Здоровье
СБҚІ алдын алу

pexels-anna-shvets-3900428.jpg

Сүт безінің қатерлі ісігі (СБҚІ) - әйелдерге де, ерлерге де әсер ететін қатерлі ісік түрлерінің бірі. Қатерлі ісік жасушалар өзгеріп, бақылаусыз көбейіп, ісікке айналғанда туындайды. Ісіктер қатерсіз және қатерлі болып бөлінеді, және екі түрі де медициналық назар аударуды қажет етеді, дегенмен екінші түрі денсаулыққа өте қауіпті.


Сүт безінің қатерлі ісігін қосқанда, қандай да бір аурумен ауыру қаупі туралы сөз еткенде, біз әрқашан қауіп факторларын меңзейміз. Қауіп факторлары өзгермейтін және өзгеретін болып бөлінеді. Егер сізде қауіп факторлары болса, бұл сіздің 100% қатерлі ісік ауруымен ауыратындығыңызды білдірмейді, бірақ бұл сіз басқа адамдарға қарағанда бұл ауруға ерекше назар аударып, скринингтен өтіп, прогресті бақылауда ұстауыңыз керек деген сөз. Өкінішке орай, егер сізде қауіп факторлары болмаса да, сіз СБҚІ-мен ауыруып қалуыңыз мүмкін.   


Жалпы айтқанда, 45-50 жастағы әйелдерде, егер сізде осындай диагнозы бар жақын туыстарыңыз болса, менопаузадан кейін гормонды алмастыратын терапия жасасаңыз және кеш бала туып, оны емшекпен емізбесеңіз, СБҚІ-мен ауыру қаупі жоғары. Негізінен СБҚІ туындауына көптеген факторлар әсер етуі мүмкін, олардың негізгілері төмендегі кестеде келтірілген. Бірінші бағанда қауіп факторлары мен қорғау факторлары берілген, егер олар сізде бар/жоқ болса, сіз өзіңізді төмен немесе жоғары қауіп санатына жатқыза аласыз. «Салыстырмалы қауіп» бағаны екі топтың арасындағы айырмашылықты көрсетеді.

Кестені қараңыз


Сіздің қолыңыздан не келеді?

Қауіп факторлары өте көп болса да, сіз қауіпті азайту үшін қадамдар жасай аласыз. Ол үшін темекі шексеңіз, темекі шегуді тоқтату керек, алкоголь ішуді азайтқан немесе мүлдем тоқтатқан абзал, тұрақты физикалық белсенділікпен айналысу керек, құнарлы тамақ ішу керек, рационға жемістер, көкөністер, балық, зәйтүн майын қосқан дұрыс, қызыл және өңделген майдың мөлшерін азайту қажет. Сонымен қатар, өмір сүру салтындағы мұндай өзгерістер жалпы денсаулыққа оң әсер етеді және басқа аурулардың туындау қаупін азайтады.


Егер көптеген параметрлер бойынша сізде СБҚІ даму қаупі жоғары болса, онда сіз онкологқа қаралып, скринингтен өтуіңіз керек. Скрининг қатерлі ісік ауруының қаупін төмендетпейді, бірақ қатерлі ісіктен болатын өлім қаупін азайтады. Кез келген онкологиялық ауруды неғұрлым ертерек анықтаса, соғұрлым одан емделу жеңілірек болады. Скрининг әдетте маммографияны білдіреді, бірінші кезеңде кеудені рентгенге түсіреді. Егер нәтиже оң болса, сізге қосымша тексеруден өту ұсынылады. Тұрақты скринингті қаншалықты ерте және қаншалықты жиі өткізіп тұруын дәрігеріңізбен бірге ақылдасыңыз.


Сондай-ақ кейбір жағдайларда дәрігер эстроген деңгейіне әсер ететін қандай да бір дәрі-дәрмектерді жазып беруі мүмкін, бұл қатерлі ісік ауруының қаупін азайтады. Бұл әдіс қатерлі ісіктің барлық түріне сәйкес келе бермейтінін есте ұстаған жөн. Егер кеңес беру мен тексеруден кейін СБҚІ даму қаупі жоғары екендігі анықталса, дәрігер емшекті және қажет болған жағдайда аналық безді алып тастау үшін хирургиялық операция ұсынуы мүмкін.


Қазақстанда сүт безі қатерлі ісігіне тұрақты скринингтен 40 жастан бастап әрбір екі жыл сайын өту ұсынылады. 


*Мақала танымдық сипатқа ие және оның негізінде шешім қабылдауға болмайды. Тексерілу, диагноз қою және емдеу жоспарын анықтау үшін дәрігерге қаралаңыз.   



Өтінім сәтті жіберілді
Сіздің сұрағыңыз сарапшыға жіберілді
Сіздің бизнес карточкаңыз модерацияға жіберілді. Тексеруден кейін поштаңызға хабарлама келеді.
Түсінікті
Ваша карточка бизнеса отправлена на модерацию. После проверки Вы получите уведомление на почту.
Түсінікті
Сіздің өтініміңіз модерацияға жіберілді және модератор тексергеннен кейін белсенді болады. Ол туралы поштаңызға хабарлама келеді
Сіздің өтініміңіз модерацияға жіберілді, модератор тексергеннен кейін деректер жаңартылады. Ол туралы поштаңызға хабарлама келеді
Captcha қателігі. Парақшаны қайта жүктеп, әрекетті қайталап көріңіз