Коронавирусқа талдау жасау құнына салық шегерімін қалай алуға болады

Коронавирусқа тегін тестілеу кімге қолжетімді?

Көптеген жұмысшылар жұмыс берушілердің жұмыс орнына кіру үшін қойылатын шарт ретінде коронавирусқа жасалатын тесттен өз қаражаты есебінен өту қажеттілігі туралы талаптарына наразы. Мұндай шарт заңсыз (ҚР ЕК-де мұндай норма жоқ) екендігі аздай, бұл зертханаларға қосымша жүктеме туындатады, сондай-ақ жұмысшылардың қалтасын да қағады - тестілеу құны 11-ден 20 мың теңгеге дейінгі аралықта ауытқып тұрады.


Әрине, тестті тегін жасауға да болады. Алматыда:

  • МӘМС аясында қалалық емханаларда;
  • Б. Утемуратов Қорының зертханалық кешенінде (8 (7273) 82-35-65 телефоны бойынша жазба жасалады, тест Ұлттық сараптама орталығында тапсырылады, Жібек Жолы көшесі, 3 үй) талдауды тегін тапсыруға болады.

Алайда, тегін қызмет барлығына бірдей қолжетімді болмайды. Тегін тестті емханада тапсыру үшін ЖРВИ немесе КВИ симптомдары болуы, әлде жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған болуы қажет. Көрсетілімдер болған жағдайда ғана емдеуші дәрігер тегін тестке жолдама береді.


Б. Утемуратов Қорының есебінен тегін тест те азаматтар санатының төмендегідей шектеулі тізіміне ғана қолжетімді:

  • жұмыссыздар;
  • аз қамтылған АӘК алушылар;
  • көп балалы отбасылар;
  • жүкті әйелдер;
  • мүгедектер;
  • стационарға жоспарлы емдеуге жатқызылған пациенттер;
  • тыныс алу органдарының ауруымен есепте тұратын, сондай-ақ эндокринолог пен кардиологтың есебінде тұратын, 50 жастан асқан пациенттер;
  • патрульдік қызмет қызметкерлері;
  • әкімдік қызметкерлері;
  • инфекцияға қарсы күреске қатысып жүрген еріктілер мен белсенділер;
  • қарттар үйіндегі, интернаттар мен өзге де арнайы мекемелердегі тұлғалар;
  • мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлері.

Қалған барлық азаматтардың тестті өз есебінен тапсыруына тура келуде. Алайда, теория жүзінде жұмыс берушілердің тест нәтижелерінсіз жұмыс орнына кіруге тыйым салуға құқығы жоқтығына қарамастан, іс жүзінде жағдай басқаша: көптеген қызметкерлер теріс нәтижелі ПТР тесті туралы анықтама әкеліп отыруға мәжбүр.


Талдау құнына салық шегерімін рәсімдеуге болады.


Егер қызметкер қалай болғанда да тесттің құнын өз бетінше төлеуге мәжбүр болатын болса, ол медициналық қызметтерге кететін шығындар бойынша салықтық шегерім алып, соманың бір бөлігін өтеп ала алады. Бұл ҚР СК 348-бабында қарастырылған.


Шегерімді рәсімдеу үшін бірнеше шарттар сақталуы қажет:

  • жеке тұлға ҚР резиденті болуы тиіс;
  • шегерімді алушының шығындары өз пайдасына жасалуы керек (яғни жұбайына, туысқанына және т. б. төленген талдау үшін шегерім алынбайды);
  • медициналық қызметтер косметологиялық сипатта болмауы керек;
  • қызметтердің жалпы құны 94 АЕК-тен аспауы тиіс (2020 жылға - 249 194 тг, 01.01.2020 жылға белгіленген АЕК қолданылады).

Covid-19-ке жасалатын талдау құны жоғарыда аталған барлық шарттарға сәйкес келеді, демек, қызметкер оның құнына шегерім алуға құқылы.


Ол үшін өз жұмыс берушісінің бухгалтериясына:

  • медициналық қызмет көрсету зертханасымен жасалған шартты (егер ол жазбаша түрде жасалса);
  • талдау құны көрсетілген үзінді көшірмені;
  • төлем жасалғандығы туралы түбіртекті немесе чекті;
  • ҚР СК 348-бабы бойынша шегерім алуға өтінішті тапсыруы қажет.

Шегерімді төмендегі екі күннің ең соңғысы келетін айда алуға болатындығына назар аударыңыз:

  • талдаудан өткен күн;
  • талдаудың төленген күні.

Егер тесттен айдың соңына қарай өткен болса, құжаттарды ай аяқталғанға дейін бухгалтерияға уақытында тапсырып үлгеру қажет.
Шегерімге тек еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндер ғана емес, табысынан ЖТС сомасы есептелген жағдайда ЖК де құқылы болады.


Ақпарат көзі - MyBuh.kz интернет бухгалтериясы
https://mybuh.kz/useful/kak-poluchit-nalogovyy-vychet-na-stoimost-analiza-na-koronavirus.html

Сіз жазылғыңыз келе ме
Коронавирусқа талдау жасау құнына салық шегерімін қалай алуға болады

Жазылу үшін нысанды толтырыңыз

Өтінім сәтті жіберілді
Сіздің сұрағыңыз сарапшыға жіберілді
Сіздің бизнес карточкаңыз модерацияға жіберілді. Тексеруден кейін поштаңызға хабарлама келеді.
Түсінікті
Ваша карточка бизнеса отправлена на модерацию. После проверки Вы получите уведомление на почту.
Түсінікті
Сіздің өтініміңіз модерацияға жіберілді және модератор тексергеннен кейін белсенді болады. Ол туралы поштаңызға хабарлама келеді
Сіздің өтініміңіз модерацияға жіберілді, модератор тексергеннен кейін деректер жаңартылады. Ол туралы поштаңызға хабарлама келеді
Captcha қателігі. Парақшаны қайта жүктеп, әрекетті қайталап көріңіз