Полезные советы
Кәсіпкер аналарға арналған кеңестер

Өз компанияңызды ашасыз, бизнесіңізге туған балаңыздай қарайсыз – содан кейін жүкті екеніңізді білесіз. Жүкті болу және сонымен бірге жеке бизнес жүргізу – оңай емес. Әйел кәсіби өмірін де, жеке өмірін де қауіпке тікпей, аналықтан ләззат ала алатын белгілі бір тәсілдер бар. Төменде жұмыстан аналыққа көшу және кері жағдай барынша қалыпты өту үшін, декреттік демалысқа кетер алдында ескерілуі тиіс және қолданылуы керек кәсіпкер әйелдерге арналған бірнеше кеңесті келтіреміз..


Жүктіліктің алғашқы 6 айында:


Өзіңіз болмайтын уақытқа жоспар құрыңыз: жүктіліктің алғашқы айларын декреттік демалысты және бала күтімі бойынша демалысты жоспарлау үшін пайдаланыңыз.

  • Әдетте айналысатын барлық міндеттердің жоспарын құрыңыз және оларды командаңызға тапсырыңыз.

  • Істерді «табыстау» және «жою» деп бөліңіз. Қажет мәселеге біршама қатаң тұрғыдан келу өзіңіз бомлайтын кезде шешілуі қажет аса маңызды заттарға назар аударуыңызға көмектеседі.

  • Кейде әртүрлі міндеттерді әртүрлі адамдарға тапсыру жүйенің жақсы жұмыс жасауына әкеледі, онда команданың әрбір мүшесі бір адамның міндеттерін жаппай мойнына алмай, қосымша жұмыстың аз бөлігін өзіне ала алады. Бұл әсіресе қаржылық тұрғыдан жаңа тұрақты қызметкерді алу пайдасыз іс-шара болуы мүмкін шағын компаниялар үшін әсіресе дұрыс болуы мүмкін.

  • Ашық болыңыз және не істеу керектігін әрі мәселелердің қалай шешілгенін қалайтыныңыз туралы ашық айтыңыз.

  • Бұл уақытты сынақ режимі ретінде пайдаланыңыз – адамдардың жауапкершілікті мойнына алуына мүмкіндік беріңіз және бір нәрсе қате жүрген жағдайда оларды бағыттауға дайын болыңыз. Бұл өзіңіз жоқта кез келген салмақты мәселелерді аяқтап бітіруге көмектеседі.

  • Бір аптаға ажырап, бизнестің жүру тәртібіне көз салыңыз. Бұл бәрінің сізсіз қалай дамитыны жайлы көрініс береді.

  • Егер көмекке келе алатын әріптестеріңіз болмаса, бұл жайын отбасы мүшесінен, досыңыздан сұрау жағын немесе осы уақытта ол үшін әлдекімді жалдау жағын ойланыңыз. Көмек сұраудан қорықпаңыз. 



Қаржыңызды жоспарлаңыз: үзіліс кезінде кірістің айтарлықтай бөлігінен айрылуыңыз мүмкін. 

  • Пайданы кеңеюге, өсу мен жаңа клиенттер тартуға салудың орнына белсенді үнемдеуді бастаңыз,


  • Келесі жылы капитал құюды қажет ететін қандай да бір елеулі өзгерістер жасамауға тырысыңыз.

    Өзгерістерді іске қайтуға және назарыңызды толықтай осы мәселелерді шешуге жұмылдыруға дайын болғанда жасаңыз..


  • Декреттік демалыс және бала күтімі бойынша демалыс кезінде сізге қажет барлық заттардың тізімін жасаңыз және нәресте туғаннан кейін болатын шығындарды ескеріңіз.

  • Қаржыңызды бухгалтермен бірге қарап шығыңыз, шығындарды азайтуға және көбірек үнемдеуге болатын нүктелерді табыңыз.

  • Жүктіліктің кем дегенде үш айында жеткілікті ақша бар екеніне көз жеткізіңіз.  



Клиенттеріңізге және тапсырыс берушілеріңізге адал болыңыз: тым көп уәде беріп, кейінірек уәдеңізді орындай алмаудың орнына, клиенттеріңізге және клиенттеріңізге жүкті екеніңізді және сіз жоқта жұмысыңызға аздап әсер ететінін айтыңыз.  
  • Клиенттеріңіз бен тапсырыс берушілерден тапсырыстарды демалысқа кетпей тұрып ертерек орындау үшін алдын ала орналастырғысы келе ме, сұраңыз.



Жүктіліктің соңғы 3 айында:


Басқа кәсіпкер аналармен сөйлесіңіз және өзіңізге тым көп талап қоймаңыз: тәжірибе – ең жақсы ұстаз.
  • Кәсіпкерлердің декреттік демалыста қалай үзіліс жасайтыны туралы оқыңыз; қауымдастықтарға қосылыңыз.

  • Осы жолдан өткен әйелдермен сөйлесіңіз.

  • Кәсіпкерлер үшін декреттік демалыс бір нәрсе емес екенін қабылдаңыз. Сіздің миыңыз жұмыс туралы ойлауды ешқашан тоқтатпайды және үнемі бизнес пен баланы бірге алып жүру – қалыпты жағдай. Алайда дұрыс жоспарлау және қолдау арқылы өміріңіздің осы екі бөлігіне де назар аударуға мүмкіндік бере аласыз.

  • Күйзелістің балаға әсер етпейтініне көз жеткізіп, денсаулығыңызды ойлаңыз. Бәрі мінсіз болмауы мүмкін – бұл қалыпты жағдай. 



«Тоғысу уақытын» жоспарлаңыз: Бизнесіңізге де, балаңызға да бір уақытта назар аудару қажет болуы мүмкін.
  • Мұны істеудің ең жақсы тәсілі – екеуіне де уақыт бөлу. Түнгі сағат 3-те жұмыс хабарламаларына жауап бермеу үшін, сіздің балаңыз отбасы мүшесімен немесе үй көмекшісімен бірге болған кезде жұмыста қалай жұмыс істейтінін тексеруге болатын белгілі бір «тоғысу уақытын» бөліңіз.

  • Балаңыз ұйықтап жатқанда жұмыс істегенде қателік жасамаңыз – бұл ақырында шаршап, ұйқы қанбай қалуын қаламасаңыз.

  • Балаңызды өзіңізбен бірге жұмысқа апаруға қорықпаңыз. Адамдар қызметкерлердің кішкентай баланы жұмысқа апаруы мүмкін екенін көбірек қабылдауы керек және кәсіпкер аналар ретінде өзімізге рұқсат беруіміз керек.

  • Бөлім басшыларының әрқайсысымен немесе өзіңіз жоқта жауапкершілік алған адамдармен кездесулер немесе жұмыс түскі ас жоспарлаңыз. Олармен ағымдағы іс-әрекетті және өзіңіз білуіңіз керек кез келген негізгі жетістіктер мен мәселелерді талқылаңыз. Бұл сіз қайтып келгенге дейін іс-қимыл жоспарын жасай алу үшін қалып қойған ақпаратпен танысудың және игерудің тамаша тәсілі.



Бала күтімі бойынша демалыстан кейін жұмысқа оралу:


Көптеген кәсіпкер аналар бала күтімі бойынша демалыс үшін 12 аптадан 3 айға дейін уақыт жеткілікті деп санайды, содан кейін жұмысқа оралуға болады.

Жұмысқа оралу үшін мінсіз сай келетін уақыт өлшемі жоқ, бірақ оылай істегеннен кейін, тәуекелге бармайтындығыңызға көз жеткізіңіз. Екі рөлді (кәсіпкер мен ана) біріктіруді үйрену үшін біраз уақыт кетуі мүмкін.

  • Жұмысты тапсыруды жалғастырыңыз: соңғы үш айда бизнесіңіздің сізсіз қалай өмір сүргенін талдаңыз. Осы сәттен бастап осы модельді ұстаныңыз. Күнделікті жұмыс істерінен бас тартып, бизнестің өсуіне көп көңіл бөле отырып, кез келген күтпеген жағдайға тап боласыз және жұмыс пен өмір арасындағы тепе-теңдікті сақтай аласыз.

  • Шағынынан бастаңыз: алдымен жарты күннен жұмыс істеңіз және біртіндеп әдеттегі сегіз сағаттық режимге өтіңіз. Өзіңізге өзіңіз бастық болғандықтан, қосымша артықшылық бар – кейде баланы өзіңізбен бірге жұмысқа апара аласыз. Дегенмен артық жүктеме алмау үшін ата-ана болу мен жұмыс уақытының арасын толығымен ажырату керек. Әлі де баланы жұмысқа қабылдаған күндерде күйзелістен аулақ болу үшін бір кездесу мен бір-екі тапсырманы орындаумен шектеліңіз.
  • Жаңа рөлдеріңіз туралы серіктесіңізбен және отбасыңызбен сөйлесіңіз: ашық сөйлесіп, серіктеске және отбасыңызға кейде басқаша болуы, қасынанан табылмай қалуыңыз мүмкін және олар араласуы керек екенін айтқан дұрыс. Өзіңізді кінәлі сезінбеңіз.

  • Көмек сұраңыз: балалы болған керемет нәрсе! Бірақ кішкентай адамға қамқорлық жасау жайлылық аймағыңыздан шығып кетуі мүмкін. Жолой үйренген өте жақсы, бірақ сіз жұмысқа оралғанда балаға қамқорлық жасау үшін біраз көмек ала аласыз. Үйде қызмет көрсету қызметтерін пайдаланыңыз, күтушіге, досыңызға немесе тіпті отбасы мүшесіне хабарласыңыз, сонда олар күнделікті өмір салтына енгенше күніне бірнеше сағат бойы көмектеседі.


Барлығын баяу және жеңіл түрде істеңіз және мұндай режим сізге сәйкес келетініне көз жеткізіңіз. Бұл бизнесті құрғаныңыз және төл балаңыз болғандықтан, жоғалмайтынын есте ұстаңыз. Өз қарқыныңызбен жүріңіз; көмек сұраудан қорықпаңыз және жаңа рөлдерге бейімделуге уақыт беріңіз.

Кәсіпкер өз бизнесін басынан бастау үшін көп жұмыс істеуі керек. Әйелдер кәсіпкерлікті оңай алып кетеді, өйткені олардың еңбекқорлығы мен көп мақсаттылық қабілеті тұрғысынан олар ғаламның алдында келеді. Алайда егер жағдай қажет етсе, мысалы, жүктілік жағдайында, үзіліс жасауыңыз керек. Уақыт табыңыз, балаңызбен достасыңыз және уақыт келгенде толықтай шайқасқа оралуға дайын болыңыз.



Эсра Киврак

Халықаралық аға сарапшы, Қазақстандағы «Бизнестегі әйел» бағдарламасы

Өтінім сәтті жіберілді
Сіздің сұрағыңыз сарапшыға жіберілді
Сіздің бизнес карточкаңыз модерацияға жіберілді. Тексеруден кейін поштаңызға хабарлама келеді.
Түсінікті
Ваша карточка бизнеса отправлена на модерацию. После проверки Вы получите уведомление на почту.
Түсінікті
Сіздің өтініміңіз модерацияға жіберілді және модератор тексергеннен кейін белсенді болады. Ол туралы поштаңызға хабарлама келеді
Сіздің өтініміңіз модерацияға жіберілді, модератор тексергеннен кейін деректер жаңартылады. Ол туралы поштаңызға хабарлама келеді
Captcha қателігі. Парақшаны қайта жүктеп, әрекетті қайталап көріңіз