Шағын бизнесті цифрландыру: кедергілер мен пайдасы

Шағын бизнесті цифрландыру: кедергілер мен пайдасы

Дүниежүзілік Банктің деректері бойынша, цифрлық технологияларды қолдану кез келген компанияның өнімділігін орташа есеппен 25%-ға арттырады.

Бизнестің болашағы цифрлық технологияларда екені сөзсіз — өндіріс, логистика, бухгалтерлік есеп процестерін жеделдету, клиенттер санының өсуі және нәтижесінде пайда ағынының өсуі.

Amazon сияқты алыптарды цифрландыру процесі сұрақ тудырмайтыны түсінікті, ал шағын бизнес үшін «цифрландыру» нені білдіреді? Кішігірім кәсіпорындарды қалай цифрландыруға болады және одан қандай пайда алуға болады?  

Шағын бизнесті цифрландыру мүмкін ғана емес, сондай-ақ қажет 

Ғаламдық пайдаланушы тәжірибесін өзгерту дәстүрлі бизнестегі өзгерістерге әкеледі. Клиенттер телефон немесе QR-кодтары арқылы сатып алатын заттарға төлем жасағысы келеді, тауарлар мен қызметтерді смартфоннан бір қосымшада көргісі келеді, жылдам жеткізу арқылы сатып алынған заттарды алғысы келеді, жақсы қызмет көрсетілуді қалайды және осы жерде және дәл қазір өз сұрақтарына жауап алғылары келеді. Ал ШОБ үшін клиент басты табыс көзі болып табылады, сондықтан барлық қызмет сатып алушының мүддесі үшін орындалады. Басқаша айтқанда, егер үлкен компания үшін 20 клиенттен айырылу іс жүзінде қаржы нәтижелеріне әсер етпесе, ал шағын дүкен үшін 20-30 клиенттен айырылу табысты айтарлықтай төмендетуі мүмкін.

Цифрландыру үшін фактор болып табылатын ШОБ-тің тағы бір ерекшелігі —- ол кез келген ресурстарды үнемдеу қажеттілігі. Сондықтан шығындарды, өндірісті, жылжытуды, қызметкерлердің еңбекақыларын тиімді басқару қажет. Ал цифрландыру бизнеске тұтынушылардың сұраныстарын қанағаттандыруға, өз клиентіне жақын болуға және өз ресурстары мен даму мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.   

Осыған сүйене отырып, шағын бизнесті цифрландырудың негізгі артықшылықтарын атап өтуге болады: 

  • клиенттер санының артуы;

  • оң пікірлердің өсуі;

  • өніміңіздің немесе қызметіңіздің сапасын қосымша бақылау;

  • тиімді логистика;

  • клиенттермен тиімді коммуникация арналары;

  • процестер мен қызметкерлердің жұмысын бақылаудың ыңғайлылығы;

  • жұмыс жылдамдығын арттыру.

Шағын бизнесті цифрландыруға не кедергі?

ШОБ сегментінің көптеген компаниялары үшін цифрландыру процесі күрделілігі мен қымбаттылығына байланысты түсініксіз және қолжетімсіз болып көрінеді. 

Цифрлық технологиялар мен сервистер туралы, сондай-ақ олардың көмегімен негізгі қызметті жақсарту мүмкіндіктері туралы жеткіліксіз хабардар болу цифрландыру жолындағы кедергілердің бірі болып табылады. Цифрландыру миллиондаған бюджетті қажет етеді деген пікір ШОБ-ті үрейлендіреді. Сонымен қатар, цифрландыру бизнес иесін де, барлық қызметкерлерді де оқытуды талап етеді, яғни компаниядағы бір адамға ғана цифрландыруға қатысу жеткіліксіз.

Дегенмен, қорқыныш пен қауіпке қарамастан, іс орнынан қозғалды.

Мысалы, пандемия кезінде жүргізілген АҚШ-ғы шағын бизнестің цифрлық жетілуін зерттеу (2020 Small Business Digital Maturity Study[1]) шағын кәсіпорындардың негізгі технологияларды қабылдауға дайындығын көрсетті — сұралғандардың 70% цифрлық технологияларды енгізуді жеделдетіп жатыр.

«Атамекен» ҰКП[2] зерттеуіне сәйкес төрт балдық шкала бойынша инновацияларды ендіру және кәсіпорындарды модернизацилау көрсеткіші 25 балды құрады.

Егер цифрлық технологияларды салалар бойынша ендіру туралы айтатын болсақ, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау және ҚТҚ салалары көш бастап келеді. Сауалнама нәтижесі көрсеткендей, ауыл шаруашылығы мен сауда артта қалып отыр.    

Зерттеуде айтылғандай, цифрлық технологиялар коммуникацияларда, банктерде, есеп беруде және қауіпсіздік жүйелерін цифрландыруда көп қолданылады.

Сонымен, оны қалай енгізу керек?

Не істеу керек және “цифрға” көшуді неден бастау керек? 

Сізді таң қалдырайық, ол үшін кейінірек іске асыру қиын болатын күрделі стратегияларды құрудың қажеті жоқ. Шын мәнінде, шағын бизнес бүгінгі күні цифрлық құралдарды қолданып жүр, мысалы:  

  • интернет;

  • онлайн төлемдер мен аударымдар;

  • әлеуметтік желілер;

  • olx, satu және т.б. сияқты тауарларды сатуға арналған әртүрлі алаңдар.

Цифрландыру процесіндегі келесі қадам іске қосылған құралдарды күшейту болып табылады. Бұл әлеуметтік желілерде жарнамаларды іске қосу, Instagram және WhatsApp-та чат-боттарды қосу, сол WhatsApp-та тауарлар каталогының және Instagram мен Facebook-те маркет сервистерін пайдалану. Сонымен қатар, кәсіпкерлер өз бизнестерін маркетплейстерде белсенді түрде дамыта алады және өз сайттарын іске қоса алады, қалыптасқан пікірге қарамастан, бұл аса көп ресурстарды қажет етпейді. Цифрландыру процесінде ең бастысы - белсенді позицияны ұстану және уақытпен бірге алға қадам басу.     

Осылайша, қазіргі заманда шағын бизнес үшін цифрлық бәсекелік артықшылыққа ие болу өте маңызды және іс жүзінде компания білім алып, цифрлық құралдарды қолдана алуы үшін көптеген қолжетімді және тіпті тегін ресурстар бар. Дамуды қалайтын компаниялар үшін бүгінгі таңда цифрлық даму үшін барлық жағдайлар жасалған, бұл тек Youtube-тағы тегін бейнелер ғана емес, сонымен қатар KMF микроқаржылық ұйымы сияқты бизнес-серіктестермен ынтымақтастық. 

Цифрландыру - соншалықты қиын нәрсе емес, тек ең алдымен барлық қолжетімді ақпаратты жинап,  зерделеу қажет және КMF сізге KMF-Демеумен бірлесіп көмектесуге дайын. Төменде берілген сауалнамадан өтіп,  бизнесіңіздің қаншалықты цифрланғанын біліңіз, бизнесіңізді түрлендіруді бастаңыз.  



[1] https://www.cisco.com/c/en/us/solutions/small-business/resource-center/small-business-2020-digital-maturity-study.html


[2] https://atameken.kz/ru/articles/36020-cifrovizaciya-glazami-biznesa



Өтінім сәтті жіберілді
Сіздің сұрағыңыз сарапшыға жіберілді
Сіздің бизнес карточкаңыз модерацияға жіберілді. Тексеруден кейін поштаңызға хабарлама келеді.
Түсінікті
Ваша карточка бизнеса отправлена на модерацию. После проверки Вы получите уведомление на почту.
Түсінікті
Сіздің өтініміңіз модерацияға жіберілді және модератор тексергеннен кейін белсенді болады. Ол туралы поштаңызға хабарлама келеді
Сіздің өтініміңіз модерацияға жіберілді, модератор тексергеннен кейін деректер жаңартылады. Ол туралы поштаңызға хабарлама келеді
Captcha қателігі. Парақшаны қайта жүктеп, әрекетті қайталап көріңіз