Гульмира Пармышева: «Менің ұстанымым: неғұрлым көбірек сатсаң, соғұрлым көбірек көмегің тиеді»

Қарапайым қазақстандық әйел қалыпты баланың да, даму ерекшеліктері бар баланың да тілін шығаруға арналған арнайы жаттықтырғыштарды жасап шығарды. Бұл жобаның бірегейлі болуының тағы бір сыры – ол өнімді ерекше адамдар жасайтындығы. Белгілі бір баланың мәселесін шешу қалайша тұтас бір өмір философиясына айналып кетті? Осы туралы және басқа да көптеген мәселелер жайында біз «Kishkentai» жобасын жасаушы Гульмира Пармышевамен әңгімелестік.


Гульмира, сіз өз балаңызға арнап алғашқы дамытқыш жиынтықты жасап шығардыңыз. Кішкентай іс қалайша үлкен шаруаға ұласып кетті?


Мен расымен де үш жыл бұрын жеке мәселемен – баламның сөйлеу қабілетінің бұзылуымен  бетпе-бет келдім. Сол кезде үйде отырып дамытқыш алғашқы ойыншықтарды жасадым. Бір жыл үйде жұмыс істедім де, содан кейін ҮЕҰ құрдым. Қоғамдық жұмыс аясында біз дамытқыш жиынтықтарды тегін тараттық. Міндет ата-аналарға сөйлеуді уақытылы бастатуға немесе түзетуге көмектесу болды. Осылайша «Kishkentai» пайда болды. Біздің әлеуметтік бизнеске айналғанымызға бір жыл ғана болды.


Қазір мен үшін және нарық үшін бұл Қазақстанда және жақын жатқан шетелдерде баламасы жоқ, мектеп жасына дейінгі балаларға арналған бірегей өнім. Мен үшін ана нұсқаулықты оқып шығып, үй жағдайында пайдалана алатын,  қолжетімді өнімді жасап шығару өте маңызды.


Үш жыл жұмыс істегеннен кейін қолымызда ұсақ моториканы дамытатын, тыныс алу гимнастикасына және артикуляциялық гимнастикаға арналған жаттығуларға бағытталған, сенсорлық элементтері бар 12 жаттықтырғыш отыр. Олардың әрқайсысын біз жарты жыл бойы сынақтан өткіздік. Жақын арада тағы сегіз жаттықтырғышты іске қосамыз. Түзету жұмыстарының ерекшеліктерін жақсырақ түсініп, классикалық логопедия мен дефектологияда қабылданғандардан бөлек жаңа түзету элементтерін қолдана білу үшін өзім сенсорлық терапевт болдым. Израильде, Америкада, Еуропада қолданылып жүрген тәжірибелер жайында айтып отырмын.


Нұсқаулықтар ұзақ па?


Жоқ. Олар 9 жастағы балаға түсінікті болып келеді және екі тілде жазылған. Біз тіпті бала жаттығуды орындау кезінде өзін қалай сезінуі тиіс екендігін де сипаттауға тырыстық. Оның қалыпты нәресте немесе ерекше қажеттіліктері бар нәресте екендігі маңызды емес. Маңызды міндет - балалардың даму процесіне ата-аналарды тарту. Біз бірте-бірте өз мақсатымызға келе жатырмыз.


Сіз ата-аналарды тарту жайында айтып отырсыз, алайда әңгіме үйдегі сабақ жайында болып отыр емес пе. «Kishkentai» жобасының жұмысынан келетін тиімділікті қалай бағалайсыз?


Бір жыл, біз негізінен жаттықтырғыштарды сынақтан өткіздік. Сондықтан тікелей өндірудің екі жылы туралы айтып отырмын. Осы уақыт ішінде біз 10 мың балаға қол ұшын бере алдық. Қалай санадық? Бүгінгі таңда біз ата-аналарға арнап жасаған өнімге мамандар арасында да сұраныс бар. Бізге түзету орталықтары мен даму орталықтарының жүгінуі де жиілеуде. Яғни, біз оларды қамтамасыз етеміз де, балалардың динамикасын қадағалаймыз, олардың 30-40% сөйлеп кетті. Бұл жерде көп нәрсе ата-аналар мен тәрбиешілердің өзіндік тәртібіне байланысты.


Гульмира, ал сіздің командаңызда кім жұмыс істейді? Мұндай жаттықтырғыштарды жасау көп еңбекті талап ететін қол жұмысы емес пе.


Мұның барлығын ерекше қажеттіліктері бар жастар жасайды. Біздің қызметкерлеріміздің 70%-ы - есту, сөйлеу қабілеті бұзылған адамдар, аутисттер, 2-3 топтағы мүгедектер. Олардың өздері осы жаттықтырғыштарды пайдаланады. Мен үшін қызметкерлерімнің жұмысқа тұрып қана қоймай, өз ата-аналарына көмектесіп жатқандығы өте маңызды.


Аутизмге шалдыққан адамдармен бірлесіп әрекет ету қиын деген таптаурын бар.


Олар ең керемет мамандар. Олар көп еңбекті талап ететін жұмысты жақсы көреді. Бірде-бір қалыпты адам жиынтықтарды бұлай жинап, желімдемейді. Олар перфекционисттер, сағаттап отырып жаттықтырғыштарды жинай алады. Мен үшін бұл маңызды.


Біз сонымен қатар «Дом» ҚҚ «Аутизмді жеңуге болады» жобасының 16 баласын оқытып-үйретіп жатырмыз. Бұл жобамызды дамытудың мүлдем жаңа кезеңі. Мұндай балалар үшін қарым-қатынас маңызды. Біз оларды сату жөніндегі менеджерлер ретінде оқытамыз. Олардың аналары - өте қайратты әйелдер. Бір-екі жыл өткеннен кейін балалар тамаша сатушылар болып шыға келеді. Олардың бізде жұмыс істеу міндетті емес, біз жалпы сатылымдар жайында айтамыз. Мен үшін ерекше адамдарға тек жұмыс қолы ретінде ғана қарамаған маңызды. Бұл әрқашан қолдан артық.


Бүгінде «Kishkentai» - әлеуметтік жоба ма, әлде қалай болғанда да бизнес пе?


Бүгінгі таңда бұл әлеуметтік бизнес. Мен басты мәселені - ата-ананың өз баласының даму ерекшеліктерін түзету үшін білім мен қажетті жабдықтарға қол жеткізуі мәселесін шешетін әлеуметтік кәсіпкермін. Біздің жаттықтырғыштар бойынша орташа чек 15 мың теңгені құрайды. Бұл мамандармен өткізілетін үш сабақ, бұл қазіргі өлшем бойынша арзан. Үш жыл бұрын күйеуіміз екеуміз бір айға 200 мың теңге жұмсаған кезімізде, біз қуанып, өз-өзімізге демалыс жариялаған болатынбыз. Өйткені, баламызға жұмсаған айлық шығындар чегі әртүрлі болып, миллион теңгеге дейін жеткен күндері де болды. Сата алғанымыздың бәрін саттық, несиелер алдық. Мен: Көбіне-көп  тіпті мамандары да жоқ аймақтардағы ата-аналар осы мәселені қалай шешеді екен?-деп жиі ойлаймын.


Мұндай жиынтықтар ауылдық жерлерде өте пайдалы болар еді.


Бізде өзіміз жиі жаңартып отыратын wait list бар. Бізден аналар, соның ішінде ерекше қажеттіліктері бар бірнеше балалы өңірлерден аналар көмек сұрап жатады. Біз оларға жаттықтырғыштарымызды тегін бере отырып көмектесеміз. Жаңа жылға 119 сыйлық жасадық, олардың 80-ге жуығы менің достарым мен таныстарымнан болды. Жаттықтырғыштарымызды Аружан Саин қорының ата-аналарына жиі сыйлаймыз. Маған оларға онсыз да көмектесіп жатыр-мыс деп ұрысады. Алайда мен бұл аналар тәртіпке көнген, сондықтан нәтижеге қол жеткізеді деп айтамын. Мен үшін бұл өте маңызды. Өңір-өңірге аз қамтылған балаларға ойыншықтар жіберіп, алайда олар мақсатына сай пайдаланылмай қалған кезім де болды.


Мен ананың айналысамын деген ниетін көрсем - көмектесуге дайынмын. Ниет - аса маңызды көрсеткіш. Тыныс алу гимнастикасы үшін күніне бар болғаны 15-17 минут қажет. Ал егер 15 минуттан үш рет болса ше? Бұл академиялық сағат. Нәтиже де болады. Менің қазіргі мақсатым - балалардың дамуы процесіне мүмкіндігінше көп ата-ананы тарту. Әсіресе ерекшеліктері бар балалар болса. Мен қалпына келуі 100%-ға сәтті болған ондаған мысалдарды көрдім, соның ішінде аутисттер де болды.


Өтінім сәтті жіберілді
Сіздің сұрағыңыз сарапшыға жіберілді
Сіздің бизнес карточкаңыз модерацияға жіберілді. Тексеруден кейін поштаңызға хабарлама келеді.
Түсінікті
Ваша карточка бизнеса отправлена на модерацию. После проверки Вы получите уведомление на почту.
Түсінікті
Сіздің өтініміңіз модерацияға жіберілді және модератор тексергеннен кейін белсенді болады. Ол туралы поштаңызға хабарлама келеді
Сіздің өтініміңіз модерацияға жіберілді, модератор тексергеннен кейін деректер жаңартылады. Ол туралы поштаңызға хабарлама келеді
Captcha қателігі. Парақшаны қайта жүктеп, әрекетті қайталап көріңіз