде салмағы 7 кг-ға артқандығы қандай да бір себеппен назардан тыс қалады. Бірақ екінші рет босанғаннан кейін қалыпқа келу ұзаққа созылады. Тері бұрыңғыдай серпімді емес, қарын ұзақ уақыт салбырап тұрды, либидо нөлге тең…


Үй шаруасы одан да еселене түсті ... бұрыңғыдан да қатты шаршап-шалдығу. Алайда «менің ағзама не жетіспейтініне» құлақ асуға уақыт жоқ, дұрысында бұл мәселенің маңыздылығы кейінге қалдырылған, өйткені үй шаруасы, балалар, күйеу одан да маңыздырақ ... Айтпақшы, күйеу жайында – неге екені ол үйде аз уақытын өткізе бастады…


Балалар балабақшаға барды, енді ағзада қандай да бір ақаулардың бар-жоғын тексеріп көруге болады, өйткені 7 кг сол күйі кетпей қалды емес пе. Жоқ, біздің кейіпкеріміздің одан да маңызды шаруалары бар - жөндеу жұмыстарын жүргізу керек, отбасылық сапарға ақша жинау, туыстарға көмектесу қажет ... содан кейін, осы шаруалар біткен соң, барып тексерілемін дейді. Бірақ осы «шаруаның» барлығы ұзақ жылдарға созылады. Міне содан, сол бір жас, жігерлі бойжеткен «қабағы қатқыл» әйелге айналады. Таңертең ісінген күйде оянатын сәттері жиілейді, күш-қуаты балаларды мектепке жіберіп, түскі асты дайындауға ғана жетеді. Қазір кофесіз сергектенуі де қиын, ұйқысыздық жиі мазалайды. Армандар ше ... оларға көңіл хошы жоқ, өйткені «қашанда шаршаңқы». Жанары да оттай жануын қойған…


Міне, күндердің күнінде, таңертең орнынан тұруы қиындап, күйеуі «бәрін керісінше жасайсың, кәрі болып көрінесің» деп көңілі толмайтындығын айта бастаған кезде, ол барып тексерілуді ұйғарды. Тексеру темірдің қатты тапшы екендігін, гормондар мен маңызды дәрумендердің жетіспейтіндігін көрсетті. Көптеген дәрі-дәрмектерді тағайындалып, көп ақша жұмсайды, бірақ жақсы нәтижеге қолы жете қоймайды... ол бір дәрігерден екіншісіне жүгіреді... бәрінің жазып беретіні бір. Алайда «ішілгеннен» болған нәтиже көңіл қуантпайды, бұл күйзелісті де еселей түседі. Міне, бір күні 40+ күйеуі «Мен басқаны жақсы көремін» дейді, «басқасы» жастау, жігерлірек... әдемілеу, дәл бір кездегі өзіндей болады. Бірақ жас және жігерлі «мен».... қайда «кетті»?



Көрші үйде басқа бір қыз тұрады. Оның да өз жоспарлары бар. Тұрмысқа шықты. Арада біраз уақыт өткеннен кейін күйеуі екеуі балалы болуға дайынбыз деп ұйғарды. Ол жүктілік әйелден көп ресурсты алып қоятынын, сондықтан бұл процеске дайындалу керек екенін түсінді. Қалай болғанда да дені сау ана өмірге сау баланы әкеледі.


Жүкті болмастан алты ай бұрын ол негізгі тексеруден өтіп, одан темір мен кейбір дәрумендердің жетіспейтіндігі анықталды. Ол мұның барлығын қоспалармен толықтырды (асқынуға жол бермеген кезде бірден дәрі-дәрмектерді қабылдамастан, қоспалармен қолдау таныту да жеткілікті). Сондай-ақ, диетологпен кеңесіп, ол пайдалы тамақтану рационын жасап берді, ол мұны жүктілік кезінде де сақтады, бұл артық салмақ қосып алмауға мүмкіндік берді. Жүктілік жеңіл өтті, босану да оңай болды. Қуаныш, эйфория! Алайа бір-екі айдан кейін ол тез шаршап қалатынын байқай бастады.


Негізгі көрсеткіштерді: темірді, Д дәруменін, қалқанша безін тексеріп көруді ұйғарды. Анасынан бір-екі сағат сәбидің жанында бола тұруын өтініп, талдамаларын тапсырды. Денсаулық жөніндегі маманды онлайн тауып, кеңес алды. Тамақтану, дәрумендер, өмір салты жөнінде ұсыныстар алып, оларды орындай бастады. Бір-екі ай өткеннен кейін ол айналасындағылардан: «сен балаң бар болғаны 6 айлық болғанына қарамастан, тіпті босанбаған адамдай сымбатты көрінесің» дегендей қошемет сөздер ести бастады... Ал күйеуі болса әйелінің ана болғанына қарамастан, үйленгенге дейінгі кездегідей тартымды көрінетіндігін мақтан ете бастады. Бала өсті, жасы 3-ке толды. Бойжеткен екінші баланы жоспарлауды ұйғарды. Қайтадан негізгі чек-аптан өтіп, ненің жетіспейтінін анықтап алды, толықтырды. Жүкті болды, босанды. Қалпына келу жағынан проблемалар болған жоқ.  


Уақыт өтіп жатты, ол әрқашан денсаулығына, денесінің берген белгілерге мұқият көңіл бөлді. Жыл сайын чек-аптан (тексерулер) өтіп тұрды, бұл денсаулығындағы кейбір кемшіліктерді тез түзетуге мүмкіндік берді.


Күш-қуаты көп болды. Өз бизнесін ашып, мүдделестер тобын құрды. Күйеуі әрдайым жанында болып, көмектесті, қолдап жүрді. Содан 40 жасында ол өзінің мерейтойында жақындарының - күйеуінің, балалары мен туған-туыстарының ортасында отырды. Барлығы оны құттықтап, оған қошемет сөздерін айтып жатты және оның бойындағы сарқылмас энергия сәулесінен жылулық тапты.


Бұл оқиғалар ойдан шығарылғанымен, бұл менің емделушілерімнің типтік хикаялары.



Маған әрдайым өз денсаулығына қамқорлық жасап, әсіресе өміріндегі маңызды оқиғалар алдында негізгі көрсеткіштерін үнемі тексертіп отыратын жігерлі әйелдер келеді.


Соңғы рет қашан талдамаларын тапсырғаны есінде де қалмаған, қалай дұрыс тамақтанып, қандай негізгі дәрумендерді қабылдау керектігін білмейтін әйелдер де келіп жатады.



Бірінші топқа көмектесіп, денсаулығын түзетіп жіберу қашанда оңай. Ал екінші топтағы әйелдерге көп нәрсені өзгертіп, қабылдауына тура келеді, мұның бәрі ұзаққа созылады және қиынға соғады.


Сәйкесінше, бұл санаттардың өмірдегі нәтижелері де мүлдем екі түрлі. Бірінші топтағы әйелдер көбіне-көп табысты және бақытты жандар.



Екінші топтағы әйелдерді жиі енжарлық, торығу сезімдері басып қалады. Олар өз-өздерін өмірде аз көрсете білді және отбасылық өмірі де айтарлықтай бақытты емес.


Бұл мысалдар аурудың алдын-алу әйелдерге қалай белсенді түрде ұзақ өмір сүруге мүмкіндік жасайтынын, ұзақ уақыт бойы жас және жігерлі күйде қалуы үшін ресурс беретінін көрсетіп берді ... Энергия-бұл бақыт пен сәттіліктің негізі!



Тақырып бойынша ұсынылатын әдебиеттер:

1.      Transcend – Девять шагов к вечной жизни.  Авторы Рэй КурцвейлТерри Гроссман - https://www.litres.ru/rey-kurcveyl/transcend/chitat-onlayn/

2.      Восемь секретов здоровья: исповедь современного номада. Автор Алмаз Шарман: https://vitalem.kz/8-sekretov-zdorovya/




Өтінім сәтті жіберілді
Сіздің сұрағыңыз сарапшыға жіберілді
Сіздің бизнес карточкаңыз модерацияға жіберілді. Тексеруден кейін поштаңызға хабарлама келеді.
Түсінікті
Ваша карточка бизнеса отправлена на модерацию. После проверки Вы получите уведомление на почту.
Түсінікті
Сіздің өтініміңіз модерацияға жіберілді және модератор тексергеннен кейін белсенді болады. Ол туралы поштаңызға хабарлама келеді
Сіздің өтініміңіз модерацияға жіберілді, модератор тексергеннен кейін деректер жаңартылады. Ол туралы поштаңызға хабарлама келеді
Captcha қателігі. Парақшаны қайта жүктеп, әрекетті қайталап көріңіз