Нені таңдаған дұрыс - ЖК немесе ЖШС

1. Нені таңдаған дұрыс - ЖК немесе ЖШС


ЖК мен ЖШС арасындағы басты айырмашылық - бұл олардың субъекттілігі. ЖК - бұл кәсіпкерлік қызметін жеке өзі, өзінің меншікті мүлкі есебінен, өз тәуекелімен және жеке мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асыратын жеке тұлға. Ал ЖШС – бұл өз міндеттемелері бойынша өз бетінше жауап беретін, ал құрылтайшылары тек жарғылық капитал ретінде енгізілген мүлкімен тәуекел ететін заңды тұлға.


Кестеде ЖК-ны ЖШС-тен ерекшелендіріп тұратын аса маңызды аспектілер қарастырылған: Кестені қараңыз


Қорытындылар:


1)     ЖК шағын және орта бизнесті ұйымдастырудың ең көп таралған түрі болып табылады.

2)     ШОБ-ның негізгі нысаны бола отырып, жеке кәсіпкерлікті мемлекет жеңілдіктер беру, арнайы салық режимдерін енгізу, бухгалтерлік есепті жүргізуден, қаржыландырудың арнайы бағдарламаларын әзірлеуден босату және т. б. арқылы ынталандырып отырады.

3)     Жеке кәсіпкерлік жеке тұлға оны жеке өзі жүргізуді жоспарлаған жағдайда өз бизнесін бастаудың ең жылдам және жеңіл тәсілі болып табылады.

4)     ЖШС екі немесе одан да көп серіктестің мүлкін біріктіре отырып, бизнесті тіркеуге мүмкіндік береді.

5)     ЖШС құрылтайшылардың тәуекелдерін азайта отырып, олардың жауапкершілігін шектейді, алайда құрылтайшының кәсіпкерлік қызметтен түскен пайданы алу мүмкіндігі де шектеледі, оны тек жыл қорытындысы бойынша бөлінген дивидендтер түрінде ғана ала алады.



2.    Қызмет түрін қалай таңдау керек


Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес кәсіпкерлер Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген кәсіпкерлік қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы. Алайда, кәсіпкерлік қызметтің кейбір түрлерімен айналысу үшін арнайы рұқсат – лицензияны алу қажет (осы баптың 4-тармағын қарау).


Салық салуды реттеу, статистикалық деректерді жинау, салалар бойынша кәсіпорындарды экономикалық талдау және қызметін мемлекеттік деңгейде бақылау мақсатында кәсіпорындарды қызмет түрлеріне қарай кодтау жүзеге асырылады. Бұл үшін Қазақстанда Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ) қолданылады.


ЖШС немесе ЖК ретінде тіркелген кезде кәсіпкер ЭҚЖЖ-дан негізгі қызмет түрінің бірін және қалауына қарай қызметтің қосымша түрлерінің шектеусіз санын көрсетуге міндетті. ЭҚЖЖ коды - бұл деңгейлік жүйесін білдіретін 5 таңбалы код, оның әрбір деңгейінің белгісі, коды және элементтер саны бар.


Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішімен сілтемесі бойынша танысуға болады: (https://stat.gov.kz/important/classifier.)


ЭҚЖЖ дұрыс таңдап алу үшін мыналар қажет:

1)     Қызметтің қай түрі негізгі түр екенін анықтау және қажет болған жағдайда бірнеше қосымша қызмет түрін таңдау.

2)     ЭҚЖЖ анықтамалығынан қызмет түрінің санатына қарай 21 секцияның біреуін таңдау (мысалы, нарықта балалар киімдерін бөлшектеп сату үшін G секциясын - «Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеуді» таңдау қажет).

3)     Одан әрі таңдап алынған секциядан сәйкес келетін бөлімді таңдау қажет (мысалы, нарықта балалар киімдерін бөлшектеп сату үшін 47-бөлімді - «Автомобильдер мен мотоциклдер саудасынан басқа бөлшек сауданы» таңдау қажет).

4)     Одан әрі қызмет тобы таңдап алынады (мысалы, нарықта балалар киімдерін бөлшектеп сату үшін 478-топ «Шатырлардағы, дүңгіршектердегі және базарлардағы бөлшек сауданы» таңдау қажет).

5)     Одан кейін әлдеқайда қолайлы қызмет класын таңдайсыз (мысалы, нарықта балалар киімдерін бөлшектеп сату үшін 4782-класты - «Сауда шатырларында, дүңгіршектерде және базарларда киім, аяқ киім және тоқыма бұйымдарын бөлшектеп сатуды» таңдау қажет).

6)     Және соңғы қадам - қызметтің класс тармағын таңдау (мысалы, базардағы балалар киімінің бөлшек саудасы үшін 47822-класс тармағын «Базарларда киім, аяқ киім және тоқыма бұйымдарын бөлшектеп сатуды» таңдау қажет).


Осылайша, 5 саннан тұратын (мысалы, 47822 «Базарларда киім, аяқ киім және тоқыма бұйымдарын бөлшектеп сату») класс тармағы ЖК немесе ЖШС-нің ЭҚЖЖ коды болып табылады және олардың қызмет түрін сәйкестендіреді.


Қосымша қызмет түрлері де осындай жолмен таңдалады.


Назар аударыңыз! Осы бапта бейнеленген ақпараттың өзекті болу күні 2021 жылғы 18 мамыр. 

Сіз жазылғыңыз келе ме
Нені таңдаған дұрыс - ЖК немесе ЖШС

Жазылу үшін нысанды толтырыңыз

Өтінім сәтті жіберілді
Сіздің сұрағыңыз сарапшыға жіберілді
Сіздің бизнес карточкаңыз модерацияға жіберілді. Тексеруден кейін поштаңызға хабарлама келеді.
Түсінікті
Ваша карточка бизнеса отправлена на модерацию. После проверки Вы получите уведомление на почту.
Түсінікті
Сіздің өтініміңіз модерацияға жіберілді және модератор тексергеннен кейін белсенді болады. Ол туралы поштаңызға хабарлама келеді
Сіздің өтініміңіз модерацияға жіберілді, модератор тексергеннен кейін деректер жаңартылады. Ол туралы поштаңызға хабарлама келеді
Captcha қателігі. Парақшаны қайта жүктеп, әрекетті қайталап көріңіз