Бизнес пен бала тәрбиесін бірге алып жүруге бола ма? Әрине, болады!

Стартаптың стереотип бейнесі – жиырмадан асып қалған шашы дудыраған, тәулік бойы әрі демалыссыз гаражда бір нәрсемен айналысып жүрген адамдар тобы. Олардың ешқайсысында бала жоқ екені, себебі жұмыстан тыс өмірі болмайтыны айдан анық. Бала-шағасыз, еңбекқор, құрылтайшылардың мұндай бейнесін компаниясы енді қадам жасап жатқанда демалыссыз ауыр күндер жайлы оқиғаларын егжей-тегжейлі баяндаушылар дамыта түседі. Мұндай жоқ жерден ісін бастаған, бала өсіруге жол берілмейтін стартапшылар бейнесінің көпке таралуы кейбір дарынды әлеуеті зор жандардың еркін тыныстауына, жаңа компаниялар құрып, экономиканың өсуіне көмектесуіне тоқтау салуы мүмкін екені қынжылтады.


Шын мәнісінде, кәсіпкерлер бала өсірумен бірге бизнеспен айналысу қиын болса да, жүзеге асарлық дүние екенін айтады. Оның үстіне осындай бизнес құрушылардың еркін жұмыс кестесі және ақысы төленетін демалыс сияқты отбасына арналған артықшылықтарды басшы ғана емес, әрбір қызметкері пайдалана алатын корпоративтік мәдениет қалыптастыруға талпынатынын да көрдім. Олар қызметкерлерге бағдарланған тұрақты саясат құрудың бір бөлігі осы және ол компаниясының ұзақ мерзімдік қаржылық әл-ауқатын қолдауға көмектеседі деп есептейді.


Мысалы, Porter&Sail қонақүй компаниясының негізін қалаушы Кейтлин Зайно алғашқы сәбиенің өмірге келуін күтіп жүргенде аналық парызы мен стартапты басқаруды бірге алып жүруіне тура келген құрылтайшы әйел деген сияқты мысалды кездестіре алмай қойған.


Кейтлиннің бірінші қызметкері, оның өндіріс бөлімінің басшысы да жүкті болған екен. Сонымен қатар штатында 30 жастан асқан қызметкер әйелдер көп болған екен және олар да бала сүю жағын ойлап жүріпті. Ол өз басындағы жағдайдың шешімін тапса, қарамағындағылардың да өмірін жеңілдетер жаңа бағыт жасауына көмектесетінін ойлайды.

Кейтлин өзіне ұқсас мысалды Birchbox тең құрылтайшысы Катя Бошамнан табады, ол мынадай кеңесімен бөліскен екен: «Әркім өзін компаниядағы ең маңызды адам деп ойлағысы келеді, бірақ жұмысыңызды жақсы тындырсаңыз, команда гүлдене береді, бәрі алға жылжуы тиіс». Сондықтан да уақыты келгенде Кейтлин кез келген адам – тіпті фирманың негізін қалаушы үшін баланың өмірге келуі мен тәрбиесі қалыптыдан жоғары тұратынын көрсетпекші болып демалыс алады.


Әркім өзін компаниядағы ең маңызды адам деп ойлағысы келеді, бірақ жұмысыңызды жақсы тындырсаңыз, команда гүлдене береді, бәрі алға жылжуы тиіс


Компания екінші жыл істеп түрған еді және 13 қызметкері болған екен, ал ата-ана атанып үлгерген қызметкерлер бәрібір ол жерден кетпепті. Кейтлин әріптестеріне үлгі болып, оларды қолдауды қамтамасыз ететін икемді шешімдер ұсынуын тоқтатпайды. Бұл ақырында Porter&Sail компаниясында бір тоқсан ішінде 30% өсімді қамтамасыз ететін адал қызметкерлердің еңбек етуіне алып келеді.


Катяның кеңесі өзектілігін жоғалтпайды. Катя айтқандай: «Жетістікке жету үшін адамдармен олардың саған қатысты қандай қатынасын қаласаң, солай араласу керек. Стартапты қалай құрсаң, оның болашақ табысының көрсеткіші сол болады».


Екі баланың әкесі және қарамағында 45 адамы бар Даллас пен Нью-Йорктегі жарнама агенттігі January Digital негізін қалаушы Вик Драбицки отбасын қолдауға бағдарланған саясаттың мағынасы сенім мәдениетін қалыптастыруда болады деп есептейді. «Егер мен қызметкерлерім клиенттеріміздің миллион долларын жұмсауына сенсем, уақытын да дұрыс пайдалана алатынына да сене білуім керек».


Стартап төртінші қызметкер жүктілігі жайлы айтқанда бала күтімі бойынша демалысқа қатысты саясатын алғаш рет құжат жүзінде бекітті. Оның тәжірибесі ұйымның саясатын қалыптастыруға және айқындауға көмектесті, оны Вик команданың өсу шамасына қарай түзетуін жалғастыруда. «Осы құжаттар жайлы қатаң бір мәнді қағидалар сияқты емес, мүмкіндіктер ретінде ойлаған ұнайды».


Вик өзінің басындағы әкелік тәжірибесінің көп нәрсені үйреткенін айтты. «Алғашқы бірнеше апта – шынымен де ауыр, сондықтан да екінші және үшінші ай шаршатады, сондықтан да енді сәбилі болған әкелердің демалысты орнымен пайдалануын ұсынамын». January Digital аналарға да (үш ай және жұмыс күнін қысқартылған бір ай), әкелерге де (үш апта) ақысы толық төленетін демалыс ұсынады. Сонымен қатар компания шектеусіз демалыс күндерін береді және қажет болғанда үйден жұмыс істеуге рұқсат береді.


Вик жүктілікпен байланысты қиындықтардан хабардар. «ЭКО немесе талдаулардан хабары бар дәрігерлерге барып тұруды ұсынамын, бұл Интернетте жарнама сатқаннан маңыздырақ екені сөзсіз». Ол осындай жаңа сәбилі болған ата-аналарға қатынастан тек жағымды нәтиже көретінін айтады.


Брайан Беннетт дарындарды дамыту стратегиясы үшін отбасын қолдауға бағдарланған саясаттың артықшылықтарын да баса көрсетеді. Ол Колумбия округі Вашингтондағы Cortex компаниясы, SAAS стартапының негізін қалаған. Бұл стартап мониторинг пен талдаудың арқасында компаниялардың кеңседегі энергияны да, сол сияқты қаржыны да үнемдеуіне көмектеседі. Үш айдың ішінде ол компанияның негізін қалап, әке атанған. Ендігі жерде екі алғыр баланың әкесі мәртебесінде Брайан жеке басының әкелігі компаниясы үшін аса зор артықшылыққа айналды деп есептейді, себебі әу бастан кәсіби әрі жеке тұлғалық дамуына ерекше мән берген «арнайы нормалар, процестер мен құралдар көзделген». «Мен ешқашан кері шегінбедім және «Мұны қалай істейміз?» деп сұрамадым. Керісінше, өзім үлгі болдым және бұл дарындар үшін шайқаста анық бәсекелес артықшылық құрды».


Бүгінгі күні Cortex-те (компанияда бас-аяғы 12 адам істейді) әрбір үш адамның екеуі ата-ана – барлық баланың жасы алтыдан аспаған. Қызметкерлер риза әрі жұмысқа ынталы болу үшін, Брайан процеске емес, нәтижеге күш салады, кездесулерді барынша азайтады және әркімнің уақытын барынша тиімді әрі стратегиялық тұрғыдан дұрыс пайдалануға тырысады.


«Үлкен дарынды табу маңызды әрі айтарлықтай күрделі», - деді ол маған. «Осы ісімізде нағыз табысқа жету үшін тәжірибесі жеткілікті қызметкерлерді іздейміз. Біз дұрыс ойлап, автономдылықты дұрыс қабылдауға қабілетті адамдарды қолға түсіруге тырысамыз». Осы командаға салымдар жылдам әрі тұрақты дамуға әкелді, бұл ретте қазіргі сәтте А сериясын қаржыландыру жүруде, ал 2019 жылға қарай болжамға сәйкес компания штаты 41 қызметкерге өспекші.


Белгілі бір масштабқа жеткен кезде стартаптар әртүрлі мәселелерге тап болуы мүмкін. Google-дың бұрынғы қызметкері Хайди Зак негізін қалаған емшекқап және ішкиім өндіретін калифорниялық ThirdLove компаниясымен танысыңыз. «Стартап – қаншалықты серпінмен дамығанына қарамастан, тіпті басында ана тұрса да, бұл стартап», - дейді Хайди. Хайди компанияны іске қосқан соңғы бес жыл ішінде екі рет жүкті болған, қазір онда 130 қызметкер еңбек етіп жатыр. Декретке кеткен алғашқы қызметкер Раэль Коэн болды, оның бірінші рет жалдаған дизайн және креатив жөніндегі вице-президенті. Ол уақытта компанияның осыған қатысты анық қалыптасқан саясаты болмаған және Раэль қалағанынша демалыста қала берген. Ол сонымен қатар жұмысқа оралған соң бірқатар өзгерістер де енгізген – мысалы, кеңседе кеш қалуды азайтқан (дегенмен ол да, Хайди де балалары шырт ұйқыға енгенде, түн ішінде компьютер құлағына мінеді). Қазір Хайдидің басымдығы – сегіз апта толық ақы төленетін демалыс пен ақысы төленбейтін төрт апта көзделетін ресми саясатты дайындау. «Қызметкерлер осы демалысты пайдалана бастайды деп күтеміз. Олардың жетістікке жетуіне бар жағдайды жасағымыз келеді».


Хайди сонымен қатар жаңа сәбилі болған ата-аналар ThirdLove-қа жұмысқа оралғанда мереке әрі қолдау сезімін бастан кешуін ойластыруға тырысады. Хайди отбасылық мәдениетті дамытуға бағдарланған ойластырылған әрі қонақжай ауан құрғанын қатты мақтан етеді. «Біз бір-бірімізбен бала жайлы сөйлесеміз, фотосуреттер көрсетеміз – кеңсенің табалдырығынан аттағанда ешкімнің ата-ана функциясын ұмытуын сұрамаймыз». Сондай-ақ, компания қызметкерлер отбасының мүшелері де шақырылатын іс-шаралар өткізеді – мысалы, жақында өткен асқабақ кеші, оған ата-аналар кеңсеге балаларымен бірге келді.


Компанияға бір қолына жаялық, екінші қолында жұмыс презентациясы салынған сөмкесі бар қызметкерді компанияға кіргізу оңай емес. Бұл екі іс те зор икемді қажет етеді. Бірақ бір жағынан стартап атмосферасы өзінің қатаң ережелері мен ұзақ мәдениеті бар үлкен корпорацияда жұмыс жасаудан гөрі жас балаларды тәрбиелеуге қолайлы болуы мүмкін. Мен әңгімелескен барлық құрылтайшылар өздерінің компанияларын ашуға және перспективалы әрі принципті түрде басқаруға тырысуға жаңа өнімдерді іске қосу мүмкіндігін ғана емес, сонымен қатар компаниялардың жаңа түрлерін құру мүмкіндігі де итермелегенін атап өтті.


Біз осындай көзқарасты қаншалықты құптасақ, соғұрлым көп адам өз бизнесін бастау немесе өзін бала тәрбиесіне арнау арасын таңдау керек емес екенін түсінеді.


Джулия Бэк


Джулия Бэк – It’s Working Project және Forty Weeks жобаларының негізін қалаушы, өз жұмысына құлай берілген стратег, әңгімеші, идеялардың бастамашысы және байланыс жөніндегі маман, Колумбия округі, Вашингтонда тұрады.

Дереккөзге сілтеме: https://hbr.org/2017/12/yes-you-can-start-a-business-and-have-a-baby-at-the-same-time


Өтінім сәтті жіберілді
Сіздің сұрағыңыз сарапшыға жіберілді
Сіздің бизнес карточкаңыз модерацияға жіберілді. Тексеруден кейін поштаңызға хабарлама келеді.
Түсінікті
Ваша карточка бизнеса отправлена на модерацию. После проверки Вы получите уведомление на почту.
Түсінікті
Сіздің өтініміңіз модерацияға жіберілді және модератор тексергеннен кейін белсенді болады. Ол туралы поштаңызға хабарлама келеді
Сіздің өтініміңіз модерацияға жіберілді, модератор тексергеннен кейін деректер жаңартылады. Ол туралы поштаңызға хабарлама келеді
Captcha қателігі. Парақшаны қайта жүктеп, әрекетті қайталап көріңіз