Карима Ақаева: «TruNomad – бірегей қазақстандық бренд»

TruNomad – бие сүтінің негізінде күтім жасау косметикасын өндірумен айналысатын өте жас отандық компания. Қымыз – Қазақстаннан тыс шалғай жерлерде емдік қасиеттерімен танымал болған ерекше өнім, бірақ оны мұндай форматта әлі қолданбаған. Қымызды косметикада пайдалану идеясының қалай туғаны және өнімнің қаншалықты сұранысқа ие екені жайды TruNomad брендінің негізін қалаушылардың бірі Карима Ақаевадан сұрап білдік! 


Дайын өнім туралы оқыған кезде оны жасау процесі айтарлықтай қарапайым, жылдам әрі жөнге салынған сияқты болып көрінеді. Шын мәнісінде, әрине, олай емес. TruNomad компаниясының негізін қалаушылар мен қызметкерлер осы дәрежеге жету үшін көп күш пен энергия жұмсауына тура келді. Ойлап көріңізші: алдымен TruNomad компаниясында концепт дайындалады, атап айтқанда – желіден дәл қандай құралдарды көреді, бұл құралдар қандай міндеттерді орындауы тиіс, негізгі ингредиенттері қандай. Ұнаған құралдардың құрамын талдаудан өткізіп, бәсекелестерге талдау жасайды. Осы кезеңде қаптама және баға белгілеу жайлы ойластырады.

 

Осыдан соң технолог гипотетикалық рецепттерді дайындап, оларға сай жеткізушіні іздеу және шикізат үлгілеріне тапсырыс басталады. Технолог үлгілерді алған соң жоспарланған рецепттер бойынша жұмысты бастайды. Әртүрлі консерванттар, текстура, эфир майлары сынақтан өтеді. Ақырында технолог қолға арналған иісмайдың ғана шамамен 20 үлгісін дайындайды!

 

Рецепттер бекітілгеннен кейін TruNomad өнімі тәуелсіз зертханада сертификаттаудан өтеді және бүгінгі күні Еуразиялық экономикалық одақтың стандарттарына сәйкестік декларациясына ие. Шынайы жағдайда даярлық процесі осылай жүреді. Бірақ басқа да қызықты сәттер баршылық, ол туралы брендтің негізін қалаушылардың бірі Карима Ақаевадан тікелей сұрауды жөн көрдік.


Биенің сүтін пайдалану идеясы қалай туындады?

Биенің сүті – құнды құрамы бар біздің жергілікті өнім. Ол жоғары биологиялық құндылыққа ие. Косметикада пайдалану тұрғысынан да, халықаралық нарықтағы ұсыныстың бірегейлігі тұрғысынан да бие сүтінен үлкен әлеуетті байқадық. Бие сүті негізінде жасалған косметика теріні терең қанықтырады және пайдалы заттармен қоректендіреді, ол қауіпсіз әрі отбасының барлық мүшесіне сай келеді.


TruNomad («Нағыз көшпенді» – Ред. еск.) косметикасы бренді бір жылдан астам уақыт бұрын пайда болды. Өнім пайда әкеліп жатыр ма? Ол үшін аз дегенде үш жыл керек деп жатыр.

Иә, бәрі дұрыс, TruNomad компаниясын ашқанымызға бір жылдан сәл асты. Бір жыл бойы иісмайлар рецептураларын дайындаумен және тестілеумен, сертификаттаумен, сай келетін қаптаманы таңдау және дизайнмен, стратегияны бекітумен және серіктестер іздеумен айналыстық. Сатуды бес ай бұрын ғана, осы жылдың наурызында аштық. Қазір жаңа иісмайлар дайындауға, жабдықтар сатып алуға, маркетингке қаражат салып жатырмыз. Бір жыл ішінде пайда көре бастаймыз деп сенеміз.


Осындай ерекше өніммен нарыққа кіру қиын болды ма? Алғашқы сатып алушылар оған қандай көзқараста болды?

Бізге қолдау көрсеткен алғашқы сатып алушыларымызға алғыс айтамыз! Өнім Қазақстанда, сол сияқты Гонконгта қызығушылық тудырды, онда жақында жәрмеңкеде болып қайтқан едік.


Жәрмеңке жайлы айтып кетсеңіз. Косметиканың құрамына таңқалғандар болды ма?

Косметика құрамы сатып алушыларды таңқалдырды, өйткені бие сүті – шетелдіктер үшін мүлдем жаңа өнім. Дегенмен біздің косметика үлкен қызығушылық тудырды және жәрмеңкеге келушілердің кейбірі бие сүтінің пайдасы туралы және жалпы Қазақстан туралы көбірек білгісі келді. Жақын арада біз Гонконгта тағы бір жәрмеңке өткіземіз. Сондай-ақ біз онда құрамында бие сүті бар барлық топтаманы сатып алуға болатын веб-сайтты іске қостық. Біз TruNomad бренді біздің елімізді халықаралық деңгейде лайықты түрде танытқанын қалаймыз!


Тұрақты клиенттер бар ма?

Иә, тұрақты клиенттер тобы қалыптасты. Әрине, ол әзірше шағын, бірақ адамдар өнімімізге жай қызығып, пайдаланып көріп қана қоймай, бізбен бірге қалғаны біз үшін құнды. Бұл сапалы косметика шығаратынымыздан хабар береді.


Табиғи косметика жылдам бүлінеді, дайын өнімді сатып үлгересіздер ме?

Біздің косметиканың жарамдылық мерзімі – өндірілген сәттен бастап бір жыл және қаптаманы ашқаннан кейін үш ай. Әрине, бұл үш жыл сақтау мерзімі бар косметиканы сатудан гөрі қиынырақ. Біз бірден үлкен көлемді шығара алмаймыз, сондықтан бұл біздің өнімдеріміздің соңғы құнына әсер етеді.


Косметика Қазақстанда өндіріле ме?

Иә, TruNomad – толығымен Қазақстанда өндірілетін отандық өнім.


Этикеткалардағы жазбалар ағылшын тілінде де берілгенін байқадық. Шетелге жеткізу жоспарда бар ма? Әлде ұсыныстар түсіп жатыр ма?

О бастан экспорттық әлеуетке ие өнім жасауды жоспарлаған едік және бірден этикетканы ағылшын тілінде жасадық. Халықаралық нарықтар ішінде косметиканы әзірше Гонконгта ғана сатып жатырмыз, бірақ алдағы уақытқа жоспарымыз көп.


Осындай жас компанияның карантинге тқтеп беріп, өнімді тоқтатпауына қалай қол жеткіздіңіздер?

Негізінде, брендімізді іске қосуды қанша уақыт жоспарласақ та, жұмыс барысында-ақ көптеген  мәселелер пайда болды. Әрине, карантин де әсер етті – мысалы, ингредиенттер мен арнайы контейнерлерді жеткізу кешікті.


Жақын болашаққа TruNomad нені жоспарлайды?

Өнімдерімізді ұнататын сатып алушылар табиғи, сапалы және қауіпсіз жаңа құралдарды қолдана алуы үшін жаңа жабдықтар сатып алуды және желіні кеңейтуді жоспарлап отырмыз.

Өтінім сәтті жіберілді
Сіздің сұрағыңыз сарапшыға жіберілді
Сіздің бизнес карточкаңыз модерацияға жіберілді. Тексеруден кейін поштаңызға хабарлама келеді.
Түсінікті
Ваша карточка бизнеса отправлена на модерацию. После проверки Вы получите уведомление на почту.
Түсінікті
Сіздің өтініміңіз модерацияға жіберілді және модератор тексергеннен кейін белсенді болады. Ол туралы поштаңызға хабарлама келеді
Сіздің өтініміңіз модерацияға жіберілді, модератор тексергеннен кейін деректер жаңартылады. Ол туралы поштаңызға хабарлама келеді
Captcha қателігі. Парақшаны қайта жүктеп, әрекетті қайталап көріңіз