"KMF Isker hanymy" конференциясы Карағанды қаласында
17 мамыр 2019

17 мамырда «Космонавт» қонақ үйінде

Қарағанды қаласында кәсіпкер әйелдерге арналған KMF ISKER Hanymy («Бизнес-леди KMF») конференциясы өтті.

Сол күні микроқаржы ұйымының клиенттері тиімді сатылымдар механизмдерін, сондай-ақ тауарлар мен қызметтерді ілгері жылжытудағы жаңа технологияларды қолдану әдістерін талқылады, деп хабарлайды ekaraganda.kz порталы

KMF

- бұл 1997 жылы негізі қаланған, Қазақстан мен ТМД-ның ең ірі микроқаржы ұйымы.

Компания кәсіпкерлікті қолдауға, халықтың әл-ауқатын арттыруға және ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған несие өнімдерін ұсынады.

19may_conference.jpg

Конференция KMF клиенттері шығарған өнімдердің шағын көрмесімен басталды. Бұл жерде әртүрлі қолөнер бұйымдары, азық-түлік пен басқа да көптеген заттар ұсынылды. Компанияның дамуындағы басымдылықтардың бірі - бизнестегі әйелдерге қолдау көрсету болғандығын және солай болып қала беретінін атап өткен жөн.

- «60% - бұл ұйымымыздың шамамен 150 мың белсенді клиенті – нәзік жандылар өкілдері. Қазіргі уақытта әйелдер кәсіпкерлігін ілгерілету өте танымал, ал біз өз кезегімізде онымен сонау 1997 жылы айналысқан болатынбыз, - деп бөлісті Астана қаласының өңірлік директоры Жандос Турсумбаев. - Ең белсенді аймақтар Шымкент, Қызылорда, Тараз болып табылады, алайда жыл өткен сайын қарағандылық және астаналық бизнесмендер тарапынан қызығушылық артуда. Мысалы, тек Қарағандының өзінде ендігі 8000 клиентіміз бар».

Қаржы ұсынумен қатар, КМF қаржылық сауаттылықты оқытумен айналысады. Аталмыш қызмет аясында «Халыққа арналған қаржылық сауаттылық» жобасы іске асырылуда, оны іске қосқан сәттен бастап 137 000 қазақстандық оқытудан өтті, негізінен ауылдық жерлерде болды. Осындай әлеуметтік жобалардың бірі - «Бизнес-леди KMF» конференциясы.

Осындай конференцияларды Қазақстанның өңір-өңірінде KMF компаниясы 2006 жылдан бастап өткізіп келеді. Осы уақыт ішінде оған екі мыңнан астам кәсіпкер әйел қатысып, түрлі салалардағы сарапшылар, сондай-ақ бизнес-жаттықтырушылар жасаған баяндамалар мен презентацияларды тыңдай алды.

Филиалдың өңірлік директоры -  

- "Қазақстандықтарға қаржылық сауаттылықты тегін оқыта отырып, біз қаржы секторының дамуына өз үлесімізді қосамыз: халық қаржылық істерде неғұрлым сауатты болса, Қазақстан халқының әл-ауқаты да соғұрлым жақсы болмақ"

«Бизнес-леди KMF» конференциясы біздің клиенттерімізді араларында орын алуы мүмкін ынтымақтастық үшін бір-бірімен таныстырып қана қоймайды, сонымен қатар жетекші бизнес-жаттықтырушылар өткізетін дәрістердің арқасында кәсіпкерлер әлеуметтік желілерді пайдалана отырып, бизнесін жүргізуді үйренеді».

КМF-тің де, ЕҚДБ-нің де мақсаты бір - бұл әйелдерге өз бизнесін дамытып, оны нығайтуда көмектесу. Бұл бағдарламаны біліп жатқан әйелдер саны артуда, ол ұзақ мерзімді болғандықтан, ол әрі қарай да жалғаса беретін болады – дейді Елена Садикова, бизнес-жаттықтырушы

КМF ұсынып отырған мүмкіндіктерді Атасу қаласынан Раушан Заркеева пайдаланды. Бизнесвуменнің арманы - шағын сүт өнімдері өндірісін кеңейту болған. Қазақстандық микроқаржы ұйымының арқасында оның арманы шындыққа айналды.

- "Бастапқыда біз сиыр сүтінен алынатын сүт өнімдерін өндірумен айналыстық, соның арқасында өз клиенттеріміздің қатарын нығайтып алдық. Уақыт өте келе кеңейте түссек деген ниет пайда болды. Әрине, қорықтық. Біз не істерімізді және қалай істерімізді білмедік? Бірақ KMF қызметкерлері бізге өз күшімізге сенім артуымызға көмектесіп, барынша ыңғайлы шарттар ұсынды, бұл біздің кеңеюімізге жағдай жасады. Қазір біз бие сүтінен сүт өнімдерін өндірумен де айналысып жатырмыз, - дейді Раушан. - Бүгінгі конференция көптеген жаңа білім берді. Тәжірибелі сатушыларды тыңдау қызықты, әрі танымдық жағы да көп болды, енді олардың әдістерін өз ісімізде қолдануға тырысатынымыз сөзсіз".

- «Біз конференция клиенттердің - 100-ден астам адамның қатысуы тұрғысынан да, тиімділік тұрғысынан да жоғары деңгейде өтті деп санаймыз. Конференцияға қатысушылардың бизнес-жаттықтырушы өткізген тақырыптарға қызығушылық танытып, еліткендері соншалықты, тіпті түскі асқа бармай-ақ қоюды ұсынды. Клиенттер тарапынан жасалған кері байланысқа қарағанда, олар болашақта осындай іс-шараларға қатысып, жаңа және пайдалы білім алып отыруды қалайды» - деп түйіндеді «KMF-Демеу» корпоративтік қорының бас директоры Асель Шегебаева


Іс-шараның ұйымдастырушылары осындай конференциялардың Қарағанды үшін дәстүрлі шараға айналатындығына және одан да көп кәсіпкерлерді қамти түсетіндігіне сенімді.

Тiркелу
Сіз жазылғыңыз келе ме
"KMF Isker hanymy" конференциясы Карағанды қаласында

Жазылу үшін нысанды толтырыңыз

Өтінім сәтті жіберілді
Сіздің сұрағыңыз сарапшыға жіберілді
Сіздің бизнес карточкаңыз модерацияға жіберілді. Тексеруден кейін поштаңызға хабарлама келеді.
Түсінікті
Ваша карточка бизнеса отправлена на модерацию. После проверки Вы получите уведомление на почту.
Түсінікті
Сіздің өтініміңіз модерацияға жіберілді және модератор тексергеннен кейін белсенді болады. Ол туралы поштаңызға хабарлама келеді
Сіздің өтініміңіз модерацияға жіберілді, модератор тексергеннен кейін деректер жаңартылады. Ол туралы поштаңызға хабарлама келеді
Captcha қателігі. Парақшаны қайта жүктеп, әрекетті қайталап көріңіз