Здоровье
Әйелдерге арналған скринингтер

pexels-mikhail-nilov-8851719.jpg

Кез келген аурудың салдарын емдеуден гөрі алдын алу оңайырақ. Қазіргі заманғы медицина бұған бет бұрып жатыр. Бұл салауатты өмір салтын ұстану арқылы аурудың дамуына жол бермеуге негізделеді. Алайда, бұны жеткілікті деп айтуға келмейді. Сондықтан ара-тұра скринингтен өтіп тұру қажет. Скрининг – бұл асқынып келе жатқан ауруды анықтау немесе оны бастапқы кезеңдерде жою үшін сау адамдарды профилактикалық тексеру процедурасы.


Скринингті өз өміріңізге ендірудің бірнеше жолы бар. Бір жағынан, кейбір жекеменшік клиникалар толық тексеру қызметтерін ұсынады, онда сізді басынан аяғына дейін тексеріп, қандай да бір аурудың бар-жоғын анықтап береді. Тексерістердің көп бөлігі қажет болмауы мүмкін, бірақ екінші жағынан, оның көмегімен сирек кездесетін ауруларды да анықтауға болады. Егер ресми ұсыныстар туралы айтатын болсақ, бүгінгі таңда әлемдік тәжірибеде сізді скринингтің белгілі бір жиілігіне байланыстыратын қатаң хаттамалар жоқ, дегенмен, жасыңыз келген сайын, аурулар да төбе көрсете бастайды, сондықтан жиі скринингтен өтіп тұру қажет болады.


Қазақстан Республикасында скринингтен өтудің өз ұсыныстары бар, сондай-ақ мен халықаралық ұсыныстарды да келтіремін. Бірақ егер сіз өзіңізге лайықты жеке кесте жасағыңыз келсе, онда сіз өзіңіздің терапевтіңізбен немесе отбасылық дәрігеріңізбен сөйлесуіңіз керек, оған қазіргі уақытта денсаулығыңызда қандай проблемалар бар, бұрын қандай проблемалар болғанын, әдеттеріңіз бен өмір салтыңызды толықтай айтып беріңіз. Ең бастысы, дәрігерден ештеңе жасырмаңыз, ұялмаңыз және өзіңізді жақсы сезінетіндей көрсетуге тырыспаңыз.  Шынайы болыңыз.


ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсыныстары: 


v  Жүрек және қан айналымы жүйесі аурулары, қант диабеті, сүт безі қатерлі ісігі, глаукома – 40 жастан бастап әр 2 жыл сайын

v  Жатыр мойны обыры – 30 жастан бастап әр 4 жыл сайын

v  Ішек пен тік ішектің қатерлі ісігі – 50 жастан бастап әр 2 жыл сайын

v  Созылмалы B және С гепатиті – егер сізде қауіп факторлары болса: 

                ·       қан ауруы

                ·       қатерлі ісіктер

                ·       гемодиализде болсаңыз

                ·       егер сізге ота жасалған болса 

                ·       егер сізге қан немесе оның компоненттері құйылған болса 


Әйелдерге арналған халықаралық ұсыныстар: 


1.     Жүрек-қантамыр жүйесі – 20 жастан бастап әр 3-5 жыл сайын 


2.     Артериялық қысым – егер гипертензия және/немесе артық салмақ диагнозы болса, жылына бір рет   


3.     Холестерин – 45 жастан бастап жылына бір рет


4.     Қант диабеті 2 түрі – жағдайыңызға байланысты: егер қант мөлшері жоғары болса, жыл сайын, егер қауіп факторлары болса, бірақ қант мөлшері қалыпты болса – әр 3-5 жыл сайын 


5.     Остеопороз – барлық әйелдерге 65 жастап бастап. Егер қауіп факторлары болса, ертерек бастауға болады 


6.     Стоматолог – жылына 1-2 рет


7.     Окулист – жиілігі көз денсаулығына байланысты: егер проблема болса, жылына 1-2 рет 


8.     Егер қауіп факторлары болса, темір, қалқанша без гормондарының, Д витаминінің деңгейін тексеруге болады 


9.     Сүт безінің қатерлі ісігі – егер қауіп факторлары болмаса, 40 жастан әр 1-2 жыл сайын 


10. Жатыр мойны обыры – егер қауіп факторлары болмаса және Сіздің жасыңыз 30-65 жас аралығында болса, онкоцитологияға және адам папиллома вирусына әр 5 жыл сайын тест тапсыру қажет. Егер жасы 65 жастан асса, онда әр 3 жыл сайын. 


11. Аналық без қатерлі ісігі – егер қауіп факторлары болмаса, қайта-қайта скрининг жасау ұсынылмайды


12. Тік және тоқ ішектің қатерлі ісігі:


                        a.      Егер қауіп факторы болмаса, 50 жастан бастап


                        b.     Егер отбасында осындай диагнозы бар жақын туыстары болса, 40 жастан бастап не болмаса туысында қатерлі ісік анықталған жасқа дейін 10 жыл бұрын  


                        c.      егер сізде колоректальды қатерлі ісікке бейім аурулар болса (отбасылық аденоматозды полипоз, Линч синдромы, Пейтц Егерс синдромы, ішектің қабыну ауруы), диагноз қойылғаннан кейін бірден скрининг бастау керек   


13. Өкпе қатерлі ісігі – қауіп факторлары болса, жыл сайын 


14. Терінің қатерлі ісігі – егер қауіп факторлары болса, бүкіл денені үнемі тексеріп отыру керек  

  

15. Жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулар – жыл сайын.



Өтінім сәтті жіберілді
Сіздің сұрағыңыз сарапшыға жіберілді
Сіздің бизнес карточкаңыз модерацияға жіберілді. Тексеруден кейін поштаңызға хабарлама келеді.
Түсінікті
Ваша карточка бизнеса отправлена на модерацию. После проверки Вы получите уведомление на почту.
Түсінікті
Сіздің өтініміңіз модерацияға жіберілді және модератор тексергеннен кейін белсенді болады. Ол туралы поштаңызға хабарлама келеді
Сіздің өтініміңіз модерацияға жіберілді, модератор тексергеннен кейін деректер жаңартылады. Ол туралы поштаңызға хабарлама келеді
Captcha қателігі. Парақшаны қайта жүктеп, әрекетті қайталап көріңіз