Салық берешегін қалай тексеруге болады

Уақытылы төленбеген салықтар борышкерге: өсімпұл есептелуден бастап, елден шығуын шектеу мен мүлкіне тыйым салуға дейін көптеген қолайсыздықтар тудыра алады. Сондықтан ЖК жеке тұлғалары мен ұйымдар өзінің салық берешегін оқтын-оқтын тексеріп отыруы керек. Мұны қалай онлайн жасауға болатындығын және ол үшін қандай қызметтерді пайдалануға боладытындығын, біз бұдан әрі айтып береміз…


Салық берешегі дегеніміз не?

Салық берешегі - белгіленген төлем мерзімі өтіп кеткен, есептелген салық сомасы. Салық төлеуші өзінің салық міндеттемесін орындауы үшін ҚР ҚМ аумақтық МКБ келесідей ықпал ету шараларын қолдана алады:

  • мерзімі өткен сомаға өсімпұл есептеу;
  • банк шоттары бойынша операцияларды тоқтата тұру;
  • салық төлеушінің мүлкіне тыйым салу және т. б.

Жеке тұлғалардың берешегі, әдетте, былайынша айқанда мүліктік салықтар: мүлікке, көлікке, жерге салынатын салықтар бойынша қалыптасады.


ЖК мен ЖШС-да берешек:

  • КТС

  • ЖТС;
  • Әлеуметтік салық;
  • ҚҚС
  • Ойын бизнесіне салынатын салық

  • Сыртқы жарнаманы орналастыруға салынатын салық және т. б. секілді төлемдер бойынша туындауы мүмкін.

Салық берешегінің бар-жоғын тексеру үшін аумақтық МКБ инспекторына жүгінуге болады. Алайда, оны онлайн жасаған жылдамырақ, әрі оңай. Оған арналған бірнеше ыңғайлы сервистер бар.


Мемлекеттік Кірістер Комитетінің Сайты.


Барлық салық төлеушілердің салықтық берешегінің бар-жоғын тексеруге арналған негізгі ресурс - ҚР Мемлекеттік Кірістер Комитетінің www.kgd.gov.kz сайты.


Ол үшін сайтта авторизация талап етілмейді. Келесі қосымша парақтар: «Басты», «Электрондық сервистер», «Бизнеске көмек», «Берешектің жоқтығы (бар екендігі) туралы мәліметтер...» бойынша өткен жеткілікті.


Тексеру ЖСН / БСН бойынша жүзеге асырылады. Сондай-ақ, тексеруге арналған әріптік-сандық кодты енгізу қажет. Жүйе салық түрлерін және салық берешегінің сомаларын (ол болған кезде) көрсете отырып, кесте қалыптастырады.


Egov.kz порталы.


Салық берешегінің бар-жоғын тексеруге арналған тағы бір ыңғайлы сервис - Egov.kz порталы. Бересі туралы ақпарат алу үшін:

  • «Басты», «Бір тізіммен берілген азаматтарға арналған онлайн-қызметтер», «Салық берешегін қарау және төлеу» қосымша парақтарымен өту;
  • «Онлайн қызметке тапсырыс беруді» басу (ЭЦҚ талап етілмейді);
  • ЖСН/БСН және суреттегі кодты енгізу.

Қызмет көрсету уақыты -10 минутқа дейін, бұл ретте қызмет тегін. Сондай-ақ анықталған салық берешегін бірден онлайн төлеуге болады. Алайда, төлем сомасын дұрыс есептеу үшін төлемді үшінші тұлғаға тиесілі картадан емес, борышкер болып табылатын тұлғаның атына тіркелген картадан жүргізу керектігін есте ұстаған жөн.


Банктердің мобильді қосымшалары.


Одан да қарапайым нұсқа - салық берешегінің бар-жоғын банктің мобильді қосымшасы арқылы тексеру болып табылады. Бұл әдіс әсіресе жеке тұлғалар мен ЖК үшін ыңғайлы.


Осылайша, Kaspi.kz мобильді қосымшадасында келесі қадамдарды жасай отырып, қажетті ақпаратқа қол жеткізуге болады:

  • «Төлемдер», «Барлығы», «Айыппұлдар мен бюджетке төленетін төлемдер», «Салықтар», «Салықтар бойынша қарыздар» бөліміне өту;
  • ЖСН-ді қолмен енгізу немесе оны жеке куәліктен сканерлеп алып,  «Тексеру» батырмасын басу;
  • Берешек болған жағдайда салық түрлері және бересі мен өсімпұл сомасы бойынша бөлінген кесте ашылады, берешек болмаған жағдайда «Қарыз жоқ» деген хабарлама пайда болады.

Бересі болған жағдайда оны Kaspi Gold картасынан немесе атындағы депозиттен бірден төлеуге болады. Сома 3 жұмыс күні ішінде есептеледі.


Сонымен қатар, жаңа берешек туралы хабарламаларды қосып қоюға болады - қосымша оның ЖСН бойынша төленбеген салық есептелетін болса, клиентке оны хабарлап отырады.


Алайда, берешектің бар-жоғын тексеру жөніндегі қызметті барлық банктер ұсына бермейді. Мәселен, «Сбербанк Онлайн» мобильдік қосымшасы бересіні төлеу бойынша қызметті ғана ұсынады. Салық берешегі сомасын өтеу үшін жеке тұлға - клиентке:

  • «Төлемдер», «Бюджетке төленетін төлемдер» бөліміне өтуі қажет;
  • жүйе салықтың үш түрін (жер, мүлікке және көлікке саланытан) таңдауға ұсынады;
  • өзінің тіркелген аймағын көрсетіп (қалған өрістер автоматты түрде толтырылады) және «Жалғастыру» батырмасын басуы;
  • Өзінің салық органы мен төлем сомасын көрсетіп, «Жалғастыру» батырмасын басуы керек.

Сәйкесінше, клиент төленуге жататын соманы МКК сайтында немесе Egov.kz порталы арқылы алдын ала нақтылап алуы қажет.


ХҚКО.

Салық төлеушілер үшін бересі сомасын білудің аса танымал бола бермейтін, алайда қолжетімді тәсілі - ХҚО-ға жүгіну болып табылады.


Қызметті алу үшін жеке келіп:

  • салық берешегінің жоқтығы (бар екендігі) туралы мәліметтерді алуға сұрау салуы;
  • үзінді көшірме алу үшін салық өтінішін беруі;
  • өзімен бірге жеке куәлігі болуы тиіс.


Ақпарат көзі - MyBuh.kz интернет бухгалтериясы


https://mybuh.kz/useful/kak-proverit-zadolzhennost-po-nalogam.html
Сіз жазылғыңыз келе ме
Салық берешегін қалай тексеруге болады

Жазылу үшін нысанды толтырыңыз

Өтінім сәтті жіберілді
Сіздің сұрағыңыз сарапшыға жіберілді
Сіздің бизнес карточкаңыз модерацияға жіберілді. Тексеруден кейін поштаңызға хабарлама келеді.
Түсінікті
Ваша карточка бизнеса отправлена на модерацию. После проверки Вы получите уведомление на почту.
Түсінікті
Сіздің өтініміңіз модерацияға жіберілді және модератор тексергеннен кейін белсенді болады. Ол туралы поштаңызға хабарлама келеді
Сіздің өтініміңіз модерацияға жіберілді, модератор тексергеннен кейін деректер жаңартылады. Ол туралы поштаңызға хабарлама келеді
Captcha қателігі. Парақшаны қайта жүктеп, әрекетті қайталап көріңіз