Жеке балабақшаға салық салу - қалай үнемдеуге болады
Жеке меншік балабақша қызметтері өте танымал. Кәсіпкерлер үшін бұл бизнес жасайтын тамаша тауаша. Бұл жерде бизнеске салық жүктемесін едәуір төмендету мүмкіндігінің болуы тіптен тартымды етеді. Мұның бірнеше жолы бар:

  • салық режимін ауыстыру;
  • салық заңнамасын, атап айтқанда  - әлеуметтік салада жұмыс істейтін ұйымдар үшін салық салу бойынша жеңілдіктерді білу.

Мысалдармен қарастырайық.


№1 - мысал

«Альфа» ЖШС, жеке меншік балабақша, ЖБТ-де жұмыс істейді. ҚҚС бойынша есепте тұрмайды. Табысты екі көзден алады:

  • ата-аналар жасайтын төлем;
  • әрбір баланың тәрбиесі мен білім алуы құнының 40%-н құрайтын мемлекеттік субсидиялар.

Субсидиялар «өзге кіріс» ретінде көрсетілетін 100.00 нысан тапсырылады. КТС есептеледі және төлейді. Бір жыл ішіндегі айналым 30 000 АЕК шегінен асып кетті, сондықтан ҚҚС бойынша есепке қою туралы мәселе туындады.

Салықтан үнемдеп қалуға болады ма? Болады. Бұл жағдайда екі жол бар:

  • КТС бойынша - әлеуметтік салада жұмыс істейтін ұйымдарға бюджетке төлеген кезде КТС-ті 100%-ға азайтуға мүмкіндік беретін ҚР СК 290-бабын пайдалану;
  • ҚҚС бойынша - ҚР СК 394-бабын пайдалану, оған сәйкес (28-т.) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы білім беру қызметтері ҚҚС-тан босатылады.

№2 - мысал

«Гамма» ЖШС, жеке меншік балабақша, «оңайлатылған» түрде жұмыс істейді. ҚҚС бойынша есепте тұрмайды. Табысты екі көзден алады:

  • ата-аналар жасайтын төлем;
  • әрбір баланың тәрбиесі мен білім алуы құнының 40%-н құрайтын мемлекеттік субсидиялар.

Жартыжылдықтың қорытындылары бойынша субсидиялар «өзге кіріс» ретінде көрсетілетін 910 нысан тапсырылады.


Салықтан үнемдеудің қандай жолдары бар? ЖШС арнайы тәртіпте болғандықтан, оны шағын бизнес субъектілеріне жатқызған кезде ол КТС төлеуден босатылуға үміткер бола алады (27.12.2019 жылғы №290-VI заң , ЖТС мен КТС-дан үш жылға босату). Қызметкерлердің саны мен алынған табыс мөлшерін есептеу керек, шағын кәсіпорынның критерийіне сәйкес келу үшін балабақшадағы орындар санын түзетуге болады. КТС-дан жасалған үнемдеу топтардағы орындар санын қысқартудан жоғалтылған кірістің орынын жабатындығын дәлме-дәл есептеу қажет.


Шағын кәсіпкерлік субъектілері ретінде жұмыскерлерінің жылдық орташа саны 100 адамнан және жылдық орташа табысы 300 000 еселенген АЕК-тен (2021 жылы - 875 100 000 тг. жылына) аспайтын ЖК мен заңды тұлға болып табылатындығын естеріңізге сала кетейік.


Арнайы режімдегі ЖШС жағдайында ҚР СК 290-бабын пайдаланып, КТС-ты 100%-ға азайту мүмкін болмайтындығына назар аударамыз - бұл норма тек ЖБТ-ғы ЖШС-ге ғана қолданылады. Оңайлатылған түрдегі ЖШС бұл норманы қолданған жағдайда тиісті өсімпұлдар мен айыппұлдар төлей отырып, КТС қосымша есептеу тәуекелі жоғары.


Ақпарат көзі - MyBuh.kz интернет бухгалтериясы

https://mybuh.kz/useful/nalogooblozhenie-chastnogo-detskogo-sada-kak-sekonomit.html



Сіз жазылғыңыз келе ме
Жеке балабақшаға салық салу - қалай үнемдеуге болады

Жазылу үшін нысанды толтырыңыз

Өтінім сәтті жіберілді
Сіздің сұрағыңыз сарапшыға жіберілді
Сіздің бизнес карточкаңыз модерацияға жіберілді. Тексеруден кейін поштаңызға хабарлама келеді.
Түсінікті
Ваша карточка бизнеса отправлена на модерацию. После проверки Вы получите уведомление на почту.
Түсінікті
Сіздің өтініміңіз модерацияға жіберілді және модератор тексергеннен кейін белсенді болады. Ол туралы поштаңызға хабарлама келеді
Сіздің өтініміңіз модерацияға жіберілді, модератор тексергеннен кейін деректер жаңартылады. Ол туралы поштаңызға хабарлама келеді
Captcha қателігі. Парақшаны қайта жүктеп, әрекетті қайталап көріңіз