"KMF Isker hanymy" конференциясы Шымкент қаласында
15 наурыз 2019

15 наурызда Шымкентте кәсіпкер әйелдерге арналған жыл сайынғы «KMF Isker hanymy» өңірлік конференциясы өтті.

Іс-шараға 160 адам қатысты, олардың басым бөлігі - ШОБ, ірі бизнес өкілдері және өз ісін енді бастап жатқандар. Конференцияны ұйымдастырушылар «KMF-Демеу» қоры мен «KMF» МҚҰ болды.

Бұл маңызды іс-шара болды, өйткені конференция тарихы осы қалада басталған болатын. 2006 жылы кәсіпкер әйелдердің алғашқы кездесуі дәл осы Шымкентте өткен еді.

12.jpg

Санақ бойынша он бірінші конференция «Тиімді сатулар. Бизнесті ілгерілетудегі жаңа технологиялар» тақырыбына арналды. Іс-шараға әртүрлі саладағы бизнес өкілдері жиналды.

Конференцияның бағдарламасына сату техникасы жөніндегі, сондай-ақ клиенттерді тартуға арналған жаңа әдістер мен құралдарды пайдалану жөніндегі шеберлік-кластар мен презентациялар кірді. Іс-шараға қатысқан 160 қатысушының арасында ШОБ, ірі бизнес өкілдері мен кәсіпкерлік жолын енді ғана бастап жатқан адамдар бар.

Франкфурт бизнес мектебі мен «Kazcreditconsult» компаниясының, «Business-Route» агенттігінің жетекші бизнес-жаттықтырушылары спикер болды.

Конференция өткізілген аумақта KMF-дан қарыз алушы әйел адамдар өндіріп жатқан тауарлардың шағын көрмесі өтті.


Пайдалы да, қолайлы ақпаратпен қатар, конференцияға қатысушылар шабыт алып, серіктестер табу мүмкіндігіне ие болды.

«KMF-тен қарыз алушылардың шамамен 60%-ы әйелдер. Біздің KMF-пен тұрақты міндетіміз – оларды, соның ішінде ауылда да қолжетімді қаржыландырумен қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар нарықтық өмірге бейімделуге көмектесу, өз ісін қалай дұрыс және шығынсыз дамытуға, отбасы мен балаларын қамтамасыз етуге болатындығын нұсқап жіберу. Сондықтан біз көптеген жылдар бойы әйелдерді оқытуға, олардың дағдылары мен құзыреттерін дамытуға елеулі қаражат салып келеміз, сарапшыларды тартамыз, оларға арнап қаржылық сауаттылыққа оқыту бағдарламасы шеңберінде бизнес-тренингтер өткіземіз» - деп көрсетті «KMF-Демеу» қорының бас директоры Асель Шегебаева


Тiркелу
Сіз жазылғыңыз келе ме
"KMF Isker hanymy" конференциясы Шымкент қаласында

Жазылу үшін нысанды толтырыңыз

Өтінім сәтті жіберілді
Сіздің сұрағыңыз сарапшыға жіберілді
Сіздің бизнес карточкаңыз модерацияға жіберілді. Тексеруден кейін поштаңызға хабарлама келеді.
Түсінікті
Ваша карточка бизнеса отправлена на модерацию. После проверки Вы получите уведомление на почту.
Түсінікті
Сіздің өтініміңіз модерацияға жіберілді және модератор тексергеннен кейін белсенді болады. Ол туралы поштаңызға хабарлама келеді
Сіздің өтініміңіз модерацияға жіберілді, модератор тексергеннен кейін деректер жаңартылады. Ол туралы поштаңызға хабарлама келеді
Captcha қателігі. Парақшаны қайта жүктеп, әрекетті қайталап көріңіз