Сізге салық салудың қандай режимі сәйкес келеді

1.      Сізге салық салудың қандай режимі сәйкес келеді


Кәсіпкер кәсіпкерлік нысанын (ЖК мен ЖШС арасынан таңдаған) анықтап, негізгі және қосымша қызмет түрлерін (ЭҚЖЖ) айқындап алғаннан кейін оның сәйкес келетін салық режимін таңдауға кірісуіне болады.


Жеке кәсіпкер 5 салық режимінің ішінен 1-ін таңдауға құқылы:


1)     Жалпыға бірдей белгіленген режим;

2)     Патент негізіндегі арнаулы салық режимі;

3)     Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі;

4)     Тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимі;

5)     Бөлшек салықтың арнаулы салық режимі.


Шағын бизнес субъектісі болып табылатын ЖШС 4 салық режимінің ішінен 1-ін таңдауға құқылы:


1)     Жалпыға бірдей белгіленген режим;

2)     Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі;

3)     Тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимі;

4)     Бөлшек салықтың арнаулы салық режимі.


Бұл ретте салық салудың жалпыға бірдей белгіленген режимін әрбір ЖШС немесе ЖК, ал арнайы салық режимдерін – тек салық кодексінде белгіленген шарттарға сәйкес келетін ЖШС мен ЖК ғана қолдануға құқылы. Арнайы салық режимдерін қолданудың басты шарттары – ол шекті табыс, қызметкерлер саны және қызмет түрлері.


Әрбір салық режимінің ерекшеліктері, қолданылу шарттары және олардың ЖК мен ЖШС үшін салыстырылуы кестеде көрсетілген: Кестені қараңыз



2.      Қандай қызмет түрлеріне лицензия талап етіледі


Лицензияланатын қызмет түрі – айналысу үшін Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына сәйкес лицензия алу талап етілетін қызмет түрі (белгілі бір әрекет (операция, сақтандыру сыныптары) болып табылады (заңның толық мәтініне сілтеме http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1400000202).


Лицензиялауға мынадай:


1) телерадиохабарларын тарату;

2) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану;

3) білім беру;

4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс;

5) көмірсутектер;

6) өнеркәсіп;

7) ақпараттандыру және байланыс;

8) есірткі, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы;

9) денсаулық сақтау;

10) атом энергиясын пайдалану;

11) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

12) жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар;

13) қару-жарақ, әскери техника және жекелеген қару түрлерінің, жарылғыш заттар мен олар қолданылатын бұйымдар айналымы;

14) улы заттар айналымы;

15) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дайындау;

16) этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және олардың айналымы, темекі өнімдерін өндіру;

17) тауар биржалары;

18) экспорт және импорт;

19) қаржы саласы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет;

20) ғарыш кеңістігін пайдалану;

21) ойын бизнесі;

22) ветеринария;

23) ауыл шаруашылығы;

24) көлік;

25) сот сараптама қызметі, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалар;

26) жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету салаларындағы жекелеген қызмет түрлері немесе әрекеттер (операциялар) жатады.


Сіз таңдап алған қызмет лицензияланатын қызмет түрлерінің тізіміне кірген жағдайда, лицензия алу үшін келесіні жасау қажет:


1)     Таңдап алынған саладағы қызметті реттейтін бейінді заңнаманы зерделеп, белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келушілікке көз жеткізу (мысалы, дәріхана ашу үшін ЖК немесе ЖШС «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 қазандағы № ҚР ДСМ-148/2020 бұйрығы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 қазандағы № ҚР ДСМ-148/2020 бұйрығымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келуі қажет).


2)     Бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда растайтын құжаттарды жинау қажет.


Мысалы, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада сатуға лицензия алу үшін растайтын құжаттар - тұрғын емес үй-жайға құқық белгілейтін құжаттар немесе жалға алу шарты, сумен жабдықтаудың, электрмен жабдықтаудың және кәріздің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының болуы туралы ақпарат болып табылады.

Фармацевтикалық қызметке (дәріхана) лицензия алу үшін үй-жайдың кадастрлық нөмірі мен мекенжайын, жабдықтың, аппаратураның, аспаптардың, интернетке қосылған компьютерлік техниканың, жиһаздың, мүкәммалдың, көліктің және басқа да құралдардың тізімі мен сипаттамасын, фармацевт-мамандар, олардың білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтерді көрсете отырып, фармацевтикалық қызметті лицензиялау барысында қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестік туралы мәліметтерді толтыру қажет.



3)     Қазақстан Республикасының https://elicense.kz Электрондық лицензиялау сайтында жеке кабинетке кіріп, қызмет түрін таңдау, лицензиялық алымның төленгендігін растайтын құжаттарды (қажет болған жағдайда) қоса тіркей отырып, онлайн қызметке сұрау салу, растайтын құжаттарды тіркей отырып, біліктілік талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер нысанын толтыру.


4)     Көрсетілген кезең (10 күннен 20 күнге дейін) аяқталғаннан кейін жеке кабинеттен лицензияны немесе оны беруден бас тартуды алуға болады.


5)     Лицензия беруден дәлелді бас тартуда бас тарту себебі көрсетіледі. Бас тарту себебі жойылмайтын болуы мүмкін, мысалы, жеке немесе заңды тұлғалардың аталмыш санаты үшін белгілі бір қызмет түрімен айналысуға тыйым салу, өтінім берушіге қатысты лицензиялауға жататын қызмет түріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы. Сондай-ақ бас тарту себебі жойылатын болуы мүмкін, олар: лицензиялық алымның төленбей қалуы, біліктілік талаптарына сәйкес келмеушілік, өтінім беруші лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың дұрыс болмауы, сот орындаушысының ұсынуы негізінде соттың өтінім беруші-борышкерге лицензияны уақытша беруге тыйым салуы. Лицензияны беруден бас тартуда жойылатын себептер болған жағдайда, өтінім беруші көрсетілген бұзушылықтарды түзетіп, лицензия алуға қайталап өтінім беруге құқылы. 


Ұсынылатын ақпарат көздерінің тізімі:


1)     Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі  (сілтемесі https://adilet.zan.kz/rus/docs/K1500000375) ;

2)     Қазақстан Республикасының Салық кодексі  (сілтемесі https://adilet.zan.kz/rus/docs/K1700000120);

3)     Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші  (сілтемесі https://statinfo.kz/oked-rk.html);

4)     Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңы  (сілтемесі http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1400000202);

5)     Мемлекеттік қызметтер порталы  (сілтемесі https://egov.kz);

6)     Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы  (сілтемесі http://elicense.kz).


Назар аударыңыз! Осы бапта бейнеленген ақпараттың өзекті болу күні 2021 жылғы 27 мамыр. 

Сіз жазылғыңыз келе ме
Сізге салық салудың қандай режимі сәйкес келеді

Жазылу үшін нысанды толтырыңыз

Өтінім сәтті жіберілді
Сіздің сұрағыңыз сарапшыға жіберілді
Сіздің бизнес карточкаңыз модерацияға жіберілді. Тексеруден кейін поштаңызға хабарлама келеді.
Түсінікті
Ваша карточка бизнеса отправлена на модерацию. После проверки Вы получите уведомление на почту.
Түсінікті
Сіздің өтініміңіз модерацияға жіберілді және модератор тексергеннен кейін белсенді болады. Ол туралы поштаңызға хабарлама келеді
Сіздің өтініміңіз модерацияға жіберілді, модератор тексергеннен кейін деректер жаңартылады. Ол туралы поштаңызға хабарлама келеді
Captcha қателігі. Парақшаны қайта жүктеп, әрекетті қайталап көріңіз